Сөйлемдерді ауызша толтыр
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
Қарағұлин көшесі, 18
№6 орта мектеп (ММ)
Бастауыш сынып мұғалімі: Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы
Сабақтың мақсаты
- Зат есім туралы білімді жетілдіру.
- Сөйлем ішінен зат есімді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
- Оқушылардың тілін және сөздік қорын дамыту.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар
Көрнекілігі
Слайд, Венн диаграммасы, тест тапсырмалары, сұрақ-жауап материалдары.
Пәндік байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Амандасу.
- 2 Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу: мақал-мәтелдерді оқыту, талқылау.
3) Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс
1-тапсырма: сөйлемдерді ауызша толықтыр
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар ... деп аталады.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдер ... деп аталады.
Еске түсіру
- Зат есімнің жекеше түрі: ... сұрақтарына жауап береді.
- Зат есімнің көпше түрі: ... сұрақтарына жауап береді.
- Көптік жалғаулар: ...
2-тапсырма: 1-жаттығу
Сөздерді оқып, берілген зат есімдерді теріп жаз. Әр зат есімге сұрақ қой.
Зат есімдер: орман, ..., ..., ...
3-тапсырма: топтастыру
Жалқы және жалпы есімдерді, жекеше және көпше түрлерін ажырат.
| Жалқы есім | Жалпы есім |
|---|---|
| Қалибек | қала |
| — | қалалар |
4) 2-жаттығу
Сөздерді үлгі бойынша кестеге жаз.
Сергіту минуты
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді сергіту.
Дамытушылық тапсырма: «Кім көп біледі?»
Ұлттық тағам атауларынан бірнеше жаңа сөз құрап жаз: ірімшік, бешбармақ, бауырсақ.
1-топ: «ірімшік»
Мысал: ірі, іш, ...
2-топ: «бешбармақ»
Мысал: бар, арба, ...
3-топ: «бауырсақ»
Мысал: бау, бар, бас, ...
5) 3-жаттығу
Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.
6) 4-жаттығу
Ребусты шеш.
Жауабы
Ақтау
Жауабы
Орал
Қорытынды: тест жұмысы
Берілген тапсырмаларды орындап, дұрыс жауапты таңда.
1. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
- A) зат есім
- Ә) сын есім
- Б) сан есім
- В) етістік
2. Заттың атын білдіретін сөздерді тап.
- A) қызыл, жасыл
- Ә) Майра, доп
- Б) он жеті, екі
3. «Кім?» сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап.
- A) Қар жауды
- Ә) Арайлым әдемі
- Б) Машина жүрді
4. «Қыз, доп, әке» сөздеріне қандай сұрақ қоюға болады?
- A) қандай?, қай?
- Ә) кімдер?, нелер?
- Б) кім?, не?
5. «Кімдер? Нелер?» сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.
- A) құстар, үйлер, аталар
- Ә) алды, ақ, келді
- Б) үстел, гүл, кімдер
Нәтижені талдау: дұрыс жауаптарды бірге тексеріп, әр сұрақ бойынша қысқаша түсіндірме беру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушы зат есімді сөйлем ішінен таба алады және дұрыс сұрақ қояды.
- Жалқы/жалпы, жекеше/көпше түрлерін ажыратады.
- Сауатты жазу дағдысы мен сөздік қоры біртіндеп дамиды.