Қандай мақал - мәтелдерді білесің
Сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру ескертпесі
Бұл материал 5-сыныпқа арналған «Мақал-мәтелдер» тақырыбын меңгертуге бағытталған. Оқушылар дәптерінде асты сызылған курсив сөздердің орнына бос орын қалдырып, жауаптарын жазады.
Мұғалімге
Алғашқы 5–7 минутта ұйымдастыру, алдыңғы тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру, кейін «Көпір тапсырмаларын» бақылау ұсынылады.
Оқушыға
«Көпір тапсырмалары» — бұрынғы білімді еске түсіріп, жаңа тақырыпты түсінуді жеңілдететін қайталау жұмыстары.
Нәтиже
Теорияны өз бетімен меңгеру, топта талқылау, кейін практикалық тапсырмалар арқылы бекіту және рефлексия жасау.
І кезең: «Көпір тапсырмалары» (үйде дайындық)
Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптар бойынша негізгі ұғымдарды қайталап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
1) Тұрақты тіркес дегеніміз не?
Жауап: Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) — екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.
2) Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер қандай жүйемен айтылады?
Жауап: Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады; сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.
3) Тұрақты тіркестердің синонимдерін ата
- ит өлген жер — алыс
- су жүрек — қорқақ
- тас бауыр — мейірімсіз
4) Әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы
Жауап: Мақал-мәтелдер.
Ендеше бүгінгі сабақта мақал-мәтелдермен танысамыз.
ІІ кезең: Жаңа тақырыпты топтық жұмыста меңгеру
Жұмыс тәртібі
- Оқушылар «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдері бойынша тапсырмаларды өздері толтырады (10 минут).
- Жауаптар мұғаліммен бірге талданады (10 минут).
- Нәтиже ауызша марапаттаумен бағаланады.
Негізгі ұғымдар
Мақал — аз сөзбен түйінді ой айтып, белгілі бір тұжырым жасайды.
Мәтел — ойды бейнелі, тұспалдап, ишара түрінде жеткізеді; көбіне сөйлем аяқталмай, толымсыз келеді.
Ортақ қасиеті: екеуі де әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы және аз сөзбен көп мағына береді.
Білу: бос орынға қажетті сөздерді жаз
- Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
- Кең болсаң, кем болмайсың.
- Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.
- Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
- Мәтелдің мақалдан айырмашылығы — сөйлемнің аяқталмай, толымсыз болып келуі.
- Мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтандырады, тәрбиелейді.
- Өзің білетін мақал-мәтелдерді жаз.
Түсіну: себебін анықта
1) Мақалда неліктен аз сөзбен көп мағына беріледі?
Жауап: Себебі мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.
2) Мәтелде ой-пікір қалай айтылады?
Жауап: Бейнелі әрі тұспалдап, ишара түрінде айтылады. Мысал: «Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.»
3) Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?
Жауап: Қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа, еңбекке, ерлікке баулиды.
Талдау: салыстыр және қорытындыла
-
Салыстыр
Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қатар қойып, айырмашылығы мен ұқсастығын анықта.
-
Ұқсастығы
Екеуі де орныққан сөздер тобы; аз сөзбен көп мағына береді.
-
Айырмашылығы
Тұрақты тіркестердің синонимдік, антонимдік баламалары болуы мүмкін; мақал тұжырым жасайды, мәтел ишарамен жеткізеді.
-
Тақырыптың басты идеясы
Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер — қалыптасқан тілдік бірліктер; ойды ықшам әрі әсерлі жеткізеді.
Жинақтау: қорытынды және мысалдар
Мақалдарға мысал
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Мәтелдерге мысал
- Қыздың көзі қызылда.
- Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.
- Кәрі түлкі қақпанға түспес.
Оқулықпен жұмыс: қолдану және бағалау (рефлексия)
Қолдану: 124-жаттығу
Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жаз.
Мақалдар
- Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
- Ең әдемі сөз — ең ақылды сөз.
Мәтелдер
- Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.
- Кәрі түлкі қақпанға түспес.
Баға беру: пікір білдір
1) Өз сөздік қорыңда мақал-мәтелдерді қолданасың ба?
Үлгі жауап: Иә, жиі қолданамын, себебі мақал-мәтел аз сөзбен көп мағына береді.
Ойыңды жалғастыр: ________________________________
2) Бала тәрбиесінде мақал-мәтелдердің алатын орны қандай?
Үлгі жауап: Мақал-мәтел арқылы бала отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білімділікке және басқа да жақсы қасиеттерге ұмтылады.
Ойыңды жалғастыр: ________________________________
ІІІ кезең: кері байланыс және деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау
Бұл кезеңде оқушының меңгерген мазмұны үш деңгейге іріктелген тапсырмалар арқылы тексеріледі. Оқушылар сабақ соңындағы 15 минуттың 12 минутында тапсырмаларды орындайды, 3 минут қорытынды жасалады. Қалғанын үйде аяқтауға болады. Жиналған балл дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақта журналға қойылады.
Білу: бос орынға қажетті сөздерді жаз
- Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
- Кең болсаң, кем болмайсың.
- Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.
- Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
- Мәтелдің мақалдан айырмашылығы — сөйлемнің аяқталмай, толымсыз болып келуі.
- Мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтандырады, тәрбиелейді.
- Қандай мақал-мәтелдерді білесің? ________________________________
Қолдану: тақырыптар бойынша мақал-мәтел жаз
Отан, еңбек, білім туралы бесеуден мақал-мәтел жаз.
Отан туралы
- Отанды сүю — отбасынан басталады.
- Отан оттан да ыстық.
- Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
Еңбек туралы
- Ер дәулеті — еңбек.
- Еңбексіз өмір — сөнген көмір.
- Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер.
- Еңбексіз тапқан мал — есепсіз кеткен мал.
Білім туралы
- Білім — ырыстың тізгіні.
- Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.
- Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
- Ғылым — теңіз, білім — қайық.
- Алтын алма, білім ал.
Түсіну: себебін анықта
1) Мақалда неліктен аз сөзбен көп мағына беріледі?
Жауап: Себебі мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.
2) Мәтелде ой-пікір қалай айтылады?
Жауап: Бейнелі әрі тұспалдап, ишара түрінде айтылады. Мысал: «Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.»
3) Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні қандай?
Жауап: Қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа, еңбекке, ерлікке баулиды.
Автор: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы