Ондықтарды салыстыру
Сабақтың тақырыбы
Ондықтарды салыстыру.
Сабақтың түрі
Сайыс сабағы.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
- Кестелер
- Суреттер
- Кеспе қағаздар
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
Ондықтарды салыстыруды меңгерту; толық ондықтарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Логикалық ойлауды және есте сақтау қабілетін дамыту; танымдық белсенділікті арттыру.
3) Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру; ұжымда ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Сабақ сайыс түрінде өтеді: оқушылар жұппен жұмыс жасап, жұп болып жарысады. Жеңіске жеткен жұп «Озаттар орындығына» отырады.
«Кім білгір?» бөлімі (жұптық тапсырмалар)
1-жұп: Өрнектердің мәнін тап
2-жұп: Аяқтап жаз
3-жұп: Толық ондықтармен тура және кері сана
4-жұп: Салыстыр
5-жұп: Ондықтармен амал орында
Бағдарлау-мотивациялық кезең
Бүгінгі сабақта толық ондықтарды салыстырамыз. Алдымен төмендегі кестені толтырып, санның ондық және бірлік құрамын анықтаймыз.
| Сан | Ондық | Бірлік |
|---|---|---|
| 10 | 1 | 0 |
| 20 | 2 | 0 |
| 30 | 3 | 0 |
| 40 | 4 | 0 |
| 50 | 5 | 0 |
| 60 | 6 | 0 |
| 70 | 7 | 0 |
| 80 | 8 | 0 |
| 90 | 9 | 0 |
Тәжірибелік қадам
Кестеге және суреттерге сүйене отырып теңсіздіктер құрастырамыз: 20 ☐ 40, 40 ☐ 30, 60 ☐ 70, т.б.
Ереже
Толық ондықтарды салыстыру үшін алдымен ондықтарын салыстырамыз.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Отырып бір тұрайық.
Операциялық-орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс: №2 — салыстыр
Осыған ұқсас тапсырмалармен жұмыс жалғасады.
Оқулықпен жұмыс: №3 — мәнін тап
8 + 1 = 9
8 онд. + 1 онд. = 9 онд.
«Кім тапқыр?» ойыны
«Құлпынайды себеттерге жинайық»: құлпынайларды өрнектердің мәніне қарай тиісті себеттерге орналастыру.
«Кім ойшыл?» ойыны (ауызша логикалық есептер)
-
Маратта бес іні бар, Мұратта екі іні бар. Бесті екіге қоссақ, нешеу болады? Жауабы: 7
-
Елу асықтың отызын досың сұрап алады. Сонда өз қолыңда нешеуі қалады? Жауабы: 20
-
Көлден 40 қаз ұшты, қайтып 30-ы қонды. Қонбағаны нешеу? Жауабы: 10
«Кім тапқыр?» ойыны (оқулықтағы №4)
30 − 10 өрнегі бойынша шығару үшін берілген есептерде нені өзгерту керек? Ойлан да тап:
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы
№2 (3), №3 (3).
Бағалау
Жұптық жұмыстардың нәтижесіне, белсенділікке және тапсырмаларды орындау дәлдігіне қарай бағаланады.