Фигураларды ата

Білім беру саласы

Қатынас

Сабақ тақырыбы

4 саны және цифры

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға 4 санының шығуын түсіндіру; 4 цифрын жазуға үйрету; 4-ті 1, 2, 3 сандарымен салыстыру; төртбұрыштың элементтері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік

Тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа баулу.

Дамытушылық

«Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі
Аралас сабақ (ойын сабақ, топтық сайыс)
Сабақтың әдістері
Ойындар, логикалық есептер, санамақтар

Ресурстар және байланыс

Көрнекіліктер
Оқулық, суреттер, фигуралар, сандар
Пәнаралық байланыс
Сурет, еңбекке баулу, дүниетану

Бұл сабақ жоспары ойын элементтері арқылы 4 санын түсіндіру және оны жазу, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Санамақтарды айту.

III. Үй тапсырмасын бекіту

«Орамал тастамақ» ойыны арқылы.

  1. Фигураларды ата: нүкте, сәуле, бұрыш.
  2. 2 + 1 қосындысының мәнін тап. Қосу амалының компоненттерін ата.
  3. 3 − 1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалының компоненттерін ата.
  4. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін ата және мысал келтір.
  5. Сандарды өсу ретімен сана.

IV. Жаңа сабақты меңгеру

1-тапсырма

Теңдіктің қалай құрылғанын түсіндіру. Жаңа санды шығару және сәйкес цифрды жазу үшін суреттермен жұмыс.

3 + 1 = 4

4 − 1 = 3

Кесіндіні өлшеу: 4 см және 2 см.

2-тапсырма

Теңдіктер құр:

+ 1 = 4

4 − 1 = 3

«Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

3-тапсырма: салыстыр

3 ? 4

4 ? 3

Ойынның мазмұны: «Құстарға қамқорлық»

Ағаш бұтағына тапсырмалар жазылған кеспелер ілінеді. Әр кеспе орналасқан бұтақта құстар «отырады». Тақтаның ыңғайлы жеріне жемсауыт ілінеді. Оқушы кеспедегі мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа «қондырады». Барлық тапсырма толық орындалса, құстардың бәрі жемсауытқа жиналады. Дұрыс жауап берген оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады.

4-тапсырма

Теңдіктер құр және дауыстап оқы:

+ = 4

4 − =

Шығармашылық тапсырма (дәптермен жұмыс)

  1. Суретке қарап, сәйкес өрнекті тауып, мәнін тап.
  2. Сандарды және ұзындықтарды салыстыр.
  3. 4 цифрын жаз. Қосу және оған кері азайту амалдарының ізін бастырып жазып, мәндерін тап. (Сандар қатарын жазу.)

Сергіту сәті

Шаршадым — «Уһ!» дедім,
Ренжідім — «Туһ!» дедім,
Қорықтым — «Ой!» дедім,
Өкіндім — «Ах!» дедім,
Шарасыз — «Ех!» дедім,
Кейідім — «И!» дедім,
Біліп ап — «Ә!» дедім,
Қуанып — «Ха-ха-ха!» дедім.

VI. Сабақты қорытындылау

«Қимақ» ойыны арқылы қайталау.

  1. 3 + 1 өрнегінің мәнін тап.
  2. Салыстыр: 2 ? 4; 4 ? 3.
  3. Кері амалды тап: 1 + 2; 3 − 1; 4 − 1.
  4. Қалып қойған сандарды ата: 0, 2, 3; 4, 2, 1.

VII. Үйге тапсырма

Теңдіктер құруды үйрену және оларды дұрыс оқып айту.

VIII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау дәлдігі және ойын барысындағы қатысуы бойынша бағалау.