Мағынасы жақын сөздер

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер (2-сынып)

Сабақтың мақсаты

  1. Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы өткен сабақта алған білімді пысықтау.
  2. Қазақ тіліндегі мағыналары бір-біріне жақын (мәндес) сөздер туралы алғашқы түсінік беру.
  3. Оқушылардың сөздік қорын байытып, сөздерді мағынасына қарай орынды қолдануға үйрету.

Көрнекіліктер

  • Қима қағаздар
  • Кесте

Негізгі ұғым

Мәндес сөздер — мағынасы бір-біріне жақын, бір ұғымды әртүрлі сөзбен білдіретін сөздер.

адам кісі

I. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

Кіріспе әңгіме

Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өр, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, әрқайсын жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату-тәтті өмір сүруді жөн көреді. Сонда хан жаңа хандыққа ат қою үшін бәйге жариялайды.

«Балалар, біз де сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді? Ол үшін төмендегі жұмбақтарды шешіп көрейік. Жауаптардың бірінші әріптерін біріктірсек, хандықтың атауы шығады», — дейді мұғалім.

Жұмбақтар

  1. Белі бүкір, алысқа түкір.

    Жауабы: Мылтық

  2. Шұқшитқан кеп әуелі, сені әрбір әріпке. Суреттері әдемі, бұл қай кітап?

    Жауабы: Әліппе

  3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы.

    Жауабы: Найзағай

Жұмбақтар (жалғасы)

  1. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, тебеміз сәті түссе аяқпен де. Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын, басынан сипамайды аяп пенде.

    Жауабы: Доп

  2. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.

    Жауабы: Ерін

  3. Сырт-сырт соғады, уақыт озады.

    Жауабы: Сағат

Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктірсек, «МӘНДЕС» сөзі шығады.

II. Операциялық-орындаушылық кезеңі

Кесте арқылы түсіндіру

Сөйлемдер Мағынасы ұқсас сөздер
1. Апам жолға тамақ әзірледі.
тамақ ас тағам дәм
2. Апам ас пісірді.
3. Апам тағамдарды дорбаға салды.
4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді.

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды

  • Сұрақ: «Тамақ», «ас», «тағам», «дәм» сөздері сөйлемдерде нені білдіріп тұр?
  • Жауап: Адамның ішетін-жейтін тамағын білдіреді.
  • Қорытынды: Бұлар — мағынасы жақын, мәндес сөздер.

290-жаттығу: өлеңмен жұмыс

«Сары балапан»

Жем бергенде, жем жейді, Кел! дегенде, келмейді. Балапаным сары үрпек, Әрі қорқақ, әрі үркек.

Тапсырма: өлеңнен мағынасы жуық сөздерді табу (мысалы, қорқақүркек).

291-жаттығу: сөздің мәндес сыңарын табу

Тапсырма: көп нүктенің орнына берілген сөзге мағынасы жуық сөздерді тауып жазу.

Алыс

қашық, шалғай

Зәулім

биік

Әдемі

сұлу, көркем

Батыр

ер, батыл, ержүрек

Таяу

жақын

Аяз

суық

293-жаттығу: мысалға ат қою

Тапсырма: берілген мысалға ат қою және «ірі» сөзіне мәндес сөзді табу.

Үлестірмелі қима қағаздар: №1

Төменде берілген сөздердің мәндес сыңарларын тауып, тұсына жазыңдар:

  • Дос — …
  • Батыр — …
  • Бет — …
  • Ақырын — …

Үлестірмелі қима қағаздар: №2

Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін таңдап алып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар:

  1. Күн (нұры, сәулесі) түсті.
  2. Менің (досым, жолдасым) — Серік.
  3. Қонақтар төрге (отырды, жайғасты).

III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

«Қане, кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты: тақтаға бір сөйлем жазылады. Мысалы: «Айгүл — әдемі қыз.» Оқушылар «әдемі» сөзіне балама сөздерді табады. Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

әдемі сұлу әсем көркем

Шығармашылық тапсырма: «Қанат»

«Қанат» сөзінің әр әрпіне сай мәндес сипаттау сөздерін ойлап тауып жазыңдар:

Қ

қайратты, қажарлы, т.б.

А

ақкөңіл, ақжарқын, адал, т.б.

Н

намысшыл, намысқой

А

ақылды, аңғарымпаз

Т

тапқыр, талантты

Сабақтың қорытындысы және үй тапсырмасы

Сабақ соңында жаңа түсіндірілген ұғым ауызша пысықталады.

Үй тапсырмасы

Төмендегі сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, жұп-жұбымен көшіріп жазыңдар:

батпақ жетістік саз жалғау табыс мүлгу тосу күту