Көк түсті Балбөбек тобының бағасы

Іс-шара туралы

Өтетін орны

Ауылдық спорт алаңы. Алаң мерекеге сай безендірілген: жалаушалар, шарлар және кубиктер.

Мақсаты

  • Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатып, балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
  • Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан. Орман, көлге, шыңға біз Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.

Құрметті қонақтар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері! Бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер. Ойынды бастамас бұрын, әділқазылар алқасын сайлап алайық. Ең жоғары баға — 5 балл. Әділқазылар құрамымен танысқан соң, сайысқа қатысатын отбасылық топтарды ортаға шақырамыз.

Қатысушылар

1-топ

Көк

«Балбөбек» тобы

2-топ

Қызыл

«Балауса» тобы

3-топ

Ақ

«Балдырған» тобы

Топтарымыз ортаға шақырылды. Енді топ басшылары өз топтарын жеке-жеке таныстырып өтеді. Таныстырылым аяқталған соң, сайыс кезеңдерін бастаймыз.

Сайыс кезеңдері

I. Эстафета

Жылдамдық

Ойын шарты: әкелер балаларын мойындарына мінгізіп, жалаушалардың арасымен жылдам жүгіріп жарысады.

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

II. Көңілді секіртпе

Шапшаңдық

Ойын шарты: аналар секіртпемен жалаушалардың арасымен жүгіріп жарысады. 1–2–3, алға!

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

III. Жұптасу

Бірлік

Ойын шарты: әкелер мен аналар қол ұстасып, балаларын қолдарына отырғызып, жалаушалардың арасымен жарысады. 1–2–3, алға!

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

IV. Кенгуру

Ептілік

Ойын шарты: қатысушылар қапты аяқтарына киіп, жалаушалардың арасымен секіріп жарысады. Алға!

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

V. Теннис

Тепе-теңдік

Ойын шарты: теннис қалақшасымен допты жалаушалардың арасымен түсірмей алып жүру. Алға!

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

VI. Велосипед

Шеберлік

Ойын шарты: әкелер балаларын велосипедке отырғызып, жалаушалардың арасымен жарысады. 1–2–3, алға!

Әділқазылар бағасы: көк — «Балбөбек», қызыл — «Балауса», ақ — «Балдырған».

Үзіліс және қорытынды

Әділқазылар алқасы ақылдасып, бір шешімге келгенше, ән шашуымызды қабыл алыңыздар!

Ән

«Мектебім»

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әділқазылар алқасына беріледі.