Математикалық поезд ойыны

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Математикалық поезд»
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ
Сабақтың әдістері
Кесте, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі
Поезд макеті, тапсырмалар, топшамалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өткен материал бойынша білімді бекіту.
  • Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу.
  • Ойын элементтері арқылы білімді жүйелеу және жалпылау.

Дамытушылық

  • Іскерліктері мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Есеп шығаруда шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сабаққа кіріспе
    • Амандасу
    • Оқушыларды түгендеу
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    Сұрақ-жауап

    Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, қысқа талдау жасалады.

  3. 3) «Математикалық поезд» ойыны

    Ойын тапсырмалары

    Ойынның шарты

    «Мультфильмдер еліне» жету үшін «Микки Маус» және «Винни Пух» аялдамаларынан өту керек. Поездға міну үшін кассадан билет алынады: билет үш тапсырмадан тұрады.

    1) Өрнектің мәнін табыңдар

    1. (a − 2,34) : 21, мұндағы a = 4,23
    2. (a + 9,25) : 13, мұндағы a = 7,13
    3. (1,85 + 3,25) : c, мұндағы c = 34

    2) Формулалар

    1. Тік төртбұрыштың периметрін табу формуласын жазыңдар.
    2. Квадраттың ауданын табу формуласын жазыңдар.
    3. Жүрілген жолды табу формуласын жазыңдар.

    Билет тапсырмалары (вагон түрлері бойынша)

    1-билет — жалпы вагон

    Есеп

    Бастапқы деңгей

    Самал 2,16 кг дәрілік шөп жинады, ал Айша одан 3 есе артық жинады. Айша қанша дәрілік шөп жинады?

    2-билет — купе вагон

    Есеп

    Орта деңгей

    Азық-түлік қоймасындағы 1503,6 кг күрішті қаптағанда 28 қап болды. Бір қапта неше кг күріш бар?

    3-билет — жұмсақ вагон

    Есеп

    Жоғары деңгей

    Бірінші поезд 4 сағатта 251,6 км, екінші поезд 5 сағатта 298 км жол жүрді. Поездардың жылдамдықтарын тауып, салыстырыңдар.

    Поездға отырғызу аяқталды. Жолдарың болсын! «Мультфильмдер еліне» тез жету үшін арадағы аялдамалардағы тапсырмаларды орындаймыз.

    Аялдама 1: «Микки Маус»

    Теңдеулерді шешіңдер:

    1. (x + 12,9) : 1,7 = 12
    2. (12x − 5x) : 4 = 1,4

    Аялдама 2: «Винни Пух»

    Винни Пух балды ыдысымен бірге өлшегенде массасы 34,75 кг болды. Ал ыдыстың массасы одан 32,45 кг жеңіл. Ыдыстың массасы неше килограмм?

    «Мультфильмдер еліне» келдік

    Енді қонақүйге орналасу керек. Бос орын бар-жоғын білу үшін келесі есепті шығарайық.

    Қонақүй есебі

    Теплоход ағыспен 26 км/сағ жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы 22 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Теплоходтың меншікті жылдамдығын табыңдар.

  4. 4) Қорытынды

    Рефлексия

    Сабақта орындалған тапсырмалар бойынша қысқаша талдау жасалып, негізгі тұжырымдар бекітіледі.

  5. 5) Үй тапсырмасы

    Оқулықпен жұмыс
    Бет: 283
    Есептер: 978 және 980
  6. Бағалау

    Кері байланыс

    Оқушылардың белсенділігі, есеп шығару дәлдігі және топтық/жеке жұмыстағы қатысуы бойынша бағаланады.