Біздің жауқазын гүліміз қайда

БҚО, Орал қаласы

№35 «Шұғыла» бөбекжайы

Музыка жетекшісі: Бирмұханбетова Анаргүл Нариманқызы

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

«Жауқазын гүлі» — Наурыз мерекесінің нышаны.

Мақсаты

Балалардың Наурыз мерекесі туралы түсінігін кеңейту, білімін тереңдету және халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіру.

Өтетін орны

Саз залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күймен, сазды әуен ырғағымен топ балалары залға кіреді.

Кіріспе көрініс

Өлең шумақтары

1-бала

Армысыңдар, ағайын,
Бармысыңдар, ағайын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын!

2-бала

Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.

3-бала

Басталды міне тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз.
Наурыз бақыт әкелсін,
Тойға ұлассын тойымыз.

Ән

«Наурыз»

Жүргізуші сөзі

Міне, көктем келді. Жер құлпырып, көгерді. Дала қысқы ұйқыдан оянып, бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.

Би

«Жауқазын»

Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара Дауыл ұрлап әкетеді.

Түйінді оқиға: Жауқазынның жоғалуы

Жауқазындар абдырап қалады: «Біздің жауқазын гүліміз қайда? Қара Дауыл мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара Дауылдан құтқарады?»

Ортаға батырлар шығады

  • Ер Төстік: «Мен Ер Төстікпін — ең батыл батырмын!»
  • Тазша бала: «Мен Тазша баламын — ең айлакермін!»
  • Желаяқ: «Мен Желаяқпын — ең шапшаңмын!»
  • Саққұлақ: «Мен Саққұлақпын — жердің асты-үстіндегі бәрін естимін!»
  • Таусоғар: «Мен Таусоғармын — тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!»

Бәрі бірге: «Біз жігіттер — ең тапқырмыз!»

Ақылдасу

Батырлар жартылай шеңбер жасап, малдас құрып отырады. Ер Төстік: «Әрқайсымыздың өз міндетіміз бар. Қиындықты жеңуге дайынбыз ба?»

Батырлар: «Иә, дайынбыз!»

Ер Төстік: «Қаратаудың бойымен жүрейік. Жолда данагөй Жамал әжені кездестіруіміз мүмкін — бәлкім, көмектесер.»

Батырлар: «Аттанайық!»

Жол үстіндегі жыр

Жүргізуші батырлар Жамал әжеге жеткенше, мерекелік көңілді сақтап, ән айтып, жыр арнауға шақырады.

4-бала

Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.

5-бала

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке-ырыс сыйлашы.

6-бала

Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

Данагөй Жамал әженің батасы

Батырлар Жамал әжені кездестіріп, амандасады. Тазша бала жағдайды баяндайды: «Жамал әже, біздің мерекеміздің рәмізін Қара Дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Қандай ақыл бересіз?»

Жамал әже құмалақ ашып: «Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын. Гүлдерің аман-сау, бірақ оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Еңселерің түспесін. Мына ғажайып түйір жіпті алыңдар — ол сендерге жол көрсетеді», — дейді.

Батырлар: «Рахмет, әже! Аттанайық!»

Көрініс ауысымы

Жүргізуші ұлттық өнерді дәріптеп, домбыра ойынын бастайды.

Ойын: «Домбыра»

Сынақ 1: Мыстан кемпірдің жұмбақтары

Бірнеше күн, бірнеше түн жүріп, батырлар жолда ошақ басында отырған Мыстан кемпірге тап болады. Ол домалап келе жатқан ғажайып түйір жіпті қағып алып, тығып тастайды.

Мыстан: «Сендер мұнда неғып жүрсіңдер?»
Саққұлақ: «Қара Дауыл патшалығын іздеп келеміз. Ғажайып түйір жібімізді қайтарыңыз!»

Мыстанның шарты

«Жұмбақтарымды шешсеңдер ғана ойланып көремін», — дейді.

Жұмбақтар

  1. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй)
  2. Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра)
  3. Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. (Ұршық)

Мыстан олардың тапқырлығына тәнті болғанымен, түйір жіпті бергісі келмейді. Сонда жүргізуші балалардың өлең-жыры жүректі жібітетінін айтады.

7-бала

Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

Ән

«Наурыз»

Мыстан: «Қандай тамаша ән! Жүрегім жылыды. Міне, түйір жіптеріңді алыңдар. Жолдарың болсын!» — деп, ғажайып жіпті қайтарады.

Сынақ 2: Айдаһардың құдығы

Ұзақ жолдан шаршап, шөлдеген батырлар Айдаһарға жолығады. Ол өз құдығынан су ішкізгісі келмейді.

Таусоғар: «Айдаһар, құдығыңнан су ішуге бола ма?»
Айдаһар: «Әрине, болмайды! Бұл құдықтан бір тамшы да татпайсыңдар!»

Шешім: ойын арқылы келісім

Ер Төстік: «Бізбен бірге ойын ойнауға келісесің бе?»
Жүргізуші: «Қазір көрсетеміз. Ойынымыздың аты — Қыз қуу

Ойын: «Қыз қуу»

Айдаһар: «Көңілімді көтердіңдер. Жарайды, құдығымнан су ішіңдер», — деп, су береді.

Өнер көрінісі

Жүргізуші көрерменді қазақ биімен қуантады.

Би: «Жігіттер биі»

Шешуші сәт: Қара Дауылмен шайқас

Батырлар жолда шаршап құлап, ұйқыға кетеді. Бір мезетте жауқазынның жұпар иісі сезіледі.

Тазша бала: «Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сезесіңдер ме? Бірақ гүліміз әлі Қара Дауылдың қолында…»

Осы сәтте Қара Дауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіске жетіп, Қара Дауыл құлайды.

Диалог

Батырлар: «Қайда біздің жауқазын?»
Қара Дауыл: «Айтамын… тек мені жіберіңдерші.»
Ер Төстік: «Жібереміз, егер зұлымдықты қойсаң.»
Қара Дауыл: «Қоямын. Кешіріңдер. Мен жалғыз едім, қара үңгірім қараңғы болды. Жауқазын көңілімді көтерер деп ойладым. Қатемді түсіндім — гүлді қайтарамын.»

Қара Дауыл жауқазынды алып келеді. Жақсылық зұлымдықты жеңеді.

Ән

«Жауқазын»

Би

«Наурыз»

Батырлардың қуанышы

«Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!»

Дәстүр жалғасы: Айтыс және ақ дастархан

Жүргізуші: «Бауырласқа тәнтіміз, бұзылмаған салтымыз. Кең даламның ежелгі — қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де бар дәстүр мен салтымыз. Ендеше, қыз бен жігіт айтысын тамашалайық.»

Айтыс

Көрініс: қыз бен жігіт айтысы.

Наурыз көже туралы

«Наурыз көже — тағамның ең үлкені. Жадыратып, жаныңды семіртеді. Дәм татыңыз, ағайын, бұрыл бері, дастарханынан Наурыздың дәл бүгінгі», — деп, ертеңгіліктің соңында барша жұрт дәм татуға шақырылады.

Қорытынды ән

«Наурыз»

Соңы.