Word редакторының терезе элементтер
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
Абай орта мектебі
Мұғалім
Чингисова Маржан
Сабақтың тақырыбы
Кесте ішіндегі мәліметтерді енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды кесте құруға үйрету.
- Ұяшықтарды қосу, алып тастау және біріктіру тәсілдерін меңгерту.
- Кестені қоршау (жиектеу) мүмкіндіктерін көрсету.
Дамытушылық
- Есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту.
- Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру.
- Жүйелі ойлау мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
-
1. Ұйымдастыру кезеңі
-
2. Үй тапсырмасын тексеру
-
3. Жаңа тақырып
-
4. Ой қозғау
-
5. Сергіту сәті
-
6. Практикалық жұмыс
-
7. Сабақты бекіту
-
8. Қорытындылау
-
9. Үйге тапсырма
-
10. Бағалау
Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап
Үй тапсырмасы тақтадағы ұяшықтардан сұрақ таңдау арқылы ауызша тексеріледі. Сұрақ бірінші партадан басталады: оқушы жауап бере алмаса, «келесі» деп айтады, келесі оқушы орнынан тұрып жауап береді.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Microsoft Word редакторын қалай іске қосамыз? | Пуск → Все программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word |
| 2 | Жаңа құжатты ашу үшін қандай команданы қолданамыз? | Файл → Открыть |
| 3 | Жаңа құжатты сақтау үшін қандай команданы қолданамыз? | Файл → Сохранить как |
| 4 | Word-та кесте құру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз? | Вставка → Таблица |
| 5 | Ұяшық деп нені айтамыз? | Жолдар мен бағандар қиылысында орналасқан, ақпарат енгізілетін кесте бөлігі. |
| 6 | Ұяшықтарды қалай біріктіреміз? | Объединить ячейки (Ұяшықтарды біріктіру) |
| 7 | Ұяшықтарды бөлу үшін не істейміз? | Разбить ячейки (Ұяшықтарды бөлу) |
| 8 | Бағандар мен жолдарды өшіру үшін қандай командалар орындалады? | Удалить столбцы; Удалить строки |
| 9 | Word редакторы терезесінің негізгі элементтері қандай? | Тақырып жолы, меню жолы, стандартты және пішімдеу тақталары, сызғыш, абзац маркерлері, айналдыру жолақтары, жұмыс аймағы, меңзер, қалып-күй жолы. |
| 10 | Өшірілген файлдар уақытша қайда сақталады? | Корзина |
Теориялық қорытынды: кесте ұғымы
Негізгі анықтама
Кесте — жолдар мен бағандар бойынша реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құру тәсілі
- Аспаптар панелінен Вставка → Таблица командасын таңдаңыз.
- Ашылған терезеде баған саны мен жол санын енгізіңіз.
- ОК батырмасын басыңыз — Word құжатында кесте пайда болады.
Кестені безендіру алгоритмі
- Кестені толық белгілеңіз.
- Таблица → Автоформат командасын орындаңыз.
- Қажетті форматты таңдаңыз.
- ОК батырмасын шертіңіз.
Жиектеу (шекара) параметрлері: торды алып тастау
- Торын алып тастағыңыз келетін ұяшықты немесе ұяшықтар тобын белгілеңіз.
- Формат → Границы и заливка командасын ашыңыз.
- Диалогтық терезеден Граница қосымшасын таңдаңыз.
- Нет типін таңдаңыз да, ОК басыңыз.
Кестемен жұмыс командалары
Кестені құру және өңдеу барысында келесі командалар қолданылады:
Ой қозғау
«Кесте», «жол», «баған» сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын жазыңыз.
| Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|
| Кесте | Таблица | Table |
| Жол | Строка | Row |
| Баған | Столбец | Column |
Сергіту сәті
Жұмбақ 1
Тұрады ол жолдар мен бағандардан,
Ұяшықтар құралады олардың қиылысынан.
Кәне, ойланып көрейік — ол не екен?
Баған мен жолды тоғыстырған.
Жауабы: Кесте
Жұмбақ 2
Кестенің негізгі элементі,
Көлденең орналасқан қызметі.
Ұяшық емес, баған емес — ол не екен?
Жауабы: Жол
Жұмбақ 3
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Баған мен жолдың қиылысы —
Кестеде қай элементті құрайды?
Жауабы: Ұяшық
Практикалық жұмыс
Тапсырма 1
- Меню арқылы Вставка → Таблица → Вставить таблицу командасымен кесте құрыңыз.
- «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралаңыз.
- 5 бағаннан және 3 жолдан тұратын кесте жасаңыз.
Тапсырма 2
- Стандартты саймандар тақтасындағы Вставить таблицу батырмасы арқылы кесте құрыңыз.
- 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толтырыңыз.
- Разметка страницы → Границы и заливка командасы арқылы жиектеу орнатыңыз.
| Р/с | Оқушының аты-жөні | Туған жылы | Мекенжайы | Телефоны |
|---|---|---|---|---|
| 1 | ||||
| 2 | ||||
| 3 |
Қосымша тапсырмалар (дағдыландыру)
- Кестені қолмен сызып шығу арқылы кесте құрыңыз және ішін мәтіндермен толтырыңыз.
- Макет → Направление текста («Мәтін бағыты») командасы арқылы 1-бағанды толтырыңыз.
- 1-жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қалың (Ж) және курсив (К) түрінде жазыңыз.
- Кестенің оң жағына тағы 1 баған қосып, оған «Қолы» баған атауын енгізіңіз.
- Tab пернесі арқылы 1 жол қосыңыз.
- 4-ұяшықты біріктіріңіз.
- Дайын жұмысты мұғалімге көрсетіңіз.
Үй тапсырмасы
Кестемен жұмыс: әртүрлі әдістерді қолданып, электронды түрде кесте құру және пішімдеу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.