Мамытбек Қалдыбаев Үлек Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Мамытбек Қалдыбаев — «Үлек»
Сабақтың мақсаты
Үлек туралы мағлұмат беру.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Слайд
- А3 қағаз
- Стикер
- Маркер
- Интербелсенді тақта, видео
Міндеттері
Білімділік
- Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдана отырып, мәтін мазмұнын өздігінен түсінуге бағыттау.
- Белсенді зерттеу арқылы түйе туралы білімді кеңейту.
- Түйені жасы, қолтұқымы және жынысы бойынша ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
- Үлек туралы түсінік қалыптастыру арқылы сыни ойлауды дамыту.
- Ойды толық әрі жүйелі жеткізуге үйрету, ауызекі сөйлеуді дамыту.
- Білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Төрт түліктің адамға берер пайдасын түсіндіре отырып, қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу.
- Шығармашылыққа баулу және ұжымшылдық, шапшаңдық, адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер
- 1. Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастырады.
- 2. Бір-бірін тыңдап, еркін сөйлеуге дағдыланады.
- 3. Сабақ барысында белсенділік танытады.
- 4. Шығармашылық қабілеті дамиды.
Қамтылатын модульдер
Оқыту үдерісі
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, INSERT)
- Бағалау (бағалау парақтары арқылы)
Құралдар мен рөлдер
- АКТ қолдану (интербелсенді тақта, видео)
- Көшбасшылық
Сабақ құрылымы
Қадамдар
- Ұйымдастыру кезеңі
- Топтық жұмыс
- Рефлексия
- Бағалау
Топқа бөліну
Оқушылар кәмпиттер арқылы топтарға бөлінеді: ақ, сары, қызыл, көк, жасыл.
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Топқа бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Тапсырмалар беру.
Оқушының іс-әрекеті
- Кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді.
- Зейінін сабаққа шоғырландырады.
- Үй тапсырмасын орындайды.
- Мәтін мазмұнымен танысып, үлек туралы мәлімет алады.
- Топпен жұмыс жасап, постер қорғайды.
- Кері байланыс береді.
Сабақ барысы
I кезең: Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы бойынша дайындық деңгейін анықтау үшін «Бағдаршам» ойыны ойнатылады:
-
Жасыл
Жақсы дайындықпен келген.
-
Сары
Дайындалған, бірақ өзіне сенімсіз.
-
Қызыл
Дайындығы жеткіліксіз.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: «Егер сен көрінбейтін адамға айналып кетсең, не істер едің?» тақырыбында эссе жазу.
Шығарманы 5–6 оқушы оқиды. Талқылауға арналған сұрақтар:
- Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Әңгімедегі адамның ұры екенін қайдан байқадық?
- Көрмей тұрып дауысты қалай аңғаруға болады?
Дыбысты тану және «Миға шабуыл»
Аудиодан түйенің үні тыңдатылады. Одан кейін түйе туралы білімді жүйелеу үшін тақтадағы ұяшықтар арқылы тапсырмалар орындалады.
10 ұяшық
Түйе туралы не білесіңдер?
20 ұяшық
Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?
30 ұяшық
Түйеден қандай өнімдер аламыз?
40 ұяшық
Түйенің қандай түрлері бар?
Мұғалімнің түсіндірмесі
Түйе қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін шамамен бес мың жыл болған. Содан бері түйе шөлейт аймақтарды мекендейтін елдер үшін ең қолайлы көлікке айналды. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Қазіргі кезде түйенің түрлері Африкада, Орта Азияда, Батыс Азияда және Батыс Америкада да кездеседі.
Түйенің екі түрі бар: қос өркешті және нар (сыңар өркешті).
Жаңа тақырып: «Үлек» әңгімесі
Бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз. Оқушылардан үлек туралы алдын ала білетін мәліметтері сұралады.
Үлек туралы мағлұмат
Үлек — сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі шамамен 183 см, тұрқы 155 см. Салмағы айыр түйеден жеңілдеу. Мойны ұзын әрі жіңішке, қамыт тұсындағы жүні бұйра. Тамақ асты мен желке тұсындағы жүні қалың әрі шудалы болады.
Негізгі белгісі
Үлек өте жүрдек, ұшқыр келеді.
Автор туралы
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты Қызылжалау ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы техникалық училищені және педагогика институтының филология факультетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болып қызмет атқарған.
Шығармалары мен кітаптары: «Қанат қақты», «Ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» және т.б.
Оқулықпен және дәптермен жұмыс
Мәтінді оқу
Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды. Кейін «шар жару» тәсілі арқылы тапсырмалар алып, дәптерге орындайды.
1-топ
Түйе жейтін шөп атауларын тауып жазу (толықтыру).
Үлгі жауап: жусан, изен.
- Бұл өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
- Сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарады?
2-топ
Мәтіннен жер-су атауларын тауып жазу.
Үлгі жауап: Бозоба, Сарапан, Тасқұдық.
- Бұл қандай жерлер болуы мүмкін?
- Неліктен олай ойлайсыңдар?
3-топ
Мәтін бойынша үлекке сипаттама жазу.
Негізгі тірек сөздер: қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті, айбатты, батыл, малды өзі бағады, нардың бурасы.
Осы тірек сөздер арқылы қандай мәтін құрауға болады?
4-топ
Мүлкібай атаның бейнесін ашатын тіркестерді теріп жазу.
Үлгі: қоржиған, кіп-кішкентай, ап-арық Мүлкібай ата.
Бұл сөздер атаның нені суреттейді: жүрісін, бет-әлпетін, түр-тұлғасын?
Тілдік ұғым: «Портрет»
Жиналған сөздерге сүйене отырып, портрет ұғымын анықтау: кейіпкердің сырт келбеті, бет-әлпеті, дене бітімі, жүріс-тұрысы сияқты белгілерді суреттеу.
Оқушылар сызба арқылы ережені өздері құрастырады.
Сергіту сәті
«Нар идірген күйін» тыңдай отырып, әр оқушы өз портретін салады да, көршісіне тапсырады.
Жаңа сабақты бекіту
СТО: Ассоциация әдісі
Әр топ үлекке сипаттама беріп, негізгі белгілерін ассоциация арқылы жинақтайды.
Рефлексия
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Тақырыпты қаншалықты түсіндік?
Оқушылар тақтадағы смайлик жанындағы шкалаға өз дөңгелекшелерін жапсыру арқылы кері байланыс береді.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Түйе туралы қосымша мәлімет жинау.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағалау парақтары арқылы қорытындыланады.