Екі топ оқушыларының алдындағы жұлдызшалар саналып, көп жұлдызша алған топты марапаттау

Қарағанды қаласы, №6 жалпы білім беретін орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметжанова Алмагүл Карбаевна

Сабақтың тақырыбы
Бүгін бізде 4 сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды топтық сайыстарға үйрету және алған білімдерін тексеру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу, білім-біліктерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.
  • Топтардың атауы: «Алғырлар» және «Тапқырлар».
  • Әр топ өз ұраны мен сәлемдесуін таныстырады.

2) Өткен сабаққа шолу

«Кім жылдам?» ойыны

Екі топқа кезекпен бірнеше сұрақ қойылады. Жылдам әрі дәл жауап берген оқушылар тобына ұпай (жұлдызша) қосылады.

3) Жаңа сабақ: «Білім бағына саяхат»

Сабақ жарыс түрінде өтеді. Оқушылар «Білім бағына» Білім көлігімен аттанады. Жолда әртүрлі аңдар кездесіп, тапсырмалар береді. Әр тапсырма орындалған сайын топтар жұлдызша жинайды.

«Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып, тәлім-тәрбие табар ма?
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға — сол алда.»

Сауат ашу: Қасқырдың тапсырмалары

1-сабақ

1-тапсырма: Дыбыстық талдау

Алғырлар

  • Ойыншықтар
  • Құстар

Тапқырлар

  • Доп
  • Жылқылар

2-тапсырма: Қай топ көп сөз құрайды?

Берілген сөз: «Кемпірқосақ»

3-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны

Шарты: тақтаға теңге ілінеді. Теңгені алу үшін оқушы бір жаңылтпаш айтып береді.

Үзіліс белгісі

Қоңырау соғылады. Ән: «Біз дәуірдің түлегіміз»

Математика: Түлкінің тапсырмалары

2-сабақ

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер

Алғырлар

Аулада 3 үйрек, қорада 1 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалды неше үйрек?

Тапқырлар

Табақта 5 алма, қолымда 2 алма. Қосқанда барлығы неше алма болады?

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны

Мұғалім асықты шашады. Оқушылар асықты жинап, әр топ өз асықтарын қосып санайды. Соңында нәтижелер салыстырылады.

3-тапсырма: «Кім шапшаң?»

Алғырлар

  • 8 − 3 =
  • 6 + 2 =
  • 5 − 5 =
  • 4 + 0 =
  • 9 − 0 =

Тапқырлар

  • 7 − 4 =
  • 5 + 3 =
  • 4 − 4 =
  • 5 + 0 =
  • 6 − 0 =

Үзіліс белгісі

Қоңырау соғылады. Ән: «Ертегілер»

Дүниетану: Қоянның тапсырмалары

3-сабақ

1-тапсырма: Жылдам жауап

Оқушылар жауап беру үшін алдарындағы дөңгелекшені көтереді.

  • Өсімдіктердің түрлерін ата.
  • Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
  • Қол не үшін керек?
  • Қазақтың тұңғыш президенті кім?
  • Кітап не үшін керек?
  • «Қызыл кітапқа» не жазылады?
  • Тірі табиғатқа нелер жатады?

2-тапсырма: Суреттермен жұмыс

Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі. Оқушылар жануарлардың немен қоректенетінін анықтап айтады.

Үзіліс белгісі

Қоңырау соғылады. Ән: «Қуыршақ»

Бейнелеу өнері: Аюдың тапсырмалары

4-сабақ

Тапсырма: Суреттерді бояу және көрме жасау

Екі топ оқушыларына әртүрлі суреттер таратылады. Берілген уақыт ішінде суреттерді ұқыпты әрі дұрыс бояп, дайын жұмыстарды көрмеге жылдам іліп қою қажет.

Үзіліс белгісі

Қоңырау соғылады. Би: «Қаражорға»

Сабақты бекіту және қорытынды

Бүгінгі «Білім бағына саяхатта» оқушылар қысқы табиғат туралы түсініктерін бекітіп, жолай кездескен тапсырмаларды бірлесе орындады. Кедергілерден ұйымшылдықпен өтіп, білімдерін көрсетті.

Рефлексия сұрақтары

  • Сабақ ұнады ма?
  • Қай тапсырма қызығырақ болды?
  • Топпен жұмыс жасағанда нені үйрендің?

Сабақ соңында екі топтың жиналған жұлдызшалары саналып, көп жұлдызша жинаған топ марапатталады.