Ауыл алды ақша қар, Ақша қарда балалар

Сабақтың тақырыбы

«Көңілді қыс». Жіңішке дауысты дыбыстар.

Мақсаты

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
  • Ойды жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
  • Жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімді кеңейту.
  • Сөздік қорды молайту, танымдық белсенділікті арттыру.
  • Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдістері

  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын
  • Әңгімелеу

Көрнекілігі

Сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы

I. Бағдарлау–мотивациялық кезең

Мұғалім үстел үстінен хат тауып алады. Хаттың ішінен аққаланың бөлшектері шығып, оның өтініші оқылады: сынып іші жылы болғандықтан, аққала еріп бара жатыр. Ол балалардан төмендегі тапсырмаларды орындауға көмектесуді сұрайды. Мұғалім оқушыларды аққалаға тезірек көмектесуге шақырады.

1-тапсырма

Жұмбақ

Мына жұмбақтардың шешімін табыңдар:

  • Ұстай қалсаң еріп кетер,
    Әуре болма теріп бекер.

    Жауабы: қар

  • Қыста ғана болады,
    Ұстасаң қолың тоңады.

    Жауабы: қар

2-тапсырма

Оқу

Мына сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар:

Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.

3-тапсырма

Жалғастыру

Мына өлең жолдарын әрі қарай жалғастырыңдар:

Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
................................... ...................................

4-тапсырма

Әңгімелеу

«Қысқы ойын» тақырыбында әңгімелеп айтыңдар.

II. Операционалдық–орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс

31-жаттығу

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сөздік жұмысы.
  • Оқушылардың өлеңді кезекпен оқуы.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  1. Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
  2. Өлеңде балалар қандай ойындар ойнаған?
  3. Қыс мезгілі қандай? Ол сендерге ұнады ма?

Мұғалім өлеңнен жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді тапқызып, оқытады.

32-жаттығу

  1. Сюжетті суреттерге қарап, қысқы ойын түрлерін анықтау.
  2. «Қай әріп жоғалды?» ойыны:
    т... л... т, с... .... р, к... лт, к... л, ш... п

    Бұл бос орындар қандай дауысты дыбыстарды білдіреді?

  3. Өзіндік диктант.

III. Рефлексиялық–бағалау кезеңі

Сөйлем құрастыру

Орындары ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құраңдар:

  • қызығы, қыс, басталды.

  • Айбол, киінді, жылы.

Толықтыру тесті

Жіңішке дауысты дыбыстар:

...................................