Тіл туралы өлең - тақпақтар оқу

Іс-шараның бағыты

Тақырыбы

Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі

Мақсаты

  • Сәкен Сейфуллиннің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы оның сыршыл да шыншыл өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету.
  • Мемлекеттік тілді қастерлеуге баулу, оқушыларды білімге, туған жеріне және еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
  • Түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайтып, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру және оны дамытуға үн қосу.

Кіріспе: мерекелік жиынның мәні

Жүргізуші 1

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан халқы тілдерінің XIII қалалық фестивалі аясында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі — ақын-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2

Құрметті қауым! Астана қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары ұйымдастырған мерекелік кешке қош келдіңіздер! Бүгінгі шара Қазақстан халқы тілдерінің XIII қалалық фестивалімен және еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Арнау шумақ

Арманшыл, балғын түлектің,
Бойына қанша гүл ектің?!
Шәкіртің үшін аянбай,
Жылуын бердің жүректің!

Бағдарламада: қазақ биі.

Тіл — елдіктің өзегі

Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ. Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі — тіл. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, өйткені әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі.

«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, маңыздысы бола береді.»

— Нұрсұлтан Назарбаев

Тіл туралы өлең-тақпақтар

1-оқушы

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім — анам тілі — өз тілім!
Туған тілім — далам тілі — өз тілім!
Туған тілім — адам тілі — өз тілім!

2-оқушы

Қай халықтың тілі болсын — өзіне тән қымбат та қимас қазына. Сондықтан ана тіліміз — алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.

3-оқушы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», — деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту — баршамыздың міндетіміз әрі парызымыз.

4-оқушы

Қазақ тілі — борандатқан дауыл күй!
Қазақ тілі — өлең, жыр мен ән мен күй!
Байқасаңдар, қазақ тілі осындай —
Аққан судай, ескен желдей табиғи!

5-оқушы

Сегодняшний Казахстан — многоязычная страна, в которой проживают народы, говорящие на языках разных групп. Еще Максим Горький говорил: «Надо воспитывать в себе вкус к хорошему языку, как воспитывают вкус к гравюрам, к хорошей музыке».

6-оқушы

Kazakhstan is a multinational independent country. There are 126 nationalities. TV and radio programs, newspapers, and magazines are published in different languages.

7-оқушы

Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тіл сырын сақтаған.
Бәрінен де сен артықсың,
Қазақ тілім, жыр баптаған!

Тілім барда мақтанамын,
Әнімді айтып шаттанамын.
Сол тілімнің құдіреті —
Таптатпаған жатқа бағын!

Мақал-мәтелдер: тілдің құдіреті

  • Тілі бардың — елі бай.
  • Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  • Өнер алды — қызыл тіл.
  • Шебердің қолы ортақ, шешеннің ойы ортақ.

9-оқушы

The school has doors that open wide,
And friendly teachers wait inside.
Hurry, hurry, let’s go in,
For soon the lessons will begin.

Kazakh and English I will need
When I start to write and read.
Lots to learn and lots to do —
I like studying languages.
And what about you?

10-оқушы

Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен әдетті мен жаттадым.
Ең алдымен сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

«Шешеннің тілі — шебердің бізі», — деген Абай атамыздың нақылы ойға оралады. Ал Қадыр Мырза Әли: «Қай елде де болсын, тұрақты болу керек бір-ақ тіл!» — деп, тілдің тұтастығын айрықша қадірлеген.

«Тілі төрдегі елдің — туы өрде» дегендей, тіліміздің мәртебесін әрдайым жоғары көтерейік. Қазақ тілі асқақтап, өркендеп, қанатын жая берсін!

Бәрі бірге: Тіл мерекелеріңіз құтты болсын!

Бағдарламада: Құрманғазының «Балбырауын» күйі.

Тәуелсіздік: арманның ақиқаты

Жүргізуші 1

Тәуелсіздік жолы — қасиетті жол: күрес жолы, үміт жолы, ар-намыс жолы. Бұл — қазақ елін өз Отанына айналдырған түрлі халықтармен тіл табысып, үйлесімді өмір сүру жолы.

Жүргізуші 2

Тәуелсіздік, 20 жасқа келдің бе?
Бостандықты ерлікпенен жеңдің бе?
Бағзы бірде арман боп ең біз үшін,
Отанымa бақыт құс боп ендің бе?

Мемлекеттік рәміздер

Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің.
Сенсің асыл қазынам, нағыз керім.
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан ән үзбедің.

Отан туралы өлең жолдары

Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем —
Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем —
Осы менің туған өлкем.

Отанды біз — атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен —
Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас-кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.

Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана,
Отан — үлкен Қазақстан — туған ел.

Бағдарламада: Қазақстан туралы ән.

Сәкен Сейфуллин: тұлға және тағылым

Ақын Сырбай Мәуленов: «Қазақты көргің келсе, міне осы…» — деп жырлағандай, қазақтың маңдайына біткен біртуар перзенттің бірі — Сәкен Сейфуллин.

Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Сәкен туған жерін, өскен елін шын сүйген, халқының көзін ашып, көкірегін оятуға бар күшін жұмсаған жалынды тұлға болды. Оның елдің сауаттылығы мен білім-ғылымға ұмтылуын арттыруға, әдебиет пен мәдениетті өркендетіп, өзге жұртпен терезесі тең деңгейге көтеруге сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр.

Қойылым

«Тар жол, тайғақ кешу» романынан көрініс

Арнау

Ақын Сәкенге арналған өлең оқылады

Би

Мерекелік би орындалады

Қорытынды ой

Тәуелсіздік — киелі ұғым, ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арман-аңсарының шындыққа айналған көрінісі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы — елдіктің, егемендіктің, кемелденудің және келешекке құлаш сермеудің мәнді белесі.

Бағдарламада: шарлар ұшырылады.

Қорытынды: тіл мәңгі жасасын

Жүргізуші 2

Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Жүргізушілер

2011 жыл — еліміз үшін ең басты мерекелердің бірі: Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын! Тілдер мерекесі құтты болсын! Қазақстан жасай берсін!

Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

Мәтінді дайындаған:

Астана қаласы, №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі — Сыздықова Сәуле Серікқызы