Жай бөлшектерді оқу және жазу

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Тарау: Жай бөлшектер (5-сынып).

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу.

Оқу мақсаттары

  • 5.1.1.9 — жай бөлшек ұғымын меңгерту.
  • 5.5.3.1 — жай бөлшектерді оқу және жазу.

Бағалау критерийлері

  • Жай бөлшектің анықтамасын біледі.
  • Жай бөлшекті және оның компоненттерін (алым, бөлім, бөлшек сызығы) анықтайды.
  • Бөліндіні бөлшек түрінде, ал бөлшекті бөлінді түрінде жаза алады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

  • Жай бөлшектің анықтамасын өз сөзімен айта алады.
  • Жай бөлшектерді оқи және жаза біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Шамалардың бөлігін жай бөлшек арқылы көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Фигураларды тең бөліктерге бөле алады.
  • Боялған бөліктерін жай бөлшекпен жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жай бөлшектің анықтамасын тұжырымдай алады және жай бөлшектерді дұрыс оқи алады.

Пәндік терминдер

бөлшек алым бөлім бөлшек сызығы

Диалог пен жазуға арналған тіркестер

  • Жай бөлшектің алымы мен бөлімі нені білдіреді?
  • Кез келген n және m сандары үшін m : n = m/n теңдігі орындалады.
  • Екі натурал санның бөліндісін жазудың қандай тәсілдері бар?
  • Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?

Құндылықтарға баулу

«Зайырлы қоғам және руханият» құндылығы аясында топтық жұмыста бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық және достық қарым-қатынасты дамыту көзделеді. Өзара бағалау барысында өзгенің көзқарасына құрметпен қарау дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс және АКТ

  • Қоғамдық-гуманитарлық пәндер: тілдік қорды дамыту, тұжырымдама жасау.
  • Информатика және АКТ: bilimland.kz сандық ресурсын қолдану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

  • 5.1.1.7 — ортақ бөлгіш, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ортақ еселік, ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарын білу.
  • 5.1.2.12 — екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табу.
  • 5.1.1.8 — өзара жай сандардың анықтамасын білу.
  • 5.5.2.2 — мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ пен ЕКОЕ қолдану.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы

(7 минут) — Білу

  • Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.
  • «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілеп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.
  • Топ ережесі құрылады, топ басшысы анықталады, критерийлер бойынша бағалау парағы таратылады.
  • Өткен сабақты бекіту үшін интерактивті тақтада «Сәйкестікті тап» (10 тапсырма) тесті орындалады.

Мақсаты

Оқушылар алдыңғы білімдерін пысықтайды және жаңа тақырыпты меңгеруге қажет білім аясын нақтылайды.

Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Сабақтың ортасы

(29 минут) — Түсіну, Қолдану, Талдау

Жаңа тақырыпты ашу

  • «Қазынаны іздеу» әдісі арқылы сыни ойлау дағдылары дамытылады.
  • Өткен сабақпен байланыс орнату үшін оқушылар БББ кестесін толтырады.
  • Табыс критерийлері бірге құрастырылады; оқушылар сол мақсатқа жетуге ұмтылады.
  • Түсіндіру bilimland.kz сандық ресурсы арқылы жүргізіледі.

Саралау және жұмыс форматы

  • Қажеттіліктері әртүрлі оқушыларға тапсырмалар деңгей бойынша сараланып беріледі.
  • Оқушылар «Джигсо» стратегиясы бойынша топтарға бөлінеді.
  • Топтық жұмыс барысында өзара қолдау және жауапкершілік дағдылары нығайтылады.

А деңгейі — тапсырмалар

Топтық жұмыс

1-тапсырма

3/4, 5/6, 3/7, 4/9, 8/5, 91/100 бөлшектерінің әрқайсысының алымы мен бөлімін атаңыз және олардың нені білдіретінін түсіндіріңіз.

Дескриптор

  • Алымды атайды.
  • Бөлімді атайды.
  • Алым мен бөлімнің мағынасын түсіндіреді.

2-тапсырма

Суретте тең бөліктерге бөлінген фигуралар берілген. Әр фигураның қанша бөлігі боялғанын және қанша бөлігі боялмағанын анықтаңыз.

Дескриптор

  • Боялған бөлікке сәйкес бөлшекті жазады.
  • Боялмаған бөлікке сәйкес бөлшекті жазады.

3-тапсырма

Жай бөлшек түрінде жазыңыз: алтыдан бес, он үштен сегіз, отыз сегізден үш, қырықтан он бір, тоқсан жетіден жиырма, үш жүзден жүз алпыс екі.

Дескриптор

  • Жай бөлшектерді дұрыс жазады.

Топтар бір-бірінің жұмысын «Аялдама» әдісімен тексеріп, «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

B деңгейі — талдау (жұптық жұмыс)

Өзара бағалау

Мақсат: шамалардың бөлігін жай бөлшек арқылы көрсете алу дағдысын тексеру.

4-тапсырма

Бөлшек түрінде жазыңыз:

  • A) 1 дм — метрдің қанша бөлігіне тең?
  • Ә) 16 кг — тоннаның қанша бөлігіне тең?
  • Б) Төрт ай — жылдың қанша бөлігіне тең?
  • Г) Үш минут — жылдың қанша бөлігіне тең?

Дескриптор

  • Өлшем бірліктерін дұрыс қолданады.
  • Жауапты жай бөлшек түрінде жазады.

Жұптар бір-бірін табыс критерийлері арқылы бағалайды. Тапсырмалар күрделілігі бойынша біртіндеп артып отырады.

C деңгейі — жеке жұмыс

Мұғалім бағалауы

Қарқыны баяу оқушыларға арналған тапсырмалар бағалау критерийлері бойынша жеке бағаланады. Мұғалім ынталандыру мақсатында жұлдызшалар арқылы кері байланыс береді.

5-тапсырма

Берілген фигураларды дәптерге салып, олардың 1/6 бөлігін бояңыз.

Мәлімет

Мектеп
КММ МГ №95
Мұғалім
Купеева Жанар Балпановна