Сабақтың эпиграфын айту
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Ұлы ғалым Жак-Ив Кустоның пікірі
Түрі
Ойын элементтері аралас танымдық сабақ
Типі
Дәстүрлі
Әдістер
- СТО элементтері
- Сұрақ–жауап
- «Қар кесегі» ойыны
- Топпен және жұппен жұмыс
Көрнекіліктер
- Компьютер, интерактивті тақта (танымдық слайдтар)
- Қосымша мәтіндер жазылған парақтар
- Нөмірленген жетондар: А/Ә/Б және 1/2/3
Жетондар үлгісі:
А-1, А-2, А-3; Ә-1, Ә-2, Ә-3; Б-1, Б-2, Б-3
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұлы ғалымның өмірімен, еңбектерімен және ашқан жаңалықтарымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ойды нақты тұжырымдап айтуға дағдыландыру; шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Ғалым өмірін үлгі ете отырып, Табиғат-Ананы аялауға баулу және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сыныпты үш топқа бөлу: А, Ә, Б.
- Топ басшыларын сайлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Толықтауыштың анықтамасын айту.
Үйге берілген сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды тауып, астын сызу.
III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту
Миға шабуыл (1-слайд)
Жак-Ив Кустоның портреті көрсетіледі. Мұғалім сұрақ қояды:
- Суреттегі адамды танисыңдар ма? Бұл кім?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Қазір ол тірі ме, жоқ па?
- Ол немен айналысқан?
- Оны қайдан көрдіңдер?
Эпиграф (2-слайд)
Сабақтың эпиграфы айтылады.
IV. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
«Ғалымның пікірі» мәтінін түсініп оқу (250-бет).
Сұрақтар арқылы бағыттау
Оқушылар мәтінді оқып болған соң мұғалім сұрайды:
- Мәтіннен Кусто туралы көп мәлімет алдыңдар ма?
- Ол туралы тағы да көп білгілерің келе ме?
V. «Қар кесегі» ойыны арқылы білімді толықтыру
3-слайд: «Жак-Ив Кусто» мәтіні
Үш топтағы (А, Ә, Б) 3 оқушының әрқайсысына үш абзацтан тұратын бірдей мәтін таратылады (барлығы 9 мәтін).
1-үстел: А тобы
А-1, А-2, А-3 жетондары.
1-абзацты оқиды.
2-үстел: Ә тобы
Ә-1, Ә-2, Ә-3 жетондары.
2-абзацты оқиды.
3-үстел: Б тобы
Б-1, Б-2, Б-3 жетондары.
3-абзацты оқиды.
Жұмыс форматы
- Әр топ өзіне тиесілі абзацты ғана оқиды.
- Жұппен талқылайды, кейін топ ішінде ортаға салады.
- Уақыт: 5 минут.
Топтарды қайта құру
5 минуттан кейін А/Ә/Б әріптерінің орнына 1/2/3 сандары қойылып, жаңа топтар құрылады:
- 1-топ: А-1, Ә-1, Б-1
- 2-топ: А-2, Ә-2, Б-2
- 3-топ: А-3, Ә-3, Б-3
Әр топтың бір мүшесі оқыған абзацын мазмұндайды; топтастары толықтырады. Топ басшысы бағалау парағына белгілеп отырады. Қалған екі топ мұқият тыңдап, дәптеріне жоспар немесе сызба түсіреді.
Тапсырмалар
1-топ
Оқылған бөліктерге (абзацтарға) ат қою.
2-топ
«Зерттеуші» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
3-топ
Мәтін бойынша жоспар құру.
VI. Картамен жұмыс
4-слайд: Франция картасы
Оқушылар картадан Тулон мен Париж қалаларын және Жерорта теңізін көрсетеді.
VII. Кусто ашқан жаңалықтар
5-слайд
Әйгілі француз ғалымы қандай жаңалық ашты, нені ойлап тапты?
- Батискаф
- Акваланг
- «Титаник» кемесі туралы материалдар (суреттер арқылы)
VIII. Сөздік жұмысы
Сөздік жұмысын INZERT стратегиясы арқылы орындау (250-бет).
Сөздер мен тіркестер
- мұхит зерттеушісі
- толғандырады
- су өткізбейтін камера
- жарық беретін
- саналы азаматтар
IX. Ойтолғаныс
Топпен жұмыс: «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» стратегиясы
А тобы
Мәтіндегі даталарды жазу.
Ә тобы
Мекен-жайды жазу.
Б тобы
Болған оқиғаны жазу.
X. Оқулықтағы тапсырма
251-бет: сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау.
Тапсырма ауызша орындалады.
XI. Үй тапсырмасы
Жак-Ив Кустоға алғыс хат жазу.
XII. Бағалау
Бағалау парағы тақтаға ілінеді. Мұғалім оқушылардың бағаларын хабарлайды.
Нәтиже
Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.