Өлеңді әнімен айту
Бұл сабақта оқушылар сыпайы сөздерді орынды қолдануды үйреніп, «буын» туралы білімін кеңейтеді. Топпен және жұппен жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Мақсаттар
- Буын туралы түсінікті кеңейту; ұнамды және ұнамсыз қылықтарды ажырата білу.
- Тіл байлығын, сөздік қорды дамыту; сауатты, көркем жазуға жаттықтыру.
- Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; пікірін еркін айтуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер
- СТО технологиясы
- Ой қозғау, сұрақ қою
- Топпен жұмыс, болжау, топтастыру
- Венн диаграммасы
- Кубизм стратегиясы
Көрнекіліктер
- Кестелер
- Суреттер
- «Сыпайы сөздер» топтамасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақ ерекше: сыныбымызға қонақтар келіп, білімімізді тамашалайды. Сондықтан бәріміз белсенді қатысып, өз мүмкіндігімізді көрсетеміз.
Психологиялық дайындық (өлең)
Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
Сәлем деймін күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама.
Сан жетпейді санасам,
Сәлем деймін баршаға.
I топ: «Тапқырлар»
Ұраны: «Ұқыпты ұтар»
II топ: «Алғырлар»
Ұраны: «Іздеген табар»
III топ: «Ойшылдар»
Ұраны: «Оқыған озар»
Ортақ ұран: «Еріншек тозар»
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ: Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
I топ
Қария мен баланың амандасуын көрсету
II топ
Ауылдан келген әжені қарсы алып, құшақ жая амандасу
III топ
Құрбымен амандасу
Назар аударайық
Сәлем бермей тұрып сөз бастауға болмайды. «Сәлем — сөздің анасы» деген мақал бар. Үлкенге сәлем беру — кішіге міндет. «Сіз» деп сөйлеу сыпайылық пен мәдениеттілікті білдіреді.
III. Жаңа сабақ
Негізгі ой
«Кішіпейіл — кісіліктің белгісі». Кішіпейіл бала — әдепті, сыпайы бала. Барлығымыз да сондай болуға талпынайық.
Ой қозғау: Қандай сыпайы сөздерді білеміз?
Әдебиетпен байланыс
Бүгін қазақ балалар жазушысы Әнуар Дүйсенбиевтің балаларға арналған жұмбақ өлеңімен танысамыз: «Не деу керек?». Ән сабағында оның «Ақ тайлақ», «Қуыршақ» өлеңдерін оқып-үйренгенбіз.
1) Өлеңді тыңдау
Өлеңді әуенімен айту/тыңдату.
2) Жұмбақ шешу
Оқушылар өлеңдегі жұмбақтың шешуін табады.
IV. Оқулықпен жұмыс
I топ
Өлеңді мәнерлеп оқу
II топ
Өлеңді мәнерлеп оқу
III топ
Өлеңді мәнерлеп оқу
Бекіту сұрақтары
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Қандай сыпайы сөздерді үйрендіңдер?
Тілдік дағды
«Рақым етіңіз», «кешіріңіз», «айып етпеңіз», «өтінемін» сияқты сөздерді жиі айтуға тырысыңдар. Осындай сөздерді көп қолданатын бала — әдепті.
Венн диаграммасы (салыстыру)
Әдепті бала
Ата-анасын мақтатады.
Әдепсіз бала
Ата-анасын қақсатады.
Сергіту сәті: «Буынға бөле білесің бе?»
Суреттер бойынша сөздерді буынға бөліп айтыңдар.
I топ
- торғай
- сәбіз
- балық
II топ
- мысық
- түйе
- қоян
III топ
- қаз
- балапан
- аққу
Ереже
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
V. Дәптермен жұмыс
58-жаттығу («Буын»): дауысты дыбыстарды атап, сөздерді буынға бөліңдер.
Кубизм стратегиясы (шығармашылық тапсырма)
I топ
Ребус құрастыру
II топ
Сөз құрастыру
III топ
Ұйқасын табу
VI. Қорытынды бекіту
- Бүгін сабақта қай ақын-жазушының өлеңімен таныстық?
- Өлеңнің атауы қалай аталады?
- Өлеңде не туралы айтылды?
VII. Үй тапсырмасы
Жаттау
«Не деу керек?» өлеңін жаттау.
Ойлану
Әдептілік туралы мақал жазу.
VIII. Бағалау және тілек
Оқушылар қонақтарға жылы тілектерін айтып, сабақты көтеріңкі көңіл-күймен аяқтайды.
Хормен: «Еңбекшіл осындай, болайықшы досым-ай» әні.