Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орндату

Сабақтың тақырыбы

«Футбол ойынының негізгі ережелері»

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.

Дамытушылық

Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.

Тәрбиелік

Ептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Спорт зал

Түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Түсіндірме, практикалық

Қажетті құралдар

  • Футбол добы
  • Ысқырғыш
  • Мультимедиялық тақта
  • Қосымша құралдар (қажетіне қарай)

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

  1. 1 Сапқа тұру — 1 минут
  2. 2 Мәлімдеме қабылдау, түгендеу (кезекші оқушы) — 1 минут

II. Дайындық бөлімі

13 минут

  1. 1 Саптық жаттығулар: оңға және солға бұрылу, кері бұрылу — 1 минут
  2. 2 Алаңда жай жүру және жүгіру арқылы денені қыздыру — 5 минут
  3. 3 Орындарында орындалатын әртүрлі гимнастикалық жаттығулар — 5 минут
  4. 4 Үй тапсырмасын көрсету және допты жоғарыдан қабылдау жаттығулары — 3 минут

III. Негізгі бөлім

20–25 минут

Сабақты енгізу

  1. 1 Сапқа тұру.
  2. 2 Тақырып пен мақсатты түсіндіру.
  3. 3 Көрнекілік материалдар арқылы түсіндіру және практикалық түрде көрсету.
  4. 4 Оқушыларға жаңа жаттығуларды орындату.
  5. 5 Футбол ойнаудың негізгі ережелерімен таныстыру.

Футбол ойынының тарихы

Футболдың шығу тарихы мен дамуы қысқаша түсіндіріліп, қазіргі ойын мәдениеті мен қауіпсіздік талаптарына тоқталынады.

Негізгі ережелер

Ойынның мақсаты, тәртіп, әділ ойын қағидалары және алаңдағы өзара әрекет ережелері практикалық тапсырмалар арқылы бекітіледі.

Практикалық жаттығулар

3-жаттығу

Допты алып жүру

Техника

Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты түзу бағытта алып жүргенде табанның ішкі жағымен тепкен ыңғайлы, ал қисық бағытта қозғалғанда аяқтың ішкі алқымымен жүргізу тиімді.

4-жаттығу

Допты тартып алу

Қорғаныс

Допты тартып алу — күрделі тәсіл. Қарсыластан допты алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу қажет. Бұл кезде аттап басу, жылдам жақындау және басқа да әдістер қолданылады.

5-жаттығу

Қақпашының ойыны

Рөл

Қақпашының бастапқы тұрысы, допты қағып алу, қайтару және қауіпсіз ойнау қағидалары түсіндіріліп, қысқа қайталау жаттығулары орындалады.

6-жаттығу

Допты ойынға қосу

Ереже

Допты ойынға қосу тәсілдері көрсетіліп, қауіпсіздік пен дәлдікке назар аударылады. Әр оқушы игерген әдістерін практикада орындайды.

Екіжақты ойын

Игерілген әдістерді бекіту үшін екі командаға бөлініп, қысқа форматта футбол ойыны ұйымдастырылады.

  • Тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау
  • Дұрыс пас беру және допты бақылау
  • Қарсыластан допты тартып алу мәдениеті
  • Командалық өзара әрекет

IV. Қорытынды бөлім

5 минут

  1. 1 Сапқа тұру.
  2. 2 Үй тапсырмасы: сабақта өткен негізгі ережелер мен техникаларды қайталау.
  3. 3 Бағалау және кері байланыс.