Оқушылардың сөз байлығын дамыту, қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

№134 орта мектебі

Пән мұғалімі

Алиева Динара Ақұзаққызы

Пән / сынып

Қазақ тілі, 5-сынып

Бөлім

Фонетика: дауысты дыбыстар

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Технология

МОТ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Көрнекілік

  • Интерактивті тақта
  • Оқулық

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Талдау
  • Ойын

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту; жаттығулар арқылы дауысты дыбыстарды ажыратуға үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге баулу; өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде еркін әрі дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; өз бетінше жұмыс істеуді және логикалық ойлауды дамыту.

Жаңа сабақ: дауысты дыбыстар

Желтоқсанның жиырма екісі

Анықтама

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, тек үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.

Жуан дауыстылар

Тілдің қатысына қарай

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестеу арқылы жасалған дауысты дыбыстар жуан дауыстылар деп аталады.

А О Ұ Ы У

Барлығы: 5 әріп

Жіңішке дауыстылар

Тілдің қатысына қарай

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар деп аталады.

Ә Ө Ү І Е И Э У

Барлығы: 8 әріп

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына назар аудару.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау

Сөзжұмбақ арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Мағынаны тану: дәптермен жұмыс

237-жаттығу

Ауызша

Метаграммаларды шешіңдер:

Егер т-дан бастасаң — биіктердің биігі. (тау)
Егер д-дан бастасаң — қиындардың қиыны. (дау)
Екеуін де алып тастасаң — балықшының бұйымы. (ау)

Г-ден баста, мен кілең — өмірдің ажары. (гүл)
К-ден баста, енді мен — көмірдің қалдығы. (күл)

Егер б-дан бастасаң — түтіндей болып көшемін. (бу)
Егер н-нан бастасаң — жап-жасыл болып өсемін. (ну)
Жеке өзімді тастасаң — ішкен жанға кеселмін. (у)

К-ден бастасаң — суына шомыласың. (көл)
Ш-дан бастасаң — жазда құмына аунайсың. (шөл)

240-жаттығу

Мына жұмбақтарды көшіріп жазыңдар. Жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.

Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.
Жауабы: жұмыртқа
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең — қанат, сүті — дәрі,
Еті — тамақ.
Жауабы: жылқы

241-жаттығу

Берілген сөздерден жуан “у” дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке “у” дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

Сөздер: ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону.

Жуан “у”

  • Ашу
  • Қазу
  • Жазу
  • Қу
  • Жолығу
  • Сызушы
  • Жу
  • Қону

Жіңішке “у”

  • Білу
  • Сену
  • Беру
  • Ілу
  • Кезу
  • Көну

“Жоғалған әріптер” ойыны

242-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

...л...пби Б...г...н мұғал...м үлк...н қ...ғ...з әк...ліп, іл...п қойд.... Қағаз бет...нд...гі ...ріптер үлкен-үлкен ет...п жаз...лған. Астын... “...л...пби” деген сөз ж...зылған. М...ғал...м: “Барлық әр...п осы. М...нда тан...майтын әр...птер...ң бар ма?” — деді. Біз: “Ж...қ!” — дед...к. “Ендеше, әріпт...ң б...рін біліп б...лдыңд...р. Енд... қандай с...з болс... да ...қуға жарайсыңдар. М...нау — әр...птерд...ң бастан-аяқ рет...мен тұрғаны. Бұл “әр...п реті” деп аталад.... Әр...птерд... түгел айту керек б...лған кезд... де осы ретім...н іздейс...ңд...р,” — деді.