Көп таңбалы сандарды көбейту
Сабақтың тақырыбы
Көп таңбалы сандарды көбейту.
Мақсаты
Есептер арқылы көп таңбалы сандарды көбейту тәсілдерін меңгерту және дағды қалыптастыру.
Міндеттері
- Ізденіс арқылы көп таңбалы сандарды көбейту дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылыққа, өздігінен жұмыс істеуге және қорытынды жасауға баулу.
- Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Балалардың көңіл күйін сұрап, сабақты жағымды атмосферада бастаймыз. Көңіл күйімізді көтеру үшін «Шаттық шеңберін» құрамыз: әр оқушы өз атын айтып, қимыл көрсетеді, қалғандары қайталайды.
Оқушылар орындарына отырады.
Кеше біз көп таңбалы сандарды көбейтуді үйрендік, ал бүгін сол білімімізді қолдануға және бекітуге тырысамыз.
2) Математикалық диктант
Жедел тексеру- а : 3 = 300 теңдеуіндегі белгісіз санды тап.
- (25 : 25) × 3 − (100 × 0 + 3) өрнегінің мәнін тап.
- 5000 : 500 және 500 : 50 өрнектерін есепте.
- 827 санындағы ондық разрядында тұрған цифрды жаз.
Жауаптар
900, 0, 10, 2
Келесі қадам
Осы сандарды қосынды түрінде жазып, мәнін тап: 900 + 0 + 10 + 2 = 912. Шыққан санды екі есе арттыр: 912 × 2 = 1824.
1824 саны сендерге нені еске түсіреді? 1824 жылы Көкшетау қаласының іргетасы қаланды.
3) Экологиялық байланыс: қағаз және қоқыс
Қаламыздың көшелерінде серуендегенде қандай жағымсыз жағдайларға жиі тап боламыз? Бұл мәселеге кім немесе не себеп болуы мүмкін? Қандай қоқыс түрлерін көресіңдер?
Енді мына сұраққа назар аударайық: бір кітап шығару үшін қанша ағаш кесіледі? Мұны сабақтағы есептеулер арқылы анықтап көреміз.
Жұмыс алгоритмі
- 1) Кітаптың ені мен ұзындығын өлше.
- 2) Ауданын тап.
- 3) Кітапта неше бет бар екенін анықта; ол неше параққа тең екенін есепте.
- 4) Кітаптың бір бетіндегі ауданды парақ санына көбейт. Қазақстан статистикасы бойынша: 1000 м² қағазға шамамен 20 ағаш қажет.
- 5) Шыққан мәнді 20-ға көбейт.
- 6) Таралым санына көбейт.
- 7) Қорытынды нәтижені талда.
Түйін сұрағы
Есептеу нәтижесіне сүйене отырып, қандай қорытынды жасауға болады? Қағазды үнемдеу табиғатты қорғауға қалай әсер етеді?
4) Сергіту сәті және практикалық тапсырма
Кеше біз бастауыш сыныптардан қағаз қалдықтарын жинадық. Енді оны өлшеп, нәтижесін грамммен жазамыз.
Топтық жұмыс
Оқушылар топтарға бөлініп, берілген есептерді шығарады. Әр топ өз жұмысын қорғайды және ортақ қорытынды жасайды.
1-топ
1 оқу жылында 200 күн бар. Осы күндерде барлығы неше грамм қағаз қоқысын жинауға болады? Нәтижені килограммен өрнекте.
2-топ
Бастауыш сыныптарда 120 оқушы бар. Барлық жиналған қағаз қоқысын тең бөлсек, 1 оқушыға қанша граммнан келеді?
3-топ
Бастауыш мектепте 7 сынып бар. Қағаз қоқысын сыныптарға тең бөлгенде, әр сыныпқа қанша граммнан келеді?
4-топ
Мектепте 70 сынып бөлмесі бар. Егер әр бөлмеден белгілі мөлшерде қағаз қалдығы шықса, мектеп бойынша жалпы қанша грамм қағаз жиналады?
Зерттеу дерегі
4 «В» сыныбының оқушысы Нұрмұхамедтің ғылыми жобасы бойынша, Көкшетау қаласында қоқыстың ең көп үлесі — қағаз қалдықтары, шамамен 30%.
Қорытынды және рефлексия
Топтарға бөліну
Оқушылар өз таңдауы бойынша көз, құлақ, ауыз, қол суреттерін алып, сол бойынша топтасады.
«Гүл» әдісі
Әр оқушы сабақтан естігенін, айтқанын, көргенін, жазғанын үш сөзбен гүлге жазып, тақтаға іледі.
Бағалау және үй тапсырмасы
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: ________________
- 1) Математикалық диктант
- 2) Ауызша сұрақтарға жауап беру
- 3) Практикалық жұмыс
- 4) Топта қалай жұмыс істедім?
- 5) Логикалық тапсырма
Ұпай қою тәртібі
1-тапсырма (диктант)
- Қатесіз — 4 ұпай
- 1 қате — 3 ұпай
- 2 қате — 2 ұпай
2-тапсырма
2 ұпай
3-тапсырма
3 ұпай
4-тапсырма
2 ұпай
5-тапсырма
2 ұпай
Қорытынды баға
- 13 ұпай — «5»
- 10–11 ұпай — «4»
- 7–9 ұпай — «3»
Үй тапсырмасы
Өзін-өзі бағалау парағын толтырып келу және сабақта қарастырылған тәсілдер бойынша көп таңбалы сандарды көбейтуге арналған қосымша есептер орындау.