Ребустар шешу, салыстыру әдісі
Қайталама қос сөздер (Қазақ тілі, 4-сынып)
Бұл сабақ тақырыбы 4-сынып оқушыларына арналған және қайталама қос сөздерді меңгертуге бағытталған. Оқушылар қайталама қос сөздердің жасалу жолдарын түсініп, бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата алады және сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға дағдыланады.
Негізгі мақсат
- Қайталама қос сөздерді үйрену.
- Жасалу жолдарын түсіну.
- Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді таба білу.
Күтілетін нәтиже
- Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ізденісі мен шығармашылық дағдылары артады.
- Жаттығуларды талдау арқылы еркін ойлау және өз көзқарасын дәлелдеп жеткізу қабілеті дамиды.
- Өзгені тыңдау, тұжырым жасау дағдылары жетіледі.
Оқытуда қолданылатын модульдер
Сабақ мазмұны төмендегі бағыттармен кіріктіріледі:
Әдіс-тәсілдер және жұмыс форматы
- Ребус шешу.
- Салыстыру әдісі.
- «Өз орныңды тап» ойыны.
- Интервью әдісі.
Сабақ соңында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау және өз ойын білдіруге мүмкіндік беру үшін «Бағдаршам» әдісі қолданылады.
Ресурстар
Қалам, дәптер, маркер, қима қағаздар.
Қолғап суреттері.
Сілтемелер
- ҚР Білім беру стандарты.
- Күнтізбелік жоспар (4-сынып).
- Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова. «Қазақ тілі» оқулығы.
Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дүзелбаева Алтынай Қонақбайқызы