Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар

Аналарға арналған мерекелік кеш

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар — аналарды қастерлеген. Аналар туған небір даналар. Ана — тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.

Көктемнің алғашқы хабаршысы

Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек нәзік болса да, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей — қандай қиындық болса да төзімді.

Көктемгі гүлдей жарқыраған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі концертіміз — сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Құттықтау жырлары

Раййана

Шалқып-тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Аналар, сіздерді құттықтап, Әндетеміз бүгін біз!

Мади

Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз! Қыздарды да құттықтап, Мерекені тойлаймыз!

Аружан

Құтты болсын, ардақты анам, Асыл анам, мерекең. Құтты болсын жадыраған Қуанышты берекең.

Арай

Сіздерден өскен аналар — Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті біздің аналар!

Али

Ана десем, алғыс алам халқымнан! Ана десем, теңіз болам шалқыған! Ана десем, ашылады қабағым, Ана десем, әділдікті ұғамын.

Сабира

Айналайын анашым, Асқар таудай панасың. Күн көзіндей күлімдеп, Құшағыңа аласың.

Рустам

Бал бөбегін баптаған, Анам үшін мақтанам. Аялайтын біздерді — Көп жасасын жақсы адам!

Жанель

Мәпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай.

Би және сахналық нөмірлер

Шотланд биі

Орындайтындар: Аида, Санжар, Раййана, Мадимухамет, Адема, Ануар.

Қаражорға биі

Орындайтындар: Еркеш, Амир, Әлихан, Рустам, Әмір, Жанель, Сабира, Арай, Інжу.

Ойындар мен интерактив

«Жүрек қағазы» ойыны

Қиылған жүрек пішініндегі қағаздарға «Ана, мен сізді жақсы көремін» деген сөздер жазылады. Әр ана өз баласының жазуын тауып алуы керек. Жеңімпазға сыйлық беріледі.

Әндер мен өлеңдер жалғасы

Мади мен Али (ән)

«Айналайын, ана» әні орындалады.

Адема

Ертегі қандай көп еді, Күнде айтып береді. Қуанатын балаша, Әжем менің тамаша!

Мадимухамет

Аналарды сүйеміз, Ақылын ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Азиза

Мамам, менің ақ мамам, Менсіз таңы атпаған. Менсіз күні батпаған, Мен ұйықтамай жатпаған!

Әлихан

Айналайын анашым, Асқар таудай панасың. Күн көзіндей күлімдеп, Құшағыңа аласың.

Амир

Өлең айтып беремін, Нан да алып келемін. Өйткені мен анамды Өте жақсы көремін.

Інжу

Аман болсын басыңыз, Ағарбасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз.

Темірхан

Құтты болсын, ардақты ана, Асыл анам, мерекең. Құтты болсын теңдік алған Қуанышты берекең.

Еркеш

Жұмақ — құшақ панам, Күндей нұрлы санаң. Қызығын көр ұл-қыздың, О, періште анам!

Әмір

Ақыл құйған санама, Алғыс айтам анама. Күн алыста, ал ана Үнемі менің жанымда.

Барлық балалар (ән)

«Ақ мамам» әні барлығы бірге орындалады. Соңында балалар аналарына дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.

Санжар

Сіздерден өскен аналар — Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті біздің аналар!

Аида

Аяулы да алтын нұрлы анашым, Жүрегіммен мәңгі бірге боласың. Сен — асқарсың, сен — аспансың, биіксің, Сен — дарқансың, сен — жомартсың, данасың.

Қорытынды тілек

Мұғалімнің сөзі

Балаға ең жақын жан — ана. Сіздің ыстық құшағыңыз балаға әрдайым пана. Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз.

Бәріміз бірге: «Мерекелеріңіз құтты болсын!»