Тұлпарлар тобына

Сабақтың мақсаты мен форматы

Мақсаты

  • Еліміздің тәуелсіздігі туралы білім беру.
  • Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  • Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Түрі
Топпен жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын
Көрнекілігі
Сөзжұмбақ, интерактивті тақта, есептер, слайдтар

Ойынның барысы

Психологиялық дайындық

Би: «Ахау, Керім»

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгін 2 «Ә» сыныбы ұйымдастырып отырған «Елім, менің» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Ойынымыздың мақсаты — тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімін шыңдау, жетістікке жетелеу, еліміздің тәуелсіздігін мақтан тұту және жырлау.

Бүгінгі сайысқа Оңтүстік астанамыз Алматы қаласынан «Тұлпарлар» тобы, ал Елордамыз Астана қаласынан «Қырандар» тобы қатысады. Екі топ та өз өнері мен білімін ортаға салады.

1-кезең. Таныстыру

«Тұлпарлар» тобы

Қазақстан Республикасының елтаңбасында тұлпарлар бейнеленген. Тұлпар — дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі; желдей ескен жүйрік. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылыстың символы. Поэзияда тұлпар — кең тараған, өміршең бейне.

«Қырандар» тобы

Қазақстан Республикасының туында қанатын жайған қыран бейнеленген. Қыран — билік пен айбындылықтың, биіктік пен еркіндіктің белгісі. Байтақ кеңістікте қалықтаған қыран қазақ халқының асқақ рухын, жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.

2-кезең. Ширату

Құрметті «Қырандар» мен «Тұлпарлар»! Алдымызда қандай мереке келе жатыр? Еліміз тәуелсіздігін алғанына қанша жыл толды?

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 21 жыл толып, мемлекеттік рәміздерімізге 20 жыл толып отыр.

Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті ұландары болып өсу үшін «Ширату» тапсырмаларын орындайық.

Сұрақтар

  1. Әнұранның авторлары кімдер?
  2. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
  3. Еліміздің бас қаласы қай қала?
  4. Еліміздің бұрынғы астанасы қай қала?
  5. Астана қаласы қайда орналасқан?
  6. Алматы қаласы қайда орналасқан?
  7. Елбасы еңбек жолын ең алғаш қай қалада бастады?
  8. Еліміздің тұңғыш президенті кім?

Уақыты: 3 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

3-кезең. Бастау

Табиғаттану тапсырмасы

Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

Қазір қағазға ағаштардың, бұталардың, шөптердің аттарын жазыңдар. Қай топ көп жазса, сол топ ұпай алады.

Уақыты: 2 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

Логика және геометрия

Суретте жазу үстелі мен дөңгелек үстел көрсетілген. Екі суреттің арасындағы байланысты табыңдар.

  • Сұлба қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
  • Үстелдің бір бұрышын кессе, неше бұрыш пайда болады?
  • Дөңгелекке төрт сызық жүргізу арқылы шаршы алуға бола ма?

Уақыты: 1 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

Музыкалық үзіліс

Ән: «Көк тудың желбірегені»

4-кезең. Өткел

«Математика — ғылымдардың анасы» дейді. Ендеше математикалық тапсырмаларға кезек берейік. Әр топ 5 сұраққа 1 минут ішінде жауап береді.

«Қырандар» тобы

  1. Ең кіші бір таңбалы сан. 1
  2. 1 ғасырда неше жыл бар? 100
  3. 5 ондықтан құралған сан. 50
  4. 1 сағатта неше минут бар? 60
  5. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы

Уақыты: 1 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

«Тұлпарлар» тобы

  1. Ең кіші үш таңбалы сан. 100
  2. 4 ондықтан құралған сан. 40
  3. Бір аптада неше күн бар? 7
  4. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар фигура. Үшбұрыш
  5. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

Уақыты: 1 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

Қосымша тапсырма

Сынық сызық жүргізу арқылы үлкен шаршыны тең екі бөлікке бөл.

Уақыты: 1 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

«Өз орныңды тап» ойыны

Билет нөміріндегі ондықтар — қатардың ретін, ал бірліктер — қатардағы орынды білдіреді.

11 14 25 44 33 49 27 35

Уақыты: 2 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

Кестені толықтыр

Төмендегі кестеде баға, «сенде болғаны» және «қалды» бағандарын толтыр.

Зат Бағасы Сенде болғаны Қалды
Ұштағыш 37 50
Қалам 84 100
Пенал 85 100
Қылқалам 15 50
Субояқ 65 100
Өшіргіш 36 50

Уақыты: 2 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

5-кезең. Мәре

Сендер елін, жерін сүйетін нағыз ұландар екендеріңді дәлелдедіңдер. Біз мәреге де келіп жеттік. Болашақта Отанымыздың мақтанышы болатының — өздерің.

Енді қазақ тілі әлеміне сапар шегеміз.

1-тапсырма: Соңғы дыбысты алып таста

Сөздің соңғы дыбысын алып тастап, қайта жаз.

Қайрағы —
Шөбі —
Көйлегі —
Добы —
Шелегі —
Көбі —
Тамағы —
Шәйнегі —
Ойыншығы —
Күрегі —

Уақыты: 1 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

2-тапсырма: Сөзжұмбақ

Берілген сұрақтарға жауап тауып, сөзжұмбақты толтыр.

қ а с ы қ қ и с ы қ қ ы р ы қ қ о р қ а қ қ а л п а қ қ а й м а қ қ а с қ а л д а қ

Сұрақтар (1-бөлік)

  1. Сұйық тағамды ішетін ыдыс.
  2. Сызықтың түрі.
  3. 4 ондықтан құралған сан.
  4. Бас киім.
  5. Сүттен жасалған тағам.
  6. Құс.

Сұрақтар (2-бөлік)

  1. Су көлігі.
  2. Баста орналасқан дене мүшесі.
  3. Ұлт.
  4. Су алатын терең қазылған жер.
  5. Пышақ қайрауға арналған құрал.
  6. Көкөніс түрі.
  7. Гүл.

Уақыты: 3 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

3-тапсырма: Жедел жауап

Текшеде жазылған әріптерді пайдаланып, мұғалімнің сұрақтарына тез жауап жазыңдар.

«Қырандар» тобы

  1. Өлең жазатын адам. Ақын.
  2. Ән айтатын адам. Әнші.
  3. Абай айтқан бес жаман істің бірі. Өсек.
  4. Қазақтың ұлы ақыны. Абай.

Уақыты: 2 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

«Тұлпарлар» тобы

  1. «Маң-маң басқан, маң басқан. Шудаларын шаң басқан». Түйе.
  2. Қойдың төлі. Қозы.
  3. Сиырдың сүтінен жасалатын тағам. Құрт.
  4. Отан — оттан да ыстық.

Уақыты: 2 минут. Бағалау: ұпай беріледі.

Музыкалық үзіліс

Ән: «Атамекен»

Шешуші кезең

Ойын: «Қай топ мақалды көп біледі?»

Ойын шарты: Екі топ Отан, туған жер туралы мақал-мәтел айтудан жарысады. Қай топ көп мақал айтса, сонша ұпай жинайды. Жиналған ұпайлар алдыңғы ұпайларға қосылып, жеңімпаз анықталады.

Қорытындылау

Барлық кезең бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.