Солтүстік Америка материгін қайталау сабағыСабақтың мақсаты:Білімділік
Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы
Бұл сайыс-сабақ Солтүстік Америка тарауын жүйелі түрде қайталап, білімді бекітуге және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер
Дәріс-сұхбат, өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Солтүстік Америка материгінің негізгі ерекшеліктері бойынша алған білімдерді қорытындылау: жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы мен елдері, сондай-ақ ірі мемлекеттері.
Дамытушылық
«Солтүстік Америка» тарауы бойынша білімді пысықтау және тереңдету; ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; өздік және шығармашылық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке және жолдастық көмекке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Солтүстік Американың физикалық картасы
- Атлас карта
- Электронды оқулық
- Интерактивті тақта
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу
- Кезекшілердің міндетін нақтылау
Сайыс кезеңдері
I. Кім шапшаң?
Викториналық сұрақтар
II. Тапқыр достар
Сәйкестігін тап
III. Ең... ең... ең...
Географиялық сергіту
IV. Білім кемесі
Ситуациялық сұрақтар
V. Сен білесің бе?
Әр топ өз елдерін таныстырады
VI. Миға шабуыл
Тест сұрақтары
VII. Білгенге маржан
Сөзжұмбақ шешу
Қорытынды бөлім
«Карта еліне саяхат»
Сабақ соңында карта арқылы негізгі нысандарды қайталап, өткен тақырыптарды жинақтау жүргізіледі.