Өнерлі отбасы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Болашақ» бөбекжайы

Ән-саз жетекшісі

Эльмира Джумагулова Сансызбаевна

Тақырыбы

«Өнерлі отбасы!»

Ата-аналар мен балаларға арналған музыкалық ойын-сауық кеш

Кештің идеясы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың болашағынан үлкен үміт күтетінін талай рет атап өткен. Мектепке дейінгі тәрбие туралы ой қозғауы осы салада қордаланған өзекті мәселелердің оң шешімін табуына жол ашты.

Еліміздің айқын мақсаттарының бірі — бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты дамытып, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Осы ұстанымның дәлелі ретінде балабақшамызда бүгін ерекше мерекелік кеш ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара қазіргі технологияларды тиімді қолдана отырып, ата-аналардың қызығушылығын арттыруға, балалардың тілін жаттықтырып, ой-өрісін кеңейтуге және өнерге баулуға бағытталған. Ойын-сауық кешін балалармен және отбасымен бірлесіп өткізуді жөн санадық, өйткені ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы — тәрбие мен дамудың маңызды бөлігі.

Құрметті ата-аналар!

Келгендеріңізге көп-көп рақмет айтамыз.

Мақсаты

Негізгі бағыт

  • Ата-аналар мен балалардың өнерге қызығушылығын арттыру.
  • Біріккен шығармашылық жұмысты қалыптастыру.
  • Жас ұрпақты өнерге баулу.

Тәрбиелік мәні

  • Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын нығайту.
  • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу және эстетикалық талғамды дамыту.

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті ата-аналар және сүйкімді бүлдіршіндер! Бүгін балабақшамызда ерекше мерекелік кеш өтеді. Бұл — ата-аналар мен балаларға арналған «Өнерлі отбасы» атты музыкалық ойын-сауық кеші.

Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер және әріптестер, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Қатысушылар дәл қазір дайындалып жатыр, олар толқу үстінде. Ендеше, оларды қолдап, әсем әуен ырғағымен ортаға шақырайық!

Шақыру шумағы

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық —

Бүгінгі «Өнерлі отбасына»

Қошеметпен бәріміз қол соғайық!

Байқауға қатысушы өнерлі отбасыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олай болса, музыкалық ойын-сауық кешімізді бастайық!

Байқау кезеңдері

Байқау 7 кезеңнен тұрады:

  1. 1. Таныстыру

  2. 2. «Бірге ән шырқайық!»

  3. 3. «Бәрінен бұрын біз — ата-анамыз» (викторина)

  4. 4. «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»

  5. 5. «Әуенді жалғастыр» ойыны

  6. 6. «Биші болам өскенде!»

  7. 7. «Тыңда және көрсет»

Әділқазылар алқасы

Байқаудың әділ бағасын беретін әділқазылармен танысу:

  • 1
  • 2
  • 3

1-кезең: Таныстыру

Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен қатысушылар (баласымен бірге немесе жеке) өздерін таныстырады.

Шумақ

Балалық шақ — қызық, көңілді,

Сүйемін шексіз жаз өмірді.

Бақытты менің балғын шағым,

Арманым менің — шаттық әнім.

2-кезең: «Бірге ән шырқайық!»

Бұл бөлімде ата-ана баласымен бірге ән орындауы керек.

Жүргізушінің сөзі

Біздің ата-аналарымыз да, балаларымыз да — нағыз әнші! Болашақта балаларымыздың арасынан Қазақстанның халық әртістері шығады деп сенемін. Жарайсыңдар, балалар! Кешімізді әрі қарай жалғастырайық.

3-кезең: «Бәрінен бұрын біз — ата-анамыз» (викторина)

Құрметті ата-аналар, қазір сіздерге түрлі сұрақтар қойылады. Толық әрі шынайы жауап беруге тырысыңыздар. Әр ата-анаға жеке сұрақ беріледі.

1) Балалық естелік

Бала кезіңізде алғаш айтқан әніңіз, тақпағыңыз немесе биіңіз есіңізде ме? Бір шумағын немесе қайырмасын орындап бере аласыз ба?

Ортақ орындау

Барлығымыз орнымыздан тұрып, ережені сақтай отырып «Қошақаным» әнін орындаймыз.

2) Бесік жыры

Балаңызға ұйықтар алдында бесік жырын немесе ән айтып бересіз бе? Қай ән? Орындап бере аласыз ба? Немесе балаңызды кішкентай кезінде қандай әуенмен ұйықтаттыңыз?

Үлгі мәтін

Әлди, әлди, бөпешім,

Әнімді айтып берейін.

Аялап сені жүрейін,

Өскеніңді көрейін.

Былдырлаған тіліңнен,

Айналайын бөпешім.

Таптым бақыт өзіңнен,

Ұйықтай ғой енді, көкешім.

Әлди, әлди, бөпешім,

Бақыт саған тілегім.

Ұйықтай ғой енді, көкешім,

Алтын менің бөпешім.

3) Ұлттық аспап

Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнай аласыз ба? Қай аспапта ойнайсыз, шағын орындап бере аласыз ба?

Тыңдалым

Бірнеше күй тыңдалып, атауы мен авторы сұралады (мысалы: Құрманғазының «Адай», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері).

4) Эстрада таңдауы

Қазіргі эстрада жұлдыздарының ішінде қай әнші ұнайды? Сол әншінің бір әнін орындап бере аласыз ба?

5) Баланың сүйікті әні

Балаңыздың балабақшада айтып жүрген әнін орындап бере аласыз ба? Немесе балаңыз қай әнді сүйіп орындайды?

Мысалдар: «Қазақстан», «Ел қорғауға әзірміз», «Достар», «Ертегілер», «Анашым» және т.б.

6) «Таны да айт» (слайд)

Слайдтан эстрада жұлдыздарының немесе ақындардың суреттері көрсетіледі. Осы өнер иесін танисыз ба? Қандай әнін немесе өлеңін білесіз?

Мысалдар: Роза, Мақпал, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяқов.

7) Дүкендегі жағдай

Балаңызбен дүкенге кірдіңіз. Балаңыз сөредегі музыкалық аспаптарға қызығып, домбыра, сырнай, гитара, қобыз сияқты аспаптардың бірін ойнап беруіңізді өтінді. Сіз қалай жауап берер едіңіз?

8) Ойын кезіндегі іс-әрекет

Балаңыз ойын үстінде көбіне қандай іс-әрекет жасайды? Қажет болса, көрсетіп бере аласыз ба?

  • А) Әуен тыңдайды
  • Ә) Ән салады
  • Б) Би билейді
  • В) Музыкалық аспаптармен ойнайды

Қорытынды

Жарайсыздар, құрметті ата-аналар! Сұрақтардың барлығына толық жауап бердіңіздер. Сұрақтар қиын болған жоқ деп ойлаймыз.

4-кезең: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»

Бұл кезеңге қатысушылар үйден әртүрлі материалдардан музыкалық аспап жасап әкеледі. Ендеше, құрметті ата-аналар, өз қолымызбен дайындаған аспаптарды әділқазылар алқасына ұсынайық. Әділқазылар әділ бағасын береді деп сенеміз.

5-кезең: «Әуенді жалғастыр» ойыны

Ойын шарты: Мен бір әнді үнтаспадан қосамын. Сіздер әннің атауын және орындаушысын табасыздар, әрі қарай жалғастырып айтасыздар. Жауап беру үшін алдарыңыздағы белгіні көтеруге болады.