Бір таңбалы санның соңына дәл сондай санды жаздық, сан неше есе өсті

Бұл сайыстың мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикалық білім деңгейін тексеру және сынып көшбасшысын анықтау.

Көрнекілігі

  • Белсендірілген тақта
  • Слайдтар

Сайыс түрі

Сайыс-сабақ («Эрудит»).

Математика туралы ойлар

  • «Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы».

    — К. Гаусс

  • «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика».

    — М. В. Ломоносов

  • «Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те».

    — Р. Бэкон

Сайыстың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші қатысушыларды, ұстаздарды және қонақтарды қарсы алады. Одан кейін әділқазылар алқасы таныстырылады. Сайыскерлер алдын ала белгіленген нөмірі бойынша ортаға шақырылып, өздерін таныстырады (№1–№6).

Сайыскерлерге тілек

Әр қатысушыға сәттілік тілеп, кезеңдердің тәртібі мен бағалау ұпайлары түсіндіріледі.

Кезеңдер мен ұпайлар

I кезең — «Бәйге»

Дұрыс жауап: 5 ұпай

II кезең — «Көкпар»

Логикалық есептер. Дұрыс жауап: 10 ұпай

III кезең — «Ғажайып үштік»

Тақырыптық ұяшықтар арқылы сұрақ-жауап.

IV кезең — «Жорға»

Дұрыс жауап: 5 ұпай

V кезең — «Сиқырлы әріптер»

Әріптерден математикалық терминдер құрастыру.

VI кезең — Қорытындылау

Көп ұпай жинаған қатысушы «Эрудит» атағымен марапатталады.

I кезең — «Бәйге»

Ереже: қатысушылар қол көтеріп жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға жылжиды.

6-сынып сұрақтары

  1. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?
  2. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?
  3. Жай сан деп қандай санды айтамыз?
  4. Масштаб дегеніміз не?
  5. Жиындардың қиылысуы дегеніміз не?
  6. Шеңбер ұзындығының формуласы қандай?

7-сынып сұрақтары

  1. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
  2. Функция дегеніміз не?
  3. 0-ден үлкен сандар қалай аталады?
  4. Ең кіші натурал сан қандай?
  5. y = x³ функциясының графигі қалай аталады?
  6. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

II кезең — «Көкпар»

Логикалық есептер кезеңі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады. Ол қазір қанша жаста? Жауабы: 3 жаста
  2. 5 адам кездесіп, бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы неше рет қол алысады? Жауабы: 20
  3. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындығы тең 5 бөлікке кесті. Бір кесуге 1,5 минут кетсе, барлығы қанша уақыт жұмсалды? Жауабы: 6 минут
  4. Үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан соң жастарының қосындысы қанша болады? Жауабы: 44
  5. «Күнмен дос» геометриялық фигура? Жауабы: сәуле
  6. Наурыз мерекесінде ат жарысы өтіп жатыр. Үш пар ат 60 км шапса, әр ат қанша км шабады? Жауабы: 60 км
  7. 1-ден 1000-ға дейінгі сандарды жазу үшін қанша цифр керек? Жауабы: 10
  8. Балаларды жазалауда қолданылатын геометриялық фигура? Жауабы: бұрыш
  9. Бір таңбалы санның соңына дәл сондай санды жаздық. Сан неше есе өседі? Жауабы: 11 есе
  10. Математиктердің ойынша бір пойыздың екінші пойыздан айырмашылығы неде? Жауабы: нөмірінде

III кезең — «Ғажайып үштік»

Бұл кезеңде қатысушылар тақырыптық бөлімдер бойынша ұпайы көрсетілген сұрақтарды таңдайды.

«Сандар сырына саяхат»

20 ұпай

Жеті ырыс: ақыл-ой мен сана-сезім, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

30 ұпай

«Жеті жарғы» — Тәуке хан тұсында жазылған әдет-ғұрып құқықтық заң. Онда: жер дауы, мал дауы, жан дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы, билік дауы қамтылады.

40 ұпай

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

«Қазақтың қара есептері»

20 ұпай

Бір кемпір: «Сапырып-сапырып Сарманға бер, құйып-құйып Құрманға бер, есіктегі екеуге бер, төрдегі төртеуге бер, өзің іш те маған бер», — дейді. Мұны естіген ұрылар: «Бұл үй толы кісі екен, әрі бізден екі есе көп екен», — деп кетіп қалады. Сонда үйде неше адам, ұры нешеу?

Жауабы: 10 адам, 5 ұры.

30 ұпай

Ұлу биіктігі 10 м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м жоғары көтеріледі, түнде 3 м төмен түседі. Ұлу неше күнде ағаштың басына жетеді?

Жауабы: 7 күнде.

40 ұпай

Үстел үстінде үш жәшік тұр: ақ, қызыл және жасыл. Біреуінде шоколад, екіншісінде алма, үшіншісі бос. Егер шоколад ақ не қызыл жәшікте болса, ал алма ақ жәшікте де, жасыл жәшікте де болмаса, шоколад қайда болуы мүмкін?

Жауабы: ақ жәшікте.

«Викториналық сұрақтар»

20 ұпай

Шығыс ғалымы, математик, дәрігер, ақын, музыкант әрі астроном кім?

Жауабы: Әл-Фараби.

30 ұпай

π санын алғаш рет кім есептеуге үлкен үлес қосты?

Жауабы: Архимед.

40 ұпай

Ұзындықтың ортақ өлшем бірлігі болмағандықтан, ертеде көп тартыс туған. Алғаш рет Францияда метрлік өлшем жүйесі енгізілді. Жаңа өлшемді дайындауға француз математигі кім зор үлес қосты?

Жауабы: Лагранж.

IV кезең — «Жорға»

Қысқа әрі жылдам сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

6-сынып

  1. Бір жылда неше күн бар? (365)
  2. Кесіндіні өлшейтін құрал? (сызғыш)
  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
  4. 90 градустан кіші бұрыш? (сүйір бұрыш)
  5. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан? (нөл)

7-сынып

  1. Геометрия грекше аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
  2. Тәуліктің төрттен бір бөлігі қанша сағат? (6)
  3. Табиғи жарық көзі? (Күн)
  4. Дәрежеге шығару дегеніміз не? (бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін табу)
  5. Теріс санның тақ дәрежесі қандай сан болады? (теріс сан)

V кезең — «Сиқырлы әріптер»

Берілген әріптерден мүмкіндігінше көп математикалық термин құрастыру керек. Нәтиже — құрастырылған сөз саны бойынша есептеледі.

Әріптер жиыны

с р і к б ы и т ұ ш ү н е

Математикалық үзіліс

Оқушылар кезекпен 1-ден 30-ға дейін санайды. Бірақ 3-ке еселік сандарды атамайды: ондай кезде «еселік» деген сөзді айтады. Мысалы: 1 — «1», 2 — «2», 3 — «еселік». Мақсат — жаңылмай 30-ға дейін жету.

Қорытындылау

Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушыға «Эрудит» атағы беріліп, марапатталады.