Жарыс сабағы

Жамбыл облысы · Қордай ауданы · Сұлутөр ауылы

№38 орта мектебі · Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кистаубаев Ершат Кадырбекович

Пән / Сынып

Алғашқы әскери дайындық · 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Қорғаныстағы жауынгер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері туралы білімді пысықтау.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Патриоттық сана-сезімді қалыптастыру және әскери тәрбиеге баулу.

Көрнекі құрал-жабдықтар

  • 1 Тактикалық дайындық плакаттары
  • 2 Үлестірме карточкалар

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Взвод командирінің баяндамасы.
  • Оқушылармен сәлемдесу, Әнұранды орындау, оқушылардың сыртқы келбетін тексеру.
  • Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.

II. Жарыс сабағы

  • Тірек-сызбанұсқамен жұмыс: оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.
  • «Қарлы кесек» ойыны: оқыта үйрету форматы арқылы материалды меңгеру.

III. Қорытындылау және бағалау

Сабақ соңында меңгеру деңгейі талданып, оқушылардың жауаптарының нақтылығы, жинақылығы және сауаттылығы бағаланады.

IV. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сабақ соңында тақырыптың меңгерілу деңгейіне қарай нақтылап беріледі.

Сабақ барысы: «Қарлы кесек» ойыны

Бұл оқыта үйрету ойынында оқу материалы оқушылардың өзара түсіндіруі арқылы кезең-кезеңімен бекітіледі. Сынып топтарға бөлінеді: А, Б, В үстелдері.

Дайындық кезеңі (10–15 минут)

  • 1 Әр топ оқу материалының белгілі бір бөлігін алып, өз бетінше оқып-үйренеді.
  • 2 Оқушыларға жетондар беріледі (мысалы: А-1, Б-1, В-1; А-2, Б-2, В-2 және т.б.).

Орын алмастыру тәртібі

Дайындықтан кейін оқушылар жетон нөміріне сәйкес аралас топтарға қайта жайғасады: бір үстел басына А-1, Б-1, В-1; келесі үстелге А-2, Б-2, В-2 және сол сияқты.

Мұғалім үстел белгілерін өзгертіп, А, Б, В әріптерінің орнына 1, 2, 3 сандарын орналастырады.

I тур (10 минут)

Жаңа топтағы жұмыс

Әр алғашқы топтың өкілі өз тақырыбын кезекпен түсіндіреді. Тыңдаушылар негізгі ойларды сызба, жоспар, тезис түрінде жазып отырады.

Тақтадағы жұмыс

4-нөмірлі ойыншылар (А-4, Б-4, В-4) тақтада пысықталған материалдың сызба-конспектісін жазады. Қажет болса, тақтаның орнына кодопленка, ватман және басқа құралдар пайдалануға болады.

II тур (уақытын мұғалім белгілейді)

Оқушылар бастапқы орындарына қайта оралады. Мұғалім үстел сілтемелерін қайта ауыстырып, 1, 2, 3 белгілерінің орнына А, Б, В белгілерін қояды.

Қорғау және бақылау

4-нөмірлі ойыншылар (А-1, А-2, А-3, А-4) тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба-конспектілерін қорғайды. Мұғалім және оқушылар материалдың қаншалықты меңгерілгенін, жауаптың жинақы, нақты әрі сауатты берілуін бақылап, кері байланыс береді.