Кіші ұлғайтқышпен тамшыны зерделеңдер
§40. Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік
Бұл сабақта кірпікшелі кебісшенің (инфузория-туфелька) құрылысы, тіршілік әрекеті, жыныссыз және жыныстық процестері, сондай-ақ жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар туралы түсінік беріледі. Қосымша ретінде ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін инфузориялар жайлы мәлімет қарастырылады.
Мақсаты
Кірпікшелі кебісшенің тіршілік әрекетін, көбеюін және оның маңызын түсіндіру.
Дамытушылығы
Оқушылардың білімділігін, зерттеушілік қабілетін және ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелігі
Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке және өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде тәрбиелеу.
Әдісі
- Тірек сызба-нұсқасы арқылы баяндау
Құрал-жабдықтар
- Біржасушалылардың суреттері
- Интерактивті тақта
- Таратпа материалдар және т.б.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқулықтарын алдарына қойғызу, сабаққа назарын шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Жасыл эвглена қайда тіршілік етеді?
- Жасыл эвгленаның ерекшелігі неде?
- Хроматофор қандай қызмет атқарады?
- Талшық қандай қызмет атқарады?
III. Өткен тақырыпты бекіту
Эвгленаның құрылысын атау.
IV. Жаңа сабаққа дайындық
Сұрақ
Мына жәндіктің пішіні неге ұқсайды?
Жауап: кебіске.
Жаңа сабақ: кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен тіршілігі
Сыртқы пішіні мен қозғалысы
Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы шамамен 0,2 мм: алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты.
Сыртын жалпы саны 2000–2500-ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер қаптайды. Бұл кірпікшелер қозғалысқа қатысып, судың ішінде жылжуын қамтамасыз етеді.
Жасушадағы органоидтардың маңызы
Цитоплазмада жасуша дамуының әртүрлі кезеңдерінде белгілі қызмет атқаратын көптеген денешіктер болады. Органоидтар — жасуша цитоплазмасының аса маңызды және тұрақты құрамдас бөлігі.
Жыныссыз көбею (екіге бөліну)
- 1 Алдымен кіші ядро бөлініп, жасушаның алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады.
- 2 Одан кейін үлкен ядро бөлінеді.
- 3 Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады.
- 4 Жаңа дараларда жетіспейтін органоидтар (ауыз, кірпікшелердің бір бөлігі, жиырылғыш вакуоль және т.б.) қайтадан түзіледі.
Жыныстық процесс (ядролардың алмасуы)
- 1 Екі кебісше ауыз саңылауы тұсынан түйісіп, біраз уақыт бірге қозғалады.
- 2 Әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзіледі; үлкен ядро еріп жойылады.
- 3 Жаңадан түзілген кіші ядролардың бір сыңары екінші кебісшенің кіші ядросының сыңарымен қосылады (алмасу жүреді).
- 4 Екі кебісше ажыраған соң әрқайсысында үлкен ядро қайта түзіледі.
- 5 Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік береді.
Жаңа сабақты бекіту
Ауызша жұмыс
Кебісшенің құрылысын жатқа айтып беру.
Салыстыру
Эвглена мен кебісшенің құрылысын салыстырып, Венн диаграммасын құру.
Графикалық тапсырма
Схемалық карта құрастыру.
№1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы
Мақсаты: Біржасушалы жәндік — кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау.
Құрал-жабдықтар
- Кірпікшелі кебісшелер бар сынауық
- Сапты үлкейткіш әйнек
- Микроскоп
- Тамызғы
- Заттық және жабын шынылар
- Мақта
Жұмыстың барысы
- 1) Сынауықты алып, ішіндегі суды мұқият қараңдар. Кірпікшелі кебісшелер көріне ме? Көрінсе, сынауықтың қай жағында олар көбірек?
- 2) Тамызғымен кебісшелер бар судан алып, заттық шыныға бір тамшы тамызыңдар да, үлкейткіш әйнектің үстелшесіне орналастырыңдар. Әйнекпен мұқият қарап, тамшыда қанша кебісше жүргенін, дене пішінін, қалай қозғалатынын, денесінің алдыңғы жағы мен артқы жағының айырмашылығын анықтаңдар.
- 3) Заттық шыныдағы тамшыға 3–4 мақта талшығын салып, жабын шынымен жабыңдар. Микроскоптың үстелшесіне қойып, айнамен жарық түсіріңдер. Кіші ұлғайтқышпен тамшыны бақылаңдар. Оқулықтағы суретті пайдаланып, қандай органоидтарды көруге болатынын анықтап, мұқият қарап табыңдар. Көргендеріңді жазыңдар.
- 4) Мақта талшықтары салынған тамшыдан екі талшықтың арасында 1–2 кебісше жүрген аймақты микроскоппен көрінетіндей етіп препаратты орналастырыңдар. Күштірек ұлғайтатын окуляр мен объективті қойып, бұрандалар арқылы анық көрінетіндей етіңдер. Қандай органоидтар қалай көрінгенін қысқаша жазыңдар.
- 5) Көргендеріңнің суретін салып, әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.
Нәтиже (толтыруға арналған үлгі)
Кірпікшелі кебісше:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Қорытынды
Үй тапсырмасы
- §32 оқу.
- 63 және 65-суреттерді салу.