Тақырыпты анықтау
Жалпы мақсаттар
- Сабаққа деген қызығушылықты арттыру.
- Тақырыпты анықтау.
- Тақырыпқа қатысты деректерді жинау, әртүрлі деректерді салыстыру және дифференциалды тапсырмалар арқылы қолжетімді фактілердің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау.
- Жұппен жұмыс арқылы ойды ашық жеткізу және бірін-бірі тыңдау.
Зерделеу нәтижелері
- Сабақтың қызықты өтуі үшін алдын ала жағымды көңіл күй қалыптастырады.
- Жұппен жұмыс істеудің пайдасын түсінеді.
- Тапсырмаларды дұрыс орындауға мән беріп, зейінін шоғырландырады.
- Өзара немесе өзін-өзі бақылау арқылы нәтижеге жетуге ұмтылады.
- Бірін-бірі тыңдау арқылы нақты қорытындыға келуге болатынын байқайды.
Түйінді идеялар
- Тақырыпқа қатысты мағлұматты бір-бірінен есту арқылы үйренеді.
- Жұбын бағалау арқылы сыныптағы ахуал жақсарып, оң нәтижеге ұмтылыс күшейеді.
- Өзін-өзі бағалап, артық-кем тұстарын саралап, келесі сабақта қателіктерді қайталамауға тырысады.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар сыныпта жұппен отырады.
- Амандасу.
- Бүгінгі сабаққа тілек айту: «Сабақ сәтті өтсін!» Оқушылар да өз тілектерін білдіреді.
- Сабақтың күні мен сынып жұмысы тақтада көрсетіледі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысы: іс-әрекеттер
1-әрекет: Ой шақыру
Оқушылардан тақырыпқа қатысты қандай сөздер қажет екенін сұрап, анықтау. Бұрын білгендерін еске түсіру.
Жаңа сөздер (қазақша — орысша)
- ас үй
- кухня
- тоңазытқыш
- холодильник
- сіріңке
- спички
- күрекше
- совок
- сыпыртқы
- веник
- алжапқыш
- фартук
- сақтаймыз
- храним
- тамақ кесетін тақтай
- разделочная доска
- ас үй орамалы
- кухонное полотенце
2-әрекет: Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар. Осы мәтінді пайдаланып, өз ас бөлмелерің туралы айтып беріңдер.
Ас бөлмесі
Мынау — досымның ас үйі.
Ас бөлмесінде Артемнің анасы тамақ дайындайды. Табада жұмыртқа қуырылып жатыр. Шәйнекте су қайнап жатыр.
Үстелде жеміс-жидек салынған ыдыс тұр. Түскі тамақтан кейін ол анасына ас үйді тазалауға көмектеседі.
Ол ыдыстарды ас үйдегі шкафқа қояды. Олар тамақтарын тоңазытқышта сақтайды.
Тапсырма
Жұбыңмен мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
3-әрекет: Фонетикалық талдау
«Тоңазытқыш», «жеміс», «шәйнек» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
Бағалау
Жұбыңмен алмасып, фонетикалық талдауды тексеріп, бағалаңдар.
4-әрекет: Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан «Жорға биін» көріп, қайталау.
Уақыты: 1 минут.
5-әрекет: Қолдану және қорытындылау
Ас үйдегі артық заттарды атаңдар. Интерактивті тақтада суреттер беріледі.
Insert әдісі бойынша қорытынды кесте
Не білемін?
Что знаю?
Не білдім?
Что узнал?
Не білгім келеді?
Что хочу знать?
Бағалау
Оқылымды аяқтап, жалпы жұмыс бойынша кері байланыс жасалады.
Үй тапсырмасы
Ас және тағам туралы мақал-мәтел жаттау.