Құрметті ата - аналар, Арайлы Алтын күз атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары

«Арайлы Алтын күз» мерекелік ертеңгілігінің сценарийі

Бұл мәтін — балалар мен ата-аналарды біріктіріп, күз мезгілінің көркемдігін, еңбектің қадірін және денсаулыққа пайдалы тағамдардың маңызын насихаттайтын сахналық қойылым.

Кіріспе сөз (Жүргізуші)

Құрметті ата-аналар және «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қадірлі қонақтары! Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы арайлы күз отбасыларыңызға береке, құт-ырыс әкелсін!

Уа, халайық, дархан далам — табиғатым,
Жаны жайсаң, тал мүсін арумысың.
Алтын күзім, жарқын күзім келіпті,
Алмақ болып бар халқымның алғысын!

Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Күннің келуі

Сахналық нұсқау: Көңілді әуенмен ортаға Күн шығады.

Күн

Көк аспанда жарқырап,
Әлемге шуақ шашатын —
Арайлап атқан Күнмін!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар

Сәлеметсіз бе!

Күн

Берекелі мерекелеріңіз құтты болсын! Елімізде молшылық болсын!
Мерекені тойлап жатқандарыңды естіп, келіп қалдым. Мен жалғыз келген жоқпын — өзіммен бірге Қыркүйек, Қазан, Қараша атты балаларымды да ала келдім!

Қыркүйек (Құндыз)

Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Сыңғырлайды қоңыраулар —
Қыркүйек айында.
Сағынышпен біз барамыз
Өнер-білім тойына.

Қазан (Қасымхан)

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Қараша (Ақниет)

Қараша айы жасай бер —
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген
Он екі айдың төресі.

Жүргізуші: Шуағын шашқан, арайлап атқан ардақты Күн! Жоғары шығып, төрлетіңіз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

I бөлім: «Көкөністер таласы» (сахналық көрініс)

Қатысушылар: Жуа, Қызанақ, Қияр, Қызылша, Сәбіз, Капуста, Картоп.

Жүргізуші: Қияр менен қызанақ
Жанжалдасып бір күні,
Көкөністер арасында
Тудырыпты күңкілді.

Көкөністер: Арамызда біздің ең қадірлі кім?
Адамзатқа пайдалы, қажеттіміз кім?

Жуа

Арамызда, достарым,
Жасыл түсті баламын.
Айтқаным егер болмаса,
Жылатып өшті аламын.

Капуста

Маған да сөз берсеңші,
Борщ менен жасалар.
Адамзатқа пайдалы —
Еңбегім бар ақ адал.

Қияр

Мен қиярмын, қиярмын,
Мақтанбай қалай тұрармын?
Сендерден бұрын мен пісіп,
Дастарқанға тұрармын.

Қызылша

Мен әдемі қызылшамын,
Қабыл ал менің сәлемім.
Мақтанбай-ақ біледі
Мені бүкіл әлемің.

Сәбіз

Дәруменнің өзімін,
Адамзатқа пайдам көп.
Мен кәдімгі сәбізбін —
Бәріңнен де пайдам көп!

Қызанақ

Көп сөйлеме, сәбіз, сен,
Тоқтасаңшы азырақ.
Мен тұрғанда мақтанба —
Бұл мен, көкең, қызанақ!

Картоп

Таласпаймын ешкіммен,
Өз орнымды білемін.
Өйткені мен картоппын —
Керегім белгілі өзінен.

Жүргізуші: Тоқтатайық таласты — керегі не жанжалдың?
Адамзатқа пайдалы: бәрің де қажетсіңдер!

Сахналық нұсқау: Есік қағылып, дәрігер Айболит кіреді.

Көкөністер

Сәлематсыз ба, дәрігер Айболит!

Айболит

Амансыңдар ма, достарым? Бұл не тартыс, не талас?
Дені сау, күшті болатын баланың сүйіктісі — көкөністер. Орның бөлек, білсеңдер — дара. Бәрің де керексіңдер!

(Ойланып) Осы араларыңда кім науқас?

Жүргізуші: Жоқ, дәрігер Айболит, бәріміз де саумыз!

Айболит: Мүмкін, мен адресті шатастырған шығармын... Көзілдірігім қайда? Мына қағазды оқуым керек.

Жүргізуші: Дұрыс келдіңіз. Сізге бұл шақыруды біздің сынып жіберді. Ертеңгілігіміздің құрметті қонағы болыңыз, Айболит ата!

Айболит: Ой, мен сондай қуаныштымын! Дендерің сау болса — мен де сендермен біргемін.

Ойын сәті: «Кім жылдам?»

Сахналық нұсқау: Музыка ойналып, Саңырауқұлақ ортаға шығады.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә!

Саңырауқұлақ: Мен мерекеге құр келмедім — ойынымды ала келдім. «Кім жылдам?» ойыны: мына шелектерге қай топ жаңғақты көп салса — сол жеңімпаз.

II бөлім: Дәнді дақылдар

Жүргізуші балалармен бірге дәнді дақылдарды еске түсіріп, сахнаға кейіпкерлерді шақырады.

Жүргізуші: Балалар, сендер қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?

Балалар: Бидай, арпа, күріш, сұлы.

Бидай, арпа, тары бар,
Сұлы, күріш — бәрі бар.
Әне жырлап барады —
Әнге құлақ салыңдар!
Ортаға дәнді дақылдарды шақырамыз!

Бидай (Алашахан)

Нан анасы — бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.

Арпа (Альмира)

Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.

Тары (Айгерім)

Ақ, қарамын, сарымын —
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.

Сұлы (Алтынай)

Мен сұлымын, сұлымын,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды
Көтере алмай тұрамын.

Жүргізуші: Қамба толы астыққа — алғыс саған, алтын Күн!
Бір уыс дән шаштық та, қап-қап бидай алдық біз.
Дәнді дақылдар, сендерге де рақмет — төрлетіңдер!

Ойын: «Көкөністер мен жемістер»

Жүргізуші: Арайлап атқан алтын Күн, балаларға арналған қандай өнерің бар?

Күн: Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Көкөністер мен жемістер» деп аталады. Шарты: жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек жинау керек.

Ән: Балалардың орындауында — «Күз жомарт».

III бөлім: Жемістер шеруі

Сахнаға жемістер шығып, күз сыйын таныстырады.

Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз —
Еріксіз өзімізге қаратамыз!

Ортаға жемістерді шақырамыз!

Алма (Құндыз)

Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бар дәмім.
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменнің бірімін.

Алмұрт (Әмина)

Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Дастарқанның сәнімін —
Мені сүйер бүлдіршін.

Шие (Медина)

Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Бау-бақшаның сәнімін,
Өз орнымды білемін.

Жүзім (Ақниет)

Жүзім, жүзім, жүзіммін —
Жемісіңмін күзіңнің.
Мөлдіреген моншақтай,
Сабағыма тізілдім.

Хор: «Күз келгенде» әні.

Ата-аналармен жұмыс және қонақтар ойыны

Көрме

Үй тапсырмасы бойынша ата-аналар мен балалар бірігіп жасаған қолөнер жұмыстарын тамашалаңыздар!

Қонақтармен ойын: «Дәміне қарай ажырат»

Шарты: Қатысушының көзін орамалмен байлап, аузына кез келген жемістің бір тілімін салады. Дәмін татып, қандай жеміс екенін айту керек.

Қорытынды тілек

Бүлдіршіндерге:
Рақмет, балалар, өнерлеріңе!
Уақыт өтпес — тірліксіз,
Бақыт келмес — бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер,
Сабақтарыңды жақсы оқыңдар,
Қыстан аман өтіңдер!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Қуанышпен кештің куәсі болғандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.