Қабыса байланысқан тіркесті тап
Сабақтың тақырыбы: Қабысу
Бұл сабақта сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерін ажырату, қабысудың ерекшелігі мен жасалу жолдарын меңгерту көзделеді.
Мақсаты
- Білімділік: сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіру, оларды бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру; қабысудың ерекшелігін меңгерту.
- Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, ұжымдық жұмыс арқылы адамгершілікке және елін сүюге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: алған білімге сүйене отырып, талдау дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру
- Әдістері: түсіндіру, ұжымдық талдау, ойтолғау, танымдық ойын, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап.
- Сабақ түрі: аралас сабақ.
- Жабдықтары: интерактивті тақта, сызба-кесте, суреттер.
- Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ кезеңдері
- Ұйымдастыру.
- Өтілген материалды тексеру және қорытындылау.
- Жаңа сабақ.
- Оқулықпен және интерактивті тақтамен жұмыс.
- Тест, шығармашылық тапсырма, бекіту, бағалау.
- Үй тапсырмасы.
Өтілген материалды еске түсіру
Сөздердің байланысу тәсілдерін қайталау үшін төмендегі сұрақтар талқыланады.
- а) Синтаксис деген не?
- ә) Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір.
- б) Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?
- в) Сөздердің байланысу түрлерін атаңдар.
Жаңа сабақ: сөздердің байланысу түрлері
Сөздердің байланысуының негізгі түрлері: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу.
Қиысу
Мысал: «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын.» (Абай)
Матасу
Мысал: «Достық деген адамның көрігі екен, Достық деген адамның серігі екен.» (Мұқағали)
Меңгеру
Мысал: «Асқар белден күн нұры шашырады, Шашырап ол да көлге бас ұрады.» (Мұқағали)
Қабысу
Мысал: «Сұрғылт тұман дым бүркіп...» (Абай)
Жанасу
Мысал: «Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр.» (М. Ә.)
Ереже: қабысу деген не?
Сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы іргелесе байланысуын қабысу деп атаймыз.
Қысқа үлгілер
Ескерту: мағыналық сәйкестік сақталуы керек (мысалы, «пішін әдемі» деуге болады, бірақ тіркестің дұрыс жасалуы орын тәртібі мен мағынаға тәуелді).
Қабысудың негізгі белгілері
- Қабыса байланысатын сөздер үнемі жалғаусыз байланысады.
- Бағыныңқы сөз басыңқы сөзге түбір күйінде іргелес тұрып, орын тәртібі арқылы байланысады.
- Ілік септігінен басқа тұлғада келген анықтауыштар мен қимыл-сын пысықтауыштар анықталатын/пысықталатын мүшелермен қабыса байланысады.
- Күрделі сөйлем мүшелерінің компоненттері де бір-бірімен қабыса байланыса алады.
- Қабысуға қатысатын сөз таптары: зат есім + зат есім, сын есім + зат есім, сілтеу есімдігі + зат есім, есімше + зат есім, үстеу + етістік, көсемше + етістік, сан есім + зат есім, сын есім + сын есім.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
Бағыныңқы сыңары: есім сөздерден, кейде есімше тұлғалы етістіктен болады.
Басыңқы сыңары: көбіне зат есімнен болады.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Бағыныңқы сыңары: қимыл-сын үстеулер, күшейтпелі үстеулер, еліктеу сөздер.
Басыңқы сыңары: етістіктен болады.
Практикалық бөлім
Оқулықпен жұмыс
257-жаттығу: мәтінді оқып, қабыса байланысқан сөз тіркестерін тауып, талдаңыздар.
Интерактивті тақтамен жұмыс
1) Матасу тіркесін жаса
Берілген үлгілер бойынша сөздерді байланыстырып құраңыз.
2) Меңгеру тіркесін жаса
3) Қабысу тіркесін жаса
Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ауызша анықтау
Матасу
- Еңбегінің жемісі
- Білімнің кілті
- Шамның жарығы
Меңгеру
- Шаруашылықты байыту
- Компьютер арқылы тест алу
- Көзін жұму
Қабысу
- Алғашқы ойлар
- Орындалған арман
- Жинақталған тәжірибе
- Адал достық
- Таудай талап
- Күмістей жалтырау
- Күнмен шағылысқан
- Сылдырлаған бұлақ
- Ауыр күрсіну
- Білгенге маржан
Бақылау: тест тапсырмалары
Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Меңгеріле байланысқан тіркесті тап.
- A) Ананың алақаны
- B) Анасын сыйлады
- C) Анасы келді
2. Есімді тіркесті тап.
- A) Мектепке баратын
- B) Еменнің жапырағы
- C) Қаланы аралады
3. Сөз тіркесін тап.
- A) Ағаш көпір
- B) Көпір арқылы
- C) Ағаштан түйін түйген
4. Басыңқы сыңары есімшеден болған тіркесті тап.
- A) Ұқыпты жазылған
- B) Оқыған азамат
- C) Оқитын оқушы
5. Күрделі сөзді тап.
- A) Суық жел
- B) Отыз оқушы
- C) Арал теңізі
6. «Су жүрек» тіркесінің түрін тап.
- A) Тұрақты тіркес
- B) Күрделі сөз
- C) Сөз тіркесі
7. Пысықтауыштың сұрақтарын тап.
- A) Қандай? Қай?
- B) Кімнің? Ненің?
- C) Қалай? Қашан?
8. Орын тәртібі арқылы іргелес тұрып байланысатын түрін белгіле.
- A) Жанасу
- B) Қабысу
- C) Қиысу
9. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы жасалатын түрін көрсет.
- A) Меңгеру
- B) Қиысу
- C) Матасу
10. Етістікті тіркесті тап.
- A) Есеп шығарады
- B) Қиын есеп
- C) Қызықты есеп
11. Матаса байланысқан тіркесті тап.
- A) Ұстазға еліктеу
- B) Ұстазын құрметтеу
- C) Ұстаздың ақылы
12. Қабыса байланысқан тіркесті тап.
- A) Жақсыдан үйрен
- B) Жақсы мінез
- C) Жақсылыққа ұмтыл
Шығармашылық және қорытынды бөлім
Шығармашылық тапсырма
«Қазыналы Қазалым» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.
Бекіту: «Мен – саған, сен – маған»
Оқушылар бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап береді.
Үй тапсырмасы
- 258-жаттығу орындау.
- Абай өлеңдерінен қабысуға мысалдар келтіру.
Бағалау сабақ соңында орындалған тапсырмалар мен белсенділік деңгейі бойынша жүргізіледі.