Хабарлы сөйлем деген қандай сөйлем

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Балтыкысгенова Гульзира Курметовна (Жаркөл бастауыш мектебі)

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем (қайталау сабағы)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Мақсаты

  • «Сөйлем» тақырыбы бойынша алған білімді пысықтау; сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету; сөйлем ұғымын тәжірибеде қолдану.
  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды өз елінің, өз жерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын танып, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Киіз үй сұлбасы.
  • Ұлттық ойындардың суреттері: бәйге, көкпар, қыз қуу.
  • Кеспе қағаздар, оюлар, тест парақшалары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Оларға алған білімімізді де, өнерімізді де көрсетейік.

Бүгінгі сабағымыз — қайталау сабағы. Мына жұмбақты шешсек, бүгін қай тақырыпты қайталайтынымыз белгілі болады:

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.

(Жауабы: сөйлем)

Демек, бүгін біз «сөйлем» туралы білетінімізді еске түсіріп, қайталаймыз.

II. Үй жұмысын тексеру

Алдымен үй тапсырмасын тексерейік.

  • 198-жаттығу, 80–81-бет: оқу, лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.

III. Негізгі бөлім — «Сөйлем» тақырыбын қайталау

Бүгін «Сөйлем ата» ауылында үлкен той болады. Жан-жақтан қонақтар жиналады. Біз де Сөйлем атаға қонаққа барып, жол-жөнекей негізгі ережелерді еске түсірейік.

1) Ереже: сөйлем деген не?

Оқушылар сөйлемнің анықтамасын айтады, сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін, тыныс белгілерімен аяқталатынын еске түсіреді.

2) Сөздерден сөйлем құрау

Сөйлем ата дайындаған тапсырма: берілген сөздерден сөйлем құрап, дәптерге жазып, оқыңдар.

  • 1-тапсырма

    Жауып, қар, жапалақтап.

  • 2-тапсырма

    Тоңын, ақ, киді, жер.

  • 3-тапсырма

    Жатыр, жасап, балалар, аққала.

  • 4-тапсырма

    Бетті, аяз, шымырлатады.

3) Сөйлем түрлері және тыныс белгілері

Сөйлем атаның «үш баласы» бар: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем.

  • Сұраулы сөйлем деген қандай сөйлем?
  • Хабарлы сөйлем деген қандай сөйлем?
  • Лепті сөйлемнің ережесін айтыңдар.

Тапсырма

Карточкалардағы сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар (., ?, !). Содан кейін сөйлемнің түрін айтып, киіз үйдің қабырғасындағы қалташаға салыңдар.

4) Ұлттық ойындар арқылы бекіту

Қазақ халқының дәстүрі бойынша тойларда түрлі ойындар ойналады. Бүгін сабақта ұлттық ойындар арқылы тапсырмаларды орындаймыз: көкпар, қыз қуу, бәйге.

«Көкпар»

Қалташадағы тапсырма: 199-жаттығу, 81-бет (жазбаша).

«Қыз қуу»

Екі оқушы (ұл мен қыз) тақтаға шығып, берілген сөздерді буынға бөледі.

«Бәйге»

Кімнің «аты жүйрік» екенін анықтаймыз: тест тапсырмаларын орындаймыз.

5) Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз дем алып алайық.

6) Оқулықпен жұмыс

Ойыннан кейін «қымыз ішіп», келесі тапсырманы орындаймыз.

  • 200-жаттығу, 81-бет (оқулықпен жұмыс).

7) Қорытынды тапсырма

Тойда болып, ойынға қатысып, тапсырмаларды орындадық. Енді Сөйлем атаға алғыс айтып, батасын тыңдаймыз. Соңғы бекіту тапсырмасы:

Тапсырма

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдыру (карточкалар арқылы және 202-жаттығу, 83-бет). Сонымен бірге сурет бойынша жұмыс.

IV. Үй тапсырмасы

201-жаттығу, 82-бет.

V. Қорытындылау

  • Сабақты қорытындылау, кері байланыс.
  • Бағалау және баға қою.