Тақырыпты бекіту тест сұрақтары

Сабақтың тақырыбы: Сақтар

Бұл сабақта сақ тайпаларының қоныстануы, қоғамы және көшпелі бақташылықтың негізгі белгілері қайталанып, қосымша деректермен толықтырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен тақырыптарды пысықтау және қосымша деректер арқылы көшпелі бақташылықтың негізгі түрлерін қайталау.

Дамытушылық

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушының ой-өрісін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, тақырыпқа сай білімін тереңдету.

Тәрбиелілік

Ежелгі тайпалардың тарихы, шаруашылығы, мәдениеті мен білімі арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Сақ тайпаларының қоныстануы

Сақ топтарының атауы Мекендері
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысы.
2 Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань өңірі, Жетісу.
3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) Мұрғаб аңғары.

Сақ қоғамы

1) Жауынгерлер

Қоғамның әскери күшін құрап, тайпаны қорғаған топ.

2) Абыздар

Діни рәсімдер мен дәстүрлерді атқарған, рухани өмірге жауапты топ.

3) Малшылар мен егіншілер

Шаруашылықтың негізгі бөлігін жүргізген еңбекші қауым.

Негізгі тұжырымдар

Сақтар туралы сипаттама: «Дұшпанға — қатал, досқа — адал».

Жауынгерлер

Қызыл және сары-қызыл түсті киім киген.

Абыздар

Ақ түсті киім киген.

Малшылар мен егіншілер

Сары және көк түсті киім киген.

Қайталау сұрақтары

1) Көктемгі жайылым қалай аталады?

  • а)жайлау
  • ә)көктеу
  • б)күзеу
  • в)қыстау

2) Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата.

  • а)отырықшы
  • ә)таза көшпелі тұрмыс
  • б)жартылай көшпелі
  • в)отырықшы, таза көшпелі тұрмыс, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

3) Киіз үйдің негізі?

  • а)уық
  • ә)кереге
  • б)шаңырақ
  • в)киіз

Тақырыпты бекіту: тест сұрақтары

1) Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?

  • а)сақтар
  • ә)массагеттер
  • б)азиялық скифтер
  • в)дайлар

2) Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атады?

  • а)сақ-тиграхауда
  • ә)массагеттер
  • б)сақ-парадарайа
  • в)сақ-хаумаварга

3) Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?

  • а)патшалар
  • ә)жауынгерлер
  • б)малшылар
  • в)абыздар

Үй тапсырмасы

§12. Сақтардың мекендеген жері және сақ қоғамы.