Өнерлі қонақтар

Мақсат пен міндет

Мақсаты

Оқушыларға болашақта заман талабына сай дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың өзіне тән қызығы мен қиындығы бар екенін терең ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті

Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауға ынталандыру, қоғамдағы әртүрлі мәселелерді еңсере білуге тәрбиелеу.

9-сынып Мамандыққа бағдар Еңбек құндылығы

Жоспар және ұйымдастыру

I. Ұйымдастыру

  • Шоуға қатысатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау, қадағалау.
  • Тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын және өткізу барысын таныстыру.

II. Негізгі бөлім

  • Құрметті қонақтармен және мамандармен пікірлесу.
  • Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ой-толғауы.
  • Өнерлі қонақтардың өнер көрсетуі.

III. Қорытынды

  • Түйін сөздер мен кері байланыс.
  • Көңіл ашар би.
  • Қонақтарға алғыс пен естелік сыйлықтар табыстау.

Жүргізушілер

1-жүргізуші:
Ыбырай Сахиев
2-жүргізуші:
Асылан Мәтенов

Көңіл ашар би

Орындайтындар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана.

Кештің ашылуы: негізгі ой

Жүргізушілер сөзі

Құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 9 «В» сыныбында «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағаты өтеді.

Әр адам өз қабілеті мен бейімділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Нарықтық экономика жағдайында серпінді дамуға сай білікті кадрлар даярлау мәселесі өзекті. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту үшін сан алуан мамандық иелері қажет.

Кештің өзегі

  • Оқушылар мамандық таңдаудағы ойын ашық айтады.
  • Тәжірибелі мамандар өз кәсібінің қыр-сырын бөліседі.
  • Еңбек, талап және үздіксіз ізденіс құндылығы талқыланады.

Түйін: Кез келген кәсіптің жеңілі жоқ. Нәтиже — ынта, еңбек және дұрыс бағыттың жемісі.

Дәйексөз

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомып қырдан аса алмайсың».

Бауыржан Момышұлы

Оқушылар көзқарасы: болашақ таңдаулар

Әсем

«Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім немесе дәрігер бол дейді. Жалпы кез келген саланың өз қиындығы бар. Адамның ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Көп ойлана келе экология саласын таңдауға талаптанып жүрмін, ата-анам да құптайды».

Ж. Айдана

«Ел экономикасын дамытуға қажет мамандықтарды — мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты бағыттарды — таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Сонымен бірге шет тілін меңгеріп, шетелдіктермен еркін сөйлесе алатындай деңгейге жету маңызды. Нарық талабын түсіну үшін менеджмент негіздерін білу де қажет».

А. Айдана

«Компьютерді жетік меңгеріп, интернеттің қыр-сырын білу керек. Бірнеше шет тілін үйрену артық етпейді, бірақ алдымен ана тілімді толық меңгеруім қажет. Мен техник-программист болғым келеді».

Сұрақ

«Барлық кәсіптің де оңайы жоқ па?» — деген сауал кештің келесі бөлімінде мамандармен әңгіме арқылы тереңдетіледі.

Қонақтар және пікір алмасу

Алтын Жұмаш Төлеуқызы

Кітапханашы

Ұстанымы: «Адам ынтамен жұмыс істесе, еңбегі жеңілдеп, нәтижесі артады».

Қонақ оқушылар сұрағына жауап беріп, кітапханашы мамандығының жауапкершілігі мен қоғамдағы рөлін түсіндіреді.

Макулова Шолпан Қуанышқалиқызы

Кәсіпкер, тігінші

Ұстанымы: «Егер нәсіп керек болса, қолөнер үйрен. Адал еңбегін алдаусыз сататын қолөнерші — елдің төресі».

Тігіншілік пен кәсіпкерліктің күнделікті еңбегі, табандылық пен сапаға жауап беру сияқты талаптары сөз болады.

Сарқұлов Бейнеш

Үлгілі ата-ана, еңбек адамы

Нақылы: «Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады».

Оқушылармен әңгімеде еңбекқорлық, тұрақты дағды және жауапкершілік туралы өмірлік тәжірибелерін бөліседі.

Көптілеу Талғат Сәбитұлы

Жеке өрт сөндіру бекетінің бастығы, аға лейтенант

Ұстанымы: «Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме».

Қауіпсіздік мәдениеті, тәртіп, батылдық және командалық жұмыс құндылығы айтылады.

Кәсіптік білім туралы

Кеште кәсіптік лицей туралы бейнематериал көрсетіліп, оқушыларға нақты кәсіп игерудің жолдары мен мүмкіндіктері таныстырылады.

Мусина Роза Нұғманқызы

Мұғалім

Ұстанымы: «Іздену, ізденіп жүру».

Оқушылармен мамандық, оқу бағыты және қабілетке сай шешім қабылдау туралы ой бөліседі.

Өнер, қызығушылық және кәсіби жол

Әселдің сұрағы: би өнері

«Мен теміржол саласын емес, би өнерін таңдағым келеді. Кейбіреулер биді тек мектеп сахнасымен шектейді. Мен “Айданай” би үйірмесінің мүшесімін. Болашақта кәсіби биші болу үшін қандай кеңес бересіздер?»

Түйін ой

  • Қызығушылық — бастау, ал жүйелі еңбек — нәтижеге жеткізетін жол.
  • Өнер де кәсіп: тәртіп, дайындық, денсаулыққа күтім және тұрақты тәжірибе қажет.
  • Мақсат айқын болса, мүмкіндік көбейеді: үйірме, байқау, оқу орны, ментор.

Дәйексөз

«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан».

Абай Құнанбаев

Қорытынды: кәсіби таңдау мәдениеті

Негізгі қорытынды

Қандай мамандық таңдасаң да, оның қыр-сырын терең меңгеру қажет. Жақсы маман болудың бастауы — мектептегі сапалы білім мен дұрыс тәрбие.

Арман және жауапкершілік

Әр адамның жастайынан арманы болады. Сол арманға жету үшін талап, еңбек және табандылық қажет.

Ұстаз тілегі

«Оқушыларымның әрқайсысы өмірден өз орнын тапса — мен үшін ең үлкен бақыт».

Рефлексия

Нені білдік?
Тәжиева Жадыра
Нені үйрендік?
Балықбаев Асылбек

Сән әлемі: рөлдік таныстырылым

  • Полиция — Самат
  • Дәрігер — Әсем
  • Өрт сөндіруші — Демежан
  • Мұғалім — Айдана
  • Теміржолшы — Сүндет
  • Шаштараз — Әсел
  • Аспазшы — Айбек
  • Даяршы — Мөлдір
  • Теміржол кезекшісі — Айдана

II бөлім: қонақтардың өнері

  • Алтын Жұмаш — көркем сөз оқиды
  • Мусина Роза — оқушысы өнер көрсетеді
  • Көптілеу Талғат — мақал-мәтел айтады
  • Шолпан Макулова — қолөнер бұйымын дайындайды
  • Сарқұлов Бейнеш — ән айтады

Алғыс және түйін

Құрметті қонақтар, оқушыларға дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, әр кәсіптің өз қиындығы мен қызығы барын түсіндіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Уақыт бөліп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін 9 «В» сыныбының дайындаған естелік сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетті түрде бір жетерсің ойыңа алсаң.

Түбінде баянды еңбек — егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған — өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Дайындаған: Ыбырай Сахиев Базарбайұлы