Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Жаттығу. Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).

Білімділік

Оқушылардың білімін қалыптастырумен қатар, жаңа мәліметтер беру.

Дамытушылық

Жеке тұлғаны дамыту, талдау және салыстыра білу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелілік

Сызу арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке баулу.

Құрал-жабдықтар

  • А4 пішіміндегі қағаз
  • Қарындаштар
  • Сызғыш
  • Өшіргіш
  • Шеңберсызар және басқа да құралдар

Сабақтың өту барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. 4 Тапсырмаларды орындау.
  5. 5 Сабақты бекіту.
  6. 6 Үйге тапсырма беру.

Негізгі түсініктер: аксонометриялық проекция

Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндер қолданылады (94-сурет). Жазықтықта осындай көрнекі кескіндерді салу үшін бұйымдардың аксонометриялық проекцияларын орындаймыз.

Анықтама

Аксонометрия — грек сөзінен шыққан ұғым; мағынасы — осьтер бойынша өлшеу. Нәрсені салғанда өлшемдер (ұзындық, ен, биіктік) x, y, және z осьтері бойынша өлшеніп, бейнеленеді.

Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеруіне байланысты аксонометриялық проекциялар екіге бөлінеді:

Қиғаш бұрышты проекция

Фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы (95-сурет).

Тік бұрышты проекция

Изометриялық проекцияның пайда болуы (96-сурет).

Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары

Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындауда z осі қолданылмайды. Салуды x және y осьтерін жүргізуден бастаймыз.

Бұл дағды кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын салу барысында қажет болады.

Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары

Жазық жақты бұйымдардың аксонометриялық проекцияларын салуда үш ось пайдаланылады: x, y және z. Себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен, биіктік) қатысады.

Мысал ретінде сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық.

Үйге тапсырма

  • Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережелерін меңгеру.
  • Жаттығу жұмысын орындау.
  • Сұрақтарға жауап беру.