Әже орманнан жидек теріп қайтайыншы
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Көркем әдебиет
Тақырыбы
«Үш аю» ертегісі
Мақсаты
- Ертегінің мазмұнын сахналау арқылы түсіндіру және қызығушылықты арттыру.
- Тыңдау арқылы балалардың сөздік қорын молайту.
- Ертегіні сахналауға бейімдеу, рөлді дауыс ырғағымен дұрыс орындауға тәрбиелеу.
- Адамгершілікке, адалдыққа, бір-бірін сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктер
Сахналық қойылым: «Үш аю»
Кіріспе сөз
Айгерім
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен балғын балалар! Барлығың бері қараңдар: аюлар туралы ертегі сендерге сыр шертеді. Ең қызық ертегіні сахнаға енгіздік. Тамашалап, бағаларыңды беріңдер.
Оқиға желісі
Автор
Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бір күні Маша әжесінен орманға барып, жидек теріп қайтуға рұқсат сұрайды.
Маша
Әже, орманнан жидек теріп қайтайыншы.
Әжесі
Жақсы, бара ғой, қызым. Тек алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Маша
Жарайды, әже.
Автор
Маша орманда жидек теріп, ән айтып жүріп адасып қалады. Қайтар жолды таба алмай жылайды: қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
Маша
Ата, әже, қайдасыңдар? Маған көмектесіңдерші!
Автор
Жол таппаған Маша орман ішіндегі бір үйшікке тап болады. Есікті қағып, дауыстап көрсе де, еш жауап естілмейді.
Маша
Бұл үйшікте кім тұрады?
Автор
Үйге кірсе, ешкім жоқ екен. Бұл үйде аюлар — әкесі, анасы және қонжық баласы — тұратын.
Ботқа
Үш табақ ботқа: үлкені — әкесінікі, орташасы — анасынікі, кішісі — қонжықтікі.
Орындық
Үш орындық: үлкені — әкесінікі, орташасы — анасынікі, кішісі — қонжықтікі.
Төсек
Үш төсек: үлкені — әкесінікі, орташасы — анасынікі, кішісі — қонжықтікі.
Маша алдымен үлкен табақтан, кейін ортаншы табақтан дәм татып көреді — ұнамайды. Ал кішкентай табақтағы ботқа дәмді болып шығып, оны түгел жеп қояды.
Тамақтану үшін орындық таңдайды: үлкен орындыққа отырмақ болып құлап түседі, ортаншысы ыңғайсыз болады, ал кішкентай орындық көңілінен шығады. Отырып болған соң, орындықты шайқап ойнап жүріп, ақырында құлатып алады.
Келесі бөлмеде Маша төсектерді көреді: үлкен төсек тым үлкен, ортаншысы биіктеу, ал кішкентай төсек дәл келеді. Қатты шаршаған Маша қонжықтың төсегіне жатып, тәтті ұйқыға кетеді.
Аюлардың оралуы
Автор
Бір мезетте аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген олар ас ішпек болғанда, біреудің кіргенін бірден сезеді.
Әкесі
Біздің үйге біреу кірген сияқты. Адамның иісі шығады.
Әкесі
Менің тамағыма кім тиіскен?
Анасы
Менің ботқамды да татып көріпті.
Қонжық
Ой, менің ботқамды түгел жеп қойыпты!
Автор
Аюлар ұйықтайтын бөлмеге кіріп, төсектердің де бұзылғанын көреді.
Әкесі
Менің төсегіме кім жатқан?
Анасы
Менің төсегімді де умаждап тастапты.
Қонжық
Ой, менің төсегімде біреу жатыр! Міне, ұстап алыңдар!
Автор
Дауысқа шошып оянған Маша қатты қорқып кетеді.
Маша
Мен атам мен әжемнен сұранып орманға жидек теруге шыққанмын, бірақ адасып кеттім. Мені жемеңдерші. Мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар
Жарайды.
Машаның тақпағы
Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық.
Аюлар
Маша, орманда жалғыз жүруге болмайды. Біз сені ата-әжеңе апарайық.
Автор
Аюлар Машаны ата-әжесіне алып келеді.
Атасы мен әжесі
Рахмет сендерге, аюлар! Келіңдер, бәріміз дос болайық.
Автор
Сөйтіп, барлығы дос болып, тату-тәтті өмір сүріпті.
Ән
«Ертегілер»
Қорытынды сұрақтар
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Ертегі не туралы болды?
- Ормандағы үйшік кімнің үйшігі екен?
Тыңдағандарыңызға рахмет!