Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту
Білім беру саласы мен бөлімі
Білім беру саласы
Таным, Қатынас
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі
Білім беру мақсаттары
-
1
Тұрмыстық техника және оның қолданылуы туралы білімдерін толықтыру, олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
-
2
Қауіпсіздік ережелері туралы бұрын алған білімдерін дамыту.
-
3
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, жинақылыққа баулу.
-
4
Тұрмыстық техника сатылатын арнаулы дүкендердің атауларымен таныстыру.
Сөздік жұмыс
Тұрмыстық
Техника
Сабақ барысында негізгі ұғымдарды дұрыс айтуға, мағынасын түсінуге және сөйлем ішінде қолдануға көңіл бөлінеді.
Билингвальды компонент
- тоңазытқыш
- холодильник
- тұрмыстық техника
- бытовая техника
- электр бұйымдары
- электро товары
- шаңсорғыш
- пылесос
Құрал-жабдықтар
Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сурет карточкалары
- Арнаулы дүкендер суреттері
- Үй жабдықтары, тұрмыстық техника және үй жиһаздары
Оқу және шығармашылық материалдар
- Үй жабдықтарының ойыншық түрлері
- Жұмыс дәптері
- Түрлі түсті қарындаштар
- Жұлдызшалар
Ескерту
Барлық құрал-жабдықтар балалардың қауіпсіздігі ескеріліп, жас ерекшелігіне сай іріктеледі.