Оқушылардың жауаптарын бағалау. Оқушыларды топқа бөлу

Сабақтың тақырыбы

Ата салтым — асыл қазынам (Лексикадан өткенді қайталау)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: лексика бойынша алған білімдерін тереңдету, ой-өрісті кеңейту, сөздерді қолданыста дұрыс қолдануға және мәтіннен таба білуге үйрету.
  • Тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; халық даналығы мен өсиетін үлгі ету; сөз өнеріне қызығушылықты арттыру.
  • Дамытушылық: логикалық ойлау, ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, ойын түрлері
Көрнекілігі
Тірек сызба, кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, электронды сызба

Негізгі идея

Қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлттық мінез-құлық пен құндылықтарды танытады. Әдет-ғұрып пен ырым-тыйымдар халықтың тұрмысына, тәрбиесіне, сеніміне қарай қалыптасқан.

Мақал

«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа».

Той-думан, жиын, мерекелерде орындалатын дәстүрлер — мәдени жадымыздың үзілмегенінің белгісі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. 3 Сабаққа қатысымды тексеру.
  4. 4 Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II. Тақырыпқа кіріспе: салт-дәстүр және ұлттық ойындар

Оқушыларға сұрақ: қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Топқа бөлу

«Шашу» әдісі арқылы.

Ұлттық ойындар

  • Теңге ілу
  • Көкпар
  • Қыз қуу
  • Жамбы ату
  • Сақина салу
  • Ақсүйек

Оқу форматы

Лексика тақырыбын қайталау барысында ұлттық ойын элементтері қолданылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинайды.

«Көкпар» ойыны: білім сайысы (сұрақтар)

«Көкпардың» орнына сұрақтар қойылады. Ең көп жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.

  1. 1) Лексика нені зерттейді?
  2. 2) Жалпылама лексика дегеніміз не?
  3. 3) Сөз мағынасы нешеге бөлінеді?
  4. 4) Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
  5. 5) Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
  6. 6) Омоним дегеніміз не?
  7. 7) Антоним дегеніміз не?
  8. 8) Синоним дегеніміз не?
  9. 9) Табу дегеніміз не?
  10. 10) Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?

«Жүзік салу» ойыны: сұрақ-жауапты жалғастыру

  1. 1) Тұрақты тіркес дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. 2) Мақал-мәтел дегеніміз не?
  3. 3) Сөздік қор дегеніміз не?
  4. 4) Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не?
  5. 5) Көнерген сөздер дегеніміз не?
  6. 6) Жаңа сөздер дегеніміз не?
  7. 7) Сөздердің қолданылу өрісіне қарай неше түрге бөлінеді?
  8. 8) Жалпылама лексика дегеніміз не?
  9. 9) Қолданылу өрісі тар лексика дегеніміз не?
  10. 10) Кірме сөздер дегеніміз не?

Жазба жұмысы (дәптермен жұмыс)

1-тапсырма

Дұрысын тап. Сөздердің дұрыс тіркесін құрастырып, сөйлем жазыңдар.

Берілген тіркестер:

  • Биік оқушы
  • Жақсы көмектес
  • Терең аспан
  • Ашық тау
  • Ыстық құдық
  • Үлкенге ықылас

Талдау:

  • Бір сөйлемге тұлғалық талдау.
  • Бір сөйлемге сөйлем мүшелері бойынша талдау.
  • Бір сөзге фонетикалық талдау.

2-тапсырма

Тұрақты тіркестердің мағынасын анықтап, сөйлем құрастырыңдар.

  • Айы оңынан туды
  • Ит өлген жер
  • Бетінен оты шықты
  • Төбе шашы тік тұрды
  • Ат ізін салмау
  • Көзді ашып жұмғанша

Талдау:

  • Бір сөйлемге тұлғалық талдау.
  • Бір сөйлемге сөйлем мүшелері бойынша талдау.
  • Бір сөзге фонетикалық талдау.

3-тапсырма

Топтық жұмыс (қатарларды толықтыру).

1-топ: Синонимдік қатар

Алыс — …; Биік — …; Әдемі — …; Үлкен — …; Ас — …

2-топ: Антонимдік қатар

Алыс — …; Ащы — …; Биік — …; Терең — …; Таныс — …

3-топ: Омонимдік қатар

Ой — 1… 2…; Сана — 1… 2…; Нан — 1… 2…; Ер — 1… 2…; Жиырма — 1… 2…

Кітаппен жұмыс

212-жаттығу

Суреттер топтамасындағы 18-суретте бейнеленген адамдардың іс-әрекетін сипаттаңдар: қандай ұлттық бұйым дайындап жатқанын дәлелдеп айтыңдар және жазыңдар. Әңгімелеріңнің дұрыс құрылуына мән беріңдер.

221-жаттығу

Махмұд Қашқаридің нақыл сөздерін жаттап алыңдар:

  • I топ — 1-бөлім
  • II топ — 2-бөлім
  • III топ — 3-бөлім

Нақыл сөздерді оқып, мағынасын талдап, түсіндіріңдер.

III. Сабақты бекіту

«Лексика» тарауынан не білдіңдер? Ойларыңды парақшаға жазып, тақтадағы сызбаға іліңдер.

Негізгі ұғымдар

Тура/ауыспалы мағына, көп мағыналылық, табу, эвфемизм, дисфемизм

Семантикалық байланыстар

Омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркес

IV. Қорытынды

Ел басы биылғы жолдауында тіл туралы: ана тіліміз Мәңгілік Елде мәңгілік тіл болып қала беретінін атап өтті.

V. Үй тапсырмасы

Тұрақты тіркестерді пайдаланып, «Мен — елімнің ертеңімін» тақырыбында ойтолғау жазып келу.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.