Көздерің жұмулы

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Өңір
Алматы облысы, Панфилов ауданы
Білім беру ұйымы
Головацкий атындағы орта мектеп
Пән
Өзін-өзі тану
Мұғалім
Алимкожаева Асылхан Жумаханқызы

Тақырып және құндылықтар

Тақырып
Мінез — адам көрсеткіші
Негізгі құндылық
Ішкі тыныштық
Қасиеттер
Жақсылыққа ұмтылу Адамгершілік Имандылық Ізгілік Кісілік Сенім Мейірімділік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға риясыз жақсылық жасап, дұрыс әрекет еткенде ғана ішкі тыныштықтың қалыптасатынын ұғындыру.

Міндеттері

  • Оқушылардың мінез-құлық туралы түсінігін кеңейту.
  • Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету.
  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, тыныш әрі сенімді атмосфера қалыптастыру.

Тыныштық сәті

Асықпай, өмір тынысын алыңдар (2–3 рет). Мүмкіндігінше бұлшықеттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар. Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер: сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың.

Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы. Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін-әлсін теңіз балдырларының иісі келеді. Теңіздің бірқалыпты шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі.

Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана-сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп-кеткен толқын денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршау мен шалдығуды, мазасыздық пен күйзелісті, өзіңе деген сенімсіздікті, өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйінішті — қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр.

Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп-кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: дем ал — дем шығар, дем ал — дем шығар, дем ал — дем шығар. Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындаламыз.