Балалар көздеріңді жұмып, манағы жұлдызымызды қайтадан орнына қояйық

Сабақтың тақырыбы: «Сенің отбасың»

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларға отбасы ұғымын түсіндіру; әр отбасы мүшесінің отбасындағы орнын таныту; отбасындағы қамқорлықпен қатар баланың да еңбекке араласуы, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауы, әдепті сөз айтып, өнегелі іс атқаруы керектігін үйрету.
  2. 2 Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға жағдай жасау; адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын ұғындыру.
  3. 3 Өзара сыйластыққа, бір-біріне қамқор болуға, үлкенді құрметтеп, кішіні ізеттеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі

Көрнекі құралдар
ЭО, карта
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік, талдау

Сабақ барысы

Психологиялық тренинг: «Өз жұлдызыңды тап»

Жайланып отырамыз. Үш рет терең дем алып, үш рет дем шығарамыз. (Баяу әуен ойнап тұрады.)

Енді көз алдарыңа жұлдызды аспанды елестетіңдер. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және көмескі болып көрінеді. Біреулеріңе бірнеше жұлдыз ғана байқалса, енді біреулеріңе сансыз жарық нүктелер біресе жақындап, біресе алыстап тұрғандай сезіледі.

Сол жұлдыздардың ішінен өзіңе ең көріктісін таңда. Мүмкін, ол сенің арманыңды еске салатын шығар. Әлде бақытты, қуанышты, шабытқа толы балалық шағыңды есіңе түсірді ме?

Енді сол жұлдызға тағы бір қарап, оны ұстап көруге тырыс. Бар күшіңді сал. Сен міндетті түрде қолыңнан келтіресің. Жұлдызыңды ақырын ұстап алып, алдыңа қой. Жақсылап қарап, оның қандай екенін есте сақтап қал.

Енді ақырындап көздеріңді ашыңдар. Бүгін біз таңдаған жұлдыздар шуағын шашып, достығымызды нығайта берсін. Олар білім жолында сендерге әрдайым күш-қуат берсін.

I. Индуктор: «Әліппені еске түсірейік»

Балалар, қазір біз «Әліппені» еске түсіреміз. Ол үшін маған сендердің көмектерің керек. Мұқият тыңдап, сұраққа жауап беріңдер.

Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші —
Ал осының сыры неде, түсінші?

А деген — аналар ғой ардақты,
Ә деген — әкелер ғой салмақты.
Б деген — балалар ғой әдемі,
Алшақ кетпей, сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.

Талқылау: Неліктен «А—Ә—Б» әріптері отбасы мүшелерімен байланыстырылған?

II. Жеке құрастыру: «Туыстық атаулар»

Енді сендер тағы қандай туыстық атауларды білесіңдер? (Оқушылар айтқан сөздерді тақтаға іліп отырамыз.)

Отбасы ана әке әже ата аға апа қарындас іні сіңлі

Сұрақ: Осы сөздердің бәрін бір сөзбен қалай айтамыз? Отбасы

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбы — отбасы.

III. Әлеуметтік құрастыру: «Отбасы мүшелерінің қызметі»

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа сөздер жазылған карточкалар таратылады. Тапсырма: берілген отбасы мүшелерінің отбасындағы қызметтері мен жауапкершіліктерін атаңдар.

1-топ

Ата, әже

2-топ

Ана, әке

3-топ

Апа, аға

4-топ

Іні, қарындас, сіңлі

Картамен жұмыс

Қазақстан картасына қараймыз:

  • Бұл қандай мемлекет?
  • Мемлекетті кім басқарады?
  • Ел басшысының қызметі қандай?

Қорытынды: Егер мемлекетте басшы болса, отбасында да отағасы бар. Біздің отбасымызды басқаратын отағасы — әке.

Салыстыру және мақал құрастыру

Берілген сөздерді пайдаланып, мақал құрастырайық:

ошақ от бала нан қала алды талап баспалдақ

Отан — отбасынан басталады.

Талқылау: Отбасы — шағын мемлекет. Әркімнің өз орны, өз міндеті, өз жауапкершілігі бар.

Сыныптық байланыс

Біздің сыныпта неше оқушы бар? Әр оқушының өз отбасы бар. Ендеше біз бір-бірімізге кім боламыз? — Отандастар.

IV. Үзіліс және педагогикалық жағдаят

Жағдаят

Әжесі үйге келгенде Сәуле: «Әже, сен маған не әкелдің?» — деп сұрайды. Ал Асқар әжесінің алдынан шығып, сырт киімін шешуге көмектесіп: «Әже, денсаулығыңыз қалай?» — деп сұрайды.

Сұрақ

Қай оқушының әрекеті дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?

  • Сыйластық пен ілтипат
  • Қамқорлық пен көмектесу
  • Әдепті сөз, ізетті қарым-қатынас

V. Рефлексия және қорытынды

ЭО оқулықпен жұмыс және «Хат оқу»

ЭО оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

Бірінші сынып оқушысы Маржаннан хат келді. Хатта ол өз отбасы туралы әңгімелейді. Енді сендер де өз отбасыларың туралы қысқаша айтып беріңдер. (Үш оқушы сөйлейді.)

Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Отбасы.

Отбасында қарым-қатынас қандай болуы керек?

Сыйластыққа, қамқорлыққа, жауапкершілікке негізделуі керек.

Өзіңе қандай міндет аласың?

Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, көмектесу.

Жаттығуды аяқтау: «Жұлдызды орнына қояйық»

Көздеріңді жұмып, әлгі жұлдызымызды қайтадан орнына қояйық. Бір, екі, үш. Енді көздеріңді ашып, мұқият тыңдаңдар: бүгінгі сабақта белсенділік танытып, көмектескендерің үшін рақмет! Бағалау жүргізіледі.