Түрік қағанаты. Түргеш қағанатының орталығы

Сабақтың тақырыбы

Наймандар, керейіттер, жалайырлар

Білімділік мақсаты

Оқушыларды найман, керейіт, жалайыр мемлекеттерінің құрылу тарихымен, қоғамдық құрылысымен, шаруашылығы мен мәдениетіндегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты

Мемлекеттердің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын талдау арқылы оқушылардың салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Қазақ халқының этникалық құрамында маңызды орын алған найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы бірлікке ұйыстырған, білім мен өнерді қолдаған мемлекет басшыларының үлгісін негізге алып, оқушыларды білімге, ізденіске және тәлім-тәрбиеге баулу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақты өз бетінше меңгерту.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, интерактивті әдістер, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, іскерлік ойын, жоба қорғау, танымдық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, электронды оқулық, тірек-сызбалар, тарихи терминдер.
Пәнаралық байланыс
География, қазақ әдебиеті, экономика.

Сабақтың жүргізілу барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және ынталандыру

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...»

Н. Ә. Назарбаев, «Қазақстан – 2050» Жолдауы

Елбасымыз айтқандай, бәсекеге қабілетті мемлекет болуға әрқайсымыздың қосар үлесіміз — сабақты жақсы оқу, білімді әрі сауатты болу. Бүгін өз білімімізді сынап көрейік: сіздерді еліміздің дамуына үлес қосатын білімді азамат болуға шақырамын.

Бұл кезең «Олимпиада ойындары» форматындағы деңгейлік ойын арқылы өтеді. Екі топ өзара жарысып, медаль жинайды. Ойын 5 айналымнан тұрады, әр айналымның шарттары барысында түсіндіріледі.

Деңгейлік ойын: 5 айналым

I айналым: «Ауылдық спартакиада» — баламалы тест (иә/жоқ)

Жауап «иә» немесе «жоқ» парақшаларын көтеру арқылы беріледі.

Тест A

  1. 1. Соғдылар — Жетісуға қоныс аударған ирантілдес халық.
  2. 2. «Түрік» этнонимі 603 жылдан бастап қытай деректерінде кездеседі.
  3. 3. Арабтар түргештің Үшлік қағанына «сүзеген» деген ат берді.
  4. 4. 751 жылы Атлах шайқасы болды.
  5. 5. Батыс Түрік қағанатында сот істерін бектер атқарды.
  6. 6. Түргештер екіге бөлінді: қара және сары түргештер.
  7. 7. Оғыздардың астанасы Суяб қаласы болды.
  8. 8. Қимақтар Жетісуды мекендеді.
  9. 9. Дың ескерткіштері Қарахан мемлекеті кезінде басым болды.
  10. 10. Дамыған орта ғасырлар V–IX ғғ. қамтиды.

Тест B

  1. 1. Сардоба — қазақ үйге ұқсас ғимарат.
  2. 2. 960 ж. Сатұқ Боғра хан ислам дінін жариялады.
  3. 3. Дінбасылар мен әскербасылар жерлері «вакфтық жерлер» деп аталды.
  4. 4. Көне түрік жазуы — араб жазуы.
  5. 5. 756–940 жж. Қимақ қағанаты өмір сүрді.
  6. 6. Оғыздардың жоғарғы билік иесі «сюбашы» деп аталды.
  7. 7. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі 20 жылға созылды.
  8. 8. Атлах шайқасында арабтар қытайларды қолдады.
  9. 9. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа — түргештер.
  10. 10. Ерте орта ғасырлар X–XIV ғғ. қамтиды.

II айналым: «Аудандық спартакиада» — командалық тапсырмалар

Әр топ капитаны тапсырма деңгейін таңдайды (қола/күміс/алтын). Тапсырмалар уақытпен орындалады.

1-топ: «Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер» (кестені толтыру)

Берілген атаулар қиылып дайындалады. Оқушылар дұрыс сәйкестендіріп, кестеге орналастырады.

Деңгей Мазмұны
Қола Мемлекет атауы
Күміс Хронологиялық ауқымы
Алтын Билеушілері

2-топ: «Тарихи домино» (терминдермен жұмыс)

Жеке сөздер «домино» ретінде беріледі. Оқушылар дұрыс анықтамасын тауып, сәйкестендіреді.

  1. 1. Коммендация
  2. 2. Икта
  3. 3. Вакфтық жерлер
  4. 4. Сюбашы
  5. 5. Бұрықтар мен тархандар
  6. 6. Қаңқаш
  7. 7. Сардоба
  8. 8. Күлеркіндер

III айналым: «Облыстық спартакиада» — үш тілде тест

«Үш тұғырлы тіл» саясаты аясында тест сұрақтарының жауаптары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Үш тілде дұрыс жауап берген оқушы «алтын медальмен» марапатталады.

Сұрақтар №1

  1. 1. 603 жылы Түрік мемлекеті 2-ге бөлінді: (Батыс/Шығыс — Восток/Запад — West/East)
  2. 2. «Қара бұдын» деген кімдер? (Халық — Народ — People)
  3. 3. 960 жылы Мұса Боғра хан қандай жаңалық енгізді? (Дін — религия — religion)
  4. 4. Түргеш қағанатының орталығы: (Қала — город — city/town)
  5. 5. Түрік қағанаты: (Мемлекет — государство — country/state)

Сұрақтар №2

  1. 1. Ақшалы сауда айналысының болғандығын неден білеміз? (Археологиялық қазба жұмыстарынан — работа — work)
  2. 2. Қарлұқ қағанаты неше жыл өмір сүрді? (200 жыл — год — year)
  3. 3. Қыстаулар қай жерде орналастырылды? (Ірі өзен бойларына — река — river)
  4. 4. Шегу қаған шығыста шекараны Алтайға дейін жеткізді, ал батысын қай жерге дейін кеңейтті? (Памир тауына дейін — горы — mountains)
  5. 5. Түріктер неге табынған? (Отқа — огонь — fire)

IV айналым: «Республикалық спартакиада» — жаңа сабақты меңгеру

Оқыту жоспары

  1. Тайпалардың орналасуы.
  2. Найман, керейіт, жалайырдың саяси тарихы.
  3. Қоғамдық құрылысы.
  4. Шаруашылығы.

Өткен тақырыппен байланыс

  1. Найман, керейіт, жалайыр туралы не білесіңдер?
  2. Қарахан мемлекеті құлағаннан кейін Шығыс хандық кімдердің қол астына өтті?

Оқушылардың жауабын толықтыра отырып, тірек-сызбалар мен электронды оқулық материалдары арқылы түсіндіру жүргізіледі.

«Түртіп алу» стратегиясы

Негізгі оқиғалар (хронология)

  • VIII ғ. — жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүргені айтылады.
  • X ғ. — бұл тайпалардың бір бөлігі Қазақстан аумағына қоныстана бастады.
  • XII ғ. II жартысы — Найман мемлекеті туралы деректер жиілей түсті.
  • 1201 ж. — қырғыз, меркіт, найман тайпалары құрылтайға жиналды.
  • 1204 ж. — моңғол билеушісі Даян ханға қарсы жорықта біржола жеңіске жетті (дерек бойынша).
  • XI–XII ғғ. — Керейіт хандығы Моңғол хандығымен қарым-қатынас орнатты.
  • X–XII ғғ. — Керейіт мемлекетінің өрлеу кезеңі.
  • 1202 ж. — Шыңғыс хан керейіттерді бағындырды.

Негізгі ұғымдар

  • «Найман» — моңғол тілінде «сегіз» деген мағына береді.
  • Керейіттер — Керулен өзені бойын мекендегендіктен, атауы өзен атымен байланыстырылып түсіндіріледі.

Деректер мен пікірлер

  • «Моңғолдардың құпия шежіресі» дерегінде керейіттердің Моңғол хандығымен одақтасып, меркіт, найман және басқа тайпаларға қарсы жорықтарға қатысқаны айтылады.
  • Рашид ад-Дин керейлердің күшті, дамыған ел болғанын, олардың тек Шыңғыс хан әскерімен шайқастардан кейін әлсірегенін жазады.
  • Шерби керейіттер мәдениетінің жоғары болғанын, көне түрік жазуын пайдаланғанын атап өтеді.

Бекіту: «Фишбоун» (Балық сүйегі) әдісі

Екі топ тапсырманы орындайды: 1-топ — Наймандар, 2-топ — Керейіттер. Құрылымы: басы — негізгі тақырып; жоғарғы сүйектері — негізгі ұғымдар; төменгі сүйектері — түсіндірмелер; құйрығы — қорытынды немесе қысқа жауап.

Шығармашылық жұмыс

Әр топ жаңа тақырып бойынша танымдық тапсырмаларға сүйеніп, тірек-сызбалар дайындайды, талдайды және топ жетекшісі сынып алдында қорғайды.

V айналым: Қорытындылау, бағалау және рефлексия

Бағалау

Оқушылардың жетістігі медаль саны арқылы бағаланады. «Төрешілер» (сынып жетекшісі, пән мұғалімі және топ басшылары) медальдарды есептеп, жеңген топқа «Білім кубогын» тапсырады.

Үй тапсырмасы

  • §12: 53–58-беттерді оқу.
  • Жалайыр тайпасы туралы қосымша материал жинақтау.
  • Дәптерге конспект жазу.

Қорытынды ой

Азығы бір күнге жететін айламен емес, білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!