Көркем сөз
Қош келдіңіздер!
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Бүгін — ерекше күн. Бұл Халықаралық әйелдер күні әрі көктем мерекесі. Наурыз айы — үлкен мерекелердің айы. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ.
Біз бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өнеміз. Күллі адамзат абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.
Жүргізушінің құттықтауы
Өлең жолдары
Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса, бастайық!
Қарсы алу
Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып-тасып. Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығып, таныстырады.
Қатысушылар
- 1-ауру:Құсайын Гүлназ—Ерсайын Айдар
- 2-ауру:Аты көрсетілмеген
- 3-ауру:Аты көрсетілмеген
- 4-ауру:Аты көрсетілмеген
- 5-ауру:Аты көрсетілмеген
- 6-ауру:Аты көрсетілмеген
Би
Вальс
Ару қыздарымыздың орындауында
Қолдау
Атына заты сай аруларға тағы бір мәрте қол соғып, қарсы алайық!
Әділқазылар және сайыс ережесі
Жүргізуші
Уа, арулар, арулар! Ешкімнің жоқ алар. Ару болу — үлкен сын, Оны қазылар бағалар.
Әділқазылар алқасымен танысып алыңыздар.
Сайыстың кезеңдері
-
1) Реттік санын алу
Қатысушылар өз нөмірін алады.
-
2) Таныстыру
Өзін таныстыру, сыпайы әрі нақты.
-
3) Сұрақ-жауап
Білімін, тапқырлығын көрсету.
-
4) Өнер көрсету
Ән, би, көркем сөз және т.б.
-
5) «Анамның сүйікті асы»
Тағам дайындау және дайындалу жолын түсіндіру.
-
6) Сән үлгісін көрсету
Жүріс мәнері, талғам, үйлесім.
Жүргізуші сөзі
Білім, ғылым, өнерге Қанат қағар кездерің. Ата-салтын ертеңге Жеткізетін — өздерің.
Сайыс барысы
I кезең: Реттік санын алу
Ән
«Үкілі кәмшат»
II кезең: Таныстыру
Бүлдіршін арулар келді танысуға, Бойындағы бар дарынды танытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен тілдесуге. Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Ән
«Қуыршақ»
III кезең: Сұрақ-жауап
Сырлары көп ғылымның, Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне.
Сұрақтар
- 1) Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?
- 2) Ана туралы тақпақ білесіңдер ме?
- 3) Анаң сені үйде қалай еркелетеді?
- 4) Қандай мақал-мәтелдерді білесің?
- 5) Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
- 6) Төрт түлік малды ата.
Би
Жігіттер биі
IV кезең: Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып, кідірмейік.
Қатысушылардың өнері
- 1-ауру: Ән — «Балалық шақ»
- 2-ауру: Үнді халқының биі
- 3-ауру: Көркем сөз — «Отан»
- 4-ауру: Ән — «Анашым»
- 5-ауру: Би — «Қамажай»
- 6-ауру: Өзбек биі
Би
«Көңілді күн»
V кезең: «Анамның сүйікті асы»
Арусыңдар таудай биік талабың, қызысыңдар еркін өскен даланың. Ал, қанекей, мүдірмеңдер бұл сында: ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болып па?
Тапсырма: тағам дайындау барысын және дайындалу жолдарын қысқаша айтып, түсіндіру.
VI кезең: Сән үлгісін көрсету
Ал, халайық, ықыласпен қолдайық, Арулардың сән үлгісін көрейік. Сыры мен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берейік.
Арулар реттік нөмірлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.
Қорытынды және марапаттау
Жүргізуші сөзі
Барына риза болсын көрермендер, Көрсетті өнерлерін жас өрендер. Осымен сайысымыз аяқталсын, Қазылар берсін енді шын бағасын. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Өнерлі, білімділер жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Рәсім
- 1) Әділқазыларға сөз беріледі.
- 2) Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
- 3) Қорытынды сөз айтылады.
Марапат иелері
- Көктем аруы
- Құсайын Гүлназ
- Білімді ару
- Аманкелді Еркежан
- Өнерлі ару
- Меңдеш Адия
- Шырайлы ару
- Ерсайын Әнел
- Сәнқой ару
- Егеш Жайнар
- Іскерлі ару
- Маратқызы Аружан
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға алғыс айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!