КіріспеБұл нұсқаулықта жоғарғы сынып оқушыларының ҰБТ - ға дайындығы барысында Вектор тарауына берілген есептерді, уақытты үнемдей отырып дұрыс жауапқа қол жеткізуге болатындығына жол ашады

Кіріспе

Бұл нұсқаулық жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығында «Вектор» тарауына қатысты есептерді уақытты үнемдей отырып дұрыс шешуге көмектеседі. Әсіресе дайындығы әлсіз немесе жүйесіз дайындалатын оқушылар үшін бұл бөлімде қиындықтар жиі кездеседі.

Жалпы математика үнемі дайындықты талап етеді және тұрақты ойлану арқылы логиканың дамуына ықпал етеді. Есепті ойланбай немесе логикасыз орындау мүмкін емес. Сондықтан кез келген дайындықты жүйелі түрде бастаған дұрыс.

Негізгі ұғымдар

Вектор есептерінде кездесетін мысалдарға қысқаша шолу жасайық. Кез келген вектор a⃗(x; y) немесе a⃗(x; y; z) түрінде берілуі мүмкін. Сондай-ақ есеп шартына сәйкес векторлар (AB)⃗ түрінде де көрсетіледі.

Мысал

Мысалы, бізге a⃗(-2; 2; 1) және b⃗(4; 3; 0) векторлары берілсін.

ҰБТ форматындағы ескерту

ҰБТ-да берілген есептерде міндетті түрде сурет салу қажет бола бермейді. Көп жағдайда уақытты үнемдеу үшін векторларға амалдарды тікелей қолданған тиімді.

Нені үйренеміз?

Бұл бөлімде векторларға амалдар қолдануды қарастырамыз және есептерді қысқа әрі түсінікті тәсілмен шығару дағдысын қалыптастырамыз.

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, «Үлкенбөкен мектеп-балабақша» кешені КММ

Математика пәні мұғалімі: Камерия Шынарбек Камерияұлы