Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата
«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы
Бұл зияткерлік ойын химия пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін бағалауға, сондай-ақ жылдам ойлау, алғырлық, тапқырлық және ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Мақсаты
Химиядан алған білімді саралау және қатысушылардың тез шешім қабылдау дағдыларын шыңдау.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, жалаушалар, бағалау парақтары.
Кіріспе және ұйымдастыру
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар! Бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру — емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас жеткіншек!
Сайыскерлермен танысу
Музыка ойналады. Әр қатысушы аты-жөнін, сыныбын қысқаша айтып, есімінің бас әрпінен басталатын бір немесе бірнеше қасиетін атайды (мысалы: Азамат — ақкөңіл, Индира — инабатты).
Қазылар алқасы
Қазылар алқасы сайланып, білім додасы басталады. Есептеу комиссиясы таныстырылады.
Әділдік қағидасы
Сайыс барысында тәртіп пен уақыт сақталады; ұпайлар ашық түрде жарияланып отырады.
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар.
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!
I кезең: «Бәйге»
Ережелері
- Жүргізуші 8–9 сынып курсы бойынша қарапайым сұрақтар қояды.
- Әр дұрыс жауап үшін — 1 ұпай.
- Жауап жалаушаны көтеру арқылы беріледі.
- Жауапқа 5 секунд беріледі; уақыттан кейінгі жауап қабылданбайды.
- Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады; шарт екі рет бұзылса, ойыншы ойыннан шығарылады.
Сұрақтар (үлгі)
- Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар кімдер?
- Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
- Заттардың ең ұсақ бөлшегі қалай аталады? (мысалы: атом)
- Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)
- Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. (Иод)
- «Өмір мен ойдың элементі» деп қай элемент аталады? (Фосфор)
- Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл. (Қорғасын, Pb)
- Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын «марганцовканың» химиялық атауы қандай?
- Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды? (Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар)
- Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның әсері қандай? (NO2, SO2, SO3 әсерінен)
- Оң зарядталған ион қалай аталады? (Катион)
- Өсімдік тіршілігіне қажетті негізгі элементтерді ата. (P, K, N)
- Адам ағзасында қай элемент жетіспесе, тіс жегі жиілейді? (Фтор)
- Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзеді? (Нитридтер)
- Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (Мүсәтір спирті)
- Фосфордың табиғи қосылыстарын ата. (Фосфорит, апатит)
- Карборунд деген не?
- Na2CO3 тұзының ортасы қандай? (Сілтілік)
- Күкірттің сутекті қосылысы. (H2S)
- Шыны өндірісіне қажетті басты шикізаттарды ата. (Құм, әктас, сода)
Әділқазылар әр сайыскердің ұпай санын жариялайды.
II кезең: «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай — шәкірт саған несібе!
Ережелері
- Қатысушы жұмбақты шешеді немесе мақал-мәтелдің жалғасын тауып, жасырын сөзді анықтайды.
- Сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.
- Әр дұрыс айтылған сөз үшін — 10 ұпай.
- Екі кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.
Тапсырмалар (үлгі)
- Отқа жанбас, суға батпас — Мұз / лёд / ice
- Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің; ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің — Ауа / воздух / air
- Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын … жоқ — Темір / железо / iron
- Сыйлап берген … да тәтті — Су / вода / water
- Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың — Тұз / соль / salt
- Сабыр түбі — сары … — Алтын / золото / gold
- Иісі, түсі, өңі жоқ, табиғатта онсыз өмір жоқ. Өсімдіктен аламын, өміріме нәр қыламын — Оттек / кислород / oxygen
- Алтын … тас екен, арпа-бидай ас екен — Күміс / серебро / silver
Әділқазылар ұпай санын жариялайды. Екі ойыншы ойыннан шығарылады.
III кезең: «Дода»
Бүгін де химия барлық жерде — құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер, шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!
Білім — биік шың, бақытқа сені жеткізер;
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
Ережелері
- Қатысушылар тақырып таңдайды: Ұлы тұлғалар, Биология және медицина, Қилы сұрақтар, Химиялық қосылыстар.
- Әр тақырыпта 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар беріледі.
- Әр ойыншы өзі таңдаған сұраққа жауап береді; ойлануға 10 секунд.
- Қате жауап болса, қарсыластар жалауша көтеріп, жауап беруге мүмкіндік алады.
- Сұрақтағы ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға беріледі.
Жүргізу форматы
Таңдалатын сұрақ саны — 5. Ойыншылар тақырып пен ұпайды кезекпен таңдап, сол ретпен жауап береді.
Ұлы тұлғалар
- 10 — 1 моль идеал газдағы молекула санын анықтаған итальяндық ғалым. (А. Авогадро)
- 20 — Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі. (Д. Пруст)
- 30 — «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» — бұл кімнің сөзі? (Қ. Сәтбаев)
- 40 — Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым. (И. А. Каблуков)
- 50 — «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған атақты орыс химигі. (Д. И. Менделеев)
Биология және медицина
- 10 — Адам ағзасында кездесетін микроэлементтерді ата.
- 20 — Дені сау адамның асқазанында болатын қышқыл қайсы?
- 30 — Адам дем шығарғанда қанша пайыз CO2 бөледі? (4%)
- 40 — 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады және көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl, натрий хлориді)
- 50 — Тамақтан уланғанда дәрі ретінде қолданылады; қайыңды ауасыз жерде қыздырып алып, әрі қарай өңдеу арқылы алынады. Бұл қай дәрі? (Белсендірілген көмір)
Қилы сұрақтар
- 10 — Қай элемент ертерек Күннен, кейін Жерден табылған? (Ne)
- 20 — 1400°С және 58 атм қысымда ауа қандай өзгеріске ұшырайды? (Сұйылады)
- 30 — Ежелгі грек аңызындағы батырдың атымен аталған элемент. (Тантал)
- 40 — Тайқазан 7 металдан құйылған. Олар қайсы? (Fe, Zn, Sn, Pb, Cu, Ag, Au)
- 50 — Алғашында «көк аспан ауасы», «өмірдің негізі ауасы» деп аталған, ал қазір біз қалай атаймыз? (Оттек)
Химиялық қосылыстар
- 10 — Көміртектің сутекті қосылысы. (Метан)
- 20 — Әктасты қыздырғанда бөлінетін газ. (Көмірқышқыл газы)
- 30 — Тау хрусталі минералының латынша атауы. (Quartz — кварц)
- 40 — «Химиялық өндірістің наны» деп аталатын қосылыс. (Күкірт қышқылы)
- 50 — Алғашында «көк аспан ауасы», «өмірдің негізі ауасы» деп аталған зат. (Оттек)
Әділқазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды. Екі ойыншы ойыннан шығарылады.
IV кезең: «Жорға»
Ең қиыны жарыстың — «Жорға» келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай —
Осы ойыннан көрінер ерен ерді.
Форматы
Бұл кезеңге 2 оқушы қатысады. Жүргізуші 1 минут ішінде сұрақтарды оқиды, қатысушылар жылдам жауап береді.
Нысана
Уақытпен жұмыс істеу, терминдерді нақты айту, қысқа әрі дұрыс жауап беру.
Жылдам сұрақтар (үлгі)
- Металл катионы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар қалай аталады? (Тұздар)
- Бір элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы қандай құбылыс? (Аллотропия)
- Қышқылдық ортада лакмус қандай түске боялады?
- Калий қандай металл? (Сілтілік металл)
- Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл. (Бром)
- Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (Нитраттар)
- Кавендиш алған элементті Лавуазье «гидроген» деп атаған. Қазіргі атауы қандай?
- Жану үшін 3 шарт қажет: оттек, белгілі температура және үшінші компонент. Ол не? (Отын)
- Д. И. Менделеевтің туған жері?
- Қалыпты жағдайда сұйық болатын 2 жай затты ата. (Hg және Br2)
- Элемент таңбаларын енгізген ғалым. (Берцелиус)
- Оттекті бос күйінде алған ғалымдар. (Д. Дж. Пристли, К. Шееле)
- «Ион», «катион», «анион», «электролит» терминдерін енгізген ғалым. (Майкл Фарадей)
- H2S зертханада қандай құралмен алынады? (Кипп аппараты)
- Күкірттің тұрақты аллотропиялық түрі. (Ромбалық)
- Көміртектің металдармен түзетін қосылыстары қалай аталады? (Карбидтер)
- Өткір иісті, тұншықтырғыш, қоңыр түсті улы газ. (NO2)
- Қазақстанның қай қалаларында фосфор өңдейтін зауыттар бар? (Тараз, Шымкент)
- «Су газының» басқа атауы. (Генератор газы)
- Түркістандағы Тайқазан неше металдан құйылған? (7 металл)
- «Құрғақ мұз» дегеніміз не? (CO2)
Қорытынды
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге!
Сіздер үшін бұл — әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан,
Ала бер жарыс сайын бас бәйге!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, қатысушыларға алғыс айтамыз!