Бос тау жынысқа
Мақсаттар
Білімдік
Бос тау жыныстары және олардың маңызы туралы білімнің негізін қалыптастыру.
Дамытушылық
Тапсырмалар арқылы ой-өрісті, есте сақтау қабілетін және зейінді дамыту; өз бетінше қорытынды жасап, еркін сөйлеуге машықтандыру; сын тұрғысынан, қисынды ойлауды жетілдіру.
Тәрбиелік
Табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу; экономикалық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) — 5 минут
Сөз санына қарай 63% кіру рұқсаты белгіленеді: 37 сөз. (ООМ енгізіледі.)
2) Үй тапсырмасын бекіту
Сызбаны толтыру арқылы тақырыпты нақтылау.
III. Жаңа сабақ
3) Тірек сөздерді тақтаға жазу
Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді.
4) Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу
Тақта жабылғаннан кейін оқушылар жаттаған сөздерін 30 секунд ішінде жазады. Егер оқушылардың 63%-ы 7–6 сөз жазса, норматив орындалды деп есептеледі. (ООМ енгізіледі.)
5) Тексеру
Оқушылар жазып болған соң, тақта қайта ашылады да, қалдырған сөздерін толықтырады.
6) Мәтінді өз бетінше оқу
Оқушылар мәтінді іштей оқып, тірек сөздердің мағынасын ашуға дайындалады. Мәтінді мұқият оқу керектігі ескертіледі, өйткені сын тұрғысынан қойылатын сұрақтарда әрбір деталь маңызды.
Оқу уақыты
- 1 бет — 3 минут
- 2 бет — 6 минут
7) Тірек сөздердің мағынасын ашу
Оқушылар тірек сөздерге сүйеніп мәтінді мазмұндайды. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, нәтижесін отырғызу матрицасына енгізеді. (ООМ енгізіледі.)
IV. Жаңа сабақты бекіту
Сын тұрғысынан сұрақтар (ООМ енгізіледі)
Мұғалім тақырып бойынша сұрақ қояды, әдейі қате жауап нұсқасын ұсынады. Формула: үш қате және бір дұрыс жауап. Жауап беруге 3 секунд беріледі.
-
Бос тау жыныстары — құм және саз.
Иә -
Құм суда еритін берік түйіршіктерден тұрады.
ЖоқДұрысы: құм суда ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.
-
Құрғақ құм түйіршіктері бір-бірімен тығыз байланысады.
ЖоқДұрысы: құрғақ құм сусып тұрады, түйіршіктері бір-бірімен байланыспайды.
-
Құм су қоймаларындағы суды ластайды.
ЖоқДұрысы: құм ауыз суды сүзу және тазарту үшін пайдаланылады.
-
Түйіршіктерінің құрамына қарай құмның түсі әртүрлі болады: ақ, қара, сұрғылт, сарғыш.
Иә -
Құмды ас тұзына қосып, үй құрылысына пайдаланады.
ЖоқДұрысы: құмды цементке қосып, құрылысқа пайдаланады.
-
Құмды мәрмәрмен араластырып, кірпіш құяды.
ЖоқДұрысы: кірпішті сазбен байланыстырып дайындайды.
-
Таза саздан әйнек дайындайды.
ЖоқДұрысы: әйнекті таза құмнан дайындайды.
-
Саз үгілген тау жыныстарының ең ұсақ бөлшектерінің суда тұнуынан пайда болады.
Иә -
Саз — өте қатты тау жынысы.
ЖоқДұрысы: саз — өте майда тау жынысы.
-
Саз құрғағанда илеуге келеді.
ЖоқДұрысы: саз құрғағанда тас сияқты қатып қалады.
-
Сазды суға салса, жібімейді.
ЖоқДұрысы: саз суға салынса жібіп, илеуге келеді.
-
Сазға құм араластырып, отқа төзімді бұйымдар, ыдыс-аяқ, құмыралар жасайды.
Иә -
Саздан қалыпқа келтіріп алған заттардың берік болуы үшін оларды суға салады.
ЖоқДұрысы: бұйымды берік ету үшін оны отқа күйдіреді.
-
Шаруашылықта құм мен сазды көп пайдаланбайды.
ЖоқДұрысы: құм мен саз шаруашылықта кеңінен қолданылады.
-
Ермексаз — арнайы май қосылмаған саз.
ЖоқДұрысы: ермексаз — арнайы май қосылған саз.
-
Саз сурет салуға арналған қарындаштың және ермексаздың құрамына кіреді.
Иә
V. Қорытынды: тест тапсырмалары
1) Бос тау жыныстарға не жатады?
- а) құм және цемент
- ә) мұнай, газ
- б) құм және саз
2) Қайсысы суда ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады?
- а) саз
- ә) құм
- б) әктас
3) Өте майда тау жынысы қалай аталады?
- а) саз
- ә) құм
- б) ермексаз
4) Арнайы май қосылған саз қалай аталады?
- а) саз
- ә) құм
- б) ермексаз
5) Әйнек неден дайындалады?
- а) саздан
- ә) құмнан
- б) әктастан
VI. Бағалау
Оқушылардың ООМ бойынша «+» белгілері есептеледі: 5 — «4+», 4 — «3+», 3 — «2+».
VII. Үй тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.
Негізгі ой
Бос тау жыныстарының ішінде құм мен саз ерекше орын алады: құм — суда ерімейтін берік түйіршіктерден тұратын, сүзгілеу мен құрылысқа кең қолданылатын материал; саз — өте майда бөлшектерден түзілетін, суға жібіп иленетін және күйдірілгенде берік бұйымға айналатын пайдалы шикізат.