Оқушыларды III топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Сабақтың мақсаты
Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысып, олардың тақырыптары мен идеясын ашады.
Сабақтың түрі
Жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.
Бағалау
Ойды еркін әрі анық жеткізе білу дағдылары бойынша бағаланады.
Сабақтың міндеттері
1) Мазмұнға байланысты
- Әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып, оларды тақырыптарына қарай топтайды.
- Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.
2) Сыни ойлауды дамыту
- Ой талқысына түсіп, өзара пікір алмасады.
- Іс-әрекеттерін талдайды.
3) Топтық жұмыс
- Өз ойын дәлелдеп, қорғауға үйренеді.
- Бір-бірін тыңдап, толықтыру арқылы түсініксіз тұстарды нақтылайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Бір айналым сөйлесу
- Үш жақты күнделік
- Топтастыру
- Еркін жазу
Көрнекіліктер
- Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жинағы
- Сызба-кесте
Сабақтың құрылымы
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру
- Оқушыларды үш топқа бөлу.
- Өткен сабақтағы білімді еске түсіру.
Ой ашар сұрақтары
Сұрақ:
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Жауап: Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі.
Тапсырма:
Білетіндеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.
Оқушылар топтасып жазады, әр топтан бір оқушы қорғайды.
II. Мағынаны тану
Бүгін өткен білімді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен танысамыз.
Әңгіме дегеніміз не?
Әңгіме — адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін, сюжетті көркем шығарма.
Ыбырай әңгімелерінің ерекшелігі
- Қысқа мәтінге терең мағына сыйғызады.
- Мақал-мәтелдерді орынды қолданады.
- Әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше мән береді.
Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы және әңгіме жанрының негізін салушылардың бірі.
Тақырыпты анықтау тапсырмасы (суреттермен жұмыс)
Оқушыларға суреттер таратылады. Әр топ суреттердің қай тақырыпқа арналғанын анықтап, топ болып қорғайды.
Үш топқа оқу-білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты суреттер беріледі.
Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыптары
| Тақырып | Мазмұндық бағыты |
|---|---|
| Еңбек | Еңбекке баулитын шығармалар |
| Өнер-білім | Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар |
| Адамгершілік | Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар |
I топ
Еңбекке баулитын шығармалар
II топ
Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар
III топ
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
Тапсырманы орындауға 7 минут беріледі. Оқушылардың ойлары тыңдалып, кесте арқылы толықтырылады.
Үш жақты күнделік стратегиясы
Тақырыпты тереңірек түсіну үшін әр топ берілген мәтін бойынша төмендегі кестені толтырады. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
| Ең маңызды, ұнаған үзінді | Түсініктеме | Лайықты мақал |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
Топ оқушылары бірлесе отырып, жұмыстарын қорғайды.
III. Ой толғаныс
Бүгін не үйрендік, не білдік? Ыбырай әңгімелері туралы ойымызды әрқайсымыз бір сөйлеммен қорытындылайық.
Бір айналым сөйлесу стратегиясы
Бастапқы сөйлем: «Ыбырай — балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы».
Оқушылар осы ойды жалғастырып, өз тұжырымдарын айтады.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, бағаланады.
IV. Үй тапсырмасы
- 1. Ыбырай әңгімелерін оқып, тәрбиелік мәніне назар аудару.
- 2. Өздеріңізге ұнаған бір әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу.