Сигнал ақпарат тасуыш

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақтың мақсаты — ақпаратты қабылдау, жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдерін үйрету, сондай-ақ кодтау ұғымын түсіндіру.

Білімділік

Ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен; екілік санау жүйесімен және ASCII кодтарымен таныстыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін және логикалық-абстрактілі ойлауды дамыту.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Электрондық оқулық

Сабақтың өту барысы

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту
  6. Үй тапсырмасын беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • «Ақпарат» сөзіне қандай мағына бересіңдер?
  • Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
  • Байланыс тілі деп нені айтады?
  • Қандай тілдерді білесің?
  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
  • Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.

Тест тапсырмалары

1. Информатика ғылымы — …

  • A) ақпараттық процестерді жинауды
  • C) ақпараттық процестерді тасымалдауды
  • B) ақпараттық процестерді
  • D) ақпараттық процестерді сақтауды зерттейтін ғылым

2. Компьютердің негізгі құрамына мыналар кіреді:

  • A) монитор, тышқан, пернетақта
  • C) принтер, жүйелік блок, пернетақта
  • B) дисплей, жүйелік блок, пернетақта
  • D) тышқан, иілгіш диск, монитор, пернетақта

3. 1 гигабайт =

  • A) 1 килобайт
  • B) 1024 мегабайт
  • C) 1 000 000 байт
  • D) 1 024 000 байт

4. «Файл» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

  • A) Терезе
  • B) Қапшық
  • C) Бағдарлама
  • D) Мәлімет

5. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы:

  • A) пернетақта
  • B) монитор
  • C) тышқан
  • D) жүйелік блок

6. Компьютердің жүйелік блогына қай құрылғы кірмейді?

  • A) микропроцессор
  • B) қатты диск
  • C) принтер
  • D) дискжетек

7. Microsoft Office құрамына қатысты емес мәтіндік редакторды көрсетіңіз:

  • A) Excel
  • B) WordPad
  • C) Access
  • D) Word

8. Монитор экраны не үшін қажет?

  • A) ақпаратты өңдеуге даярлық үшін
  • B) мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсету үшін
  • C) мәтіндік ақпаратты көрсету үшін
  • D) графикалық ақпаратты көрсету үшін

9. Алғашқы есептеуіш машиналар қай жылы жасалды?

  • A) 1953 жылы
  • B) 1976 жылы
  • C) 1946 жылы
  • D) 1985 жылы

10. Кеңес Одағының бірінші буындағы ЭЕМ-дері қай жылдан бастап шығарыла бастады?

  • A) 1947–1948
  • B) 1987–1988
  • C) 1847–1848
  • D) 1985–1986

Жаңа түсініктер

Кодтау және декодтау

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі код деп аталады.

Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері көбіне ақпараттың ұсынылу түріне байланысты. Кейде кодтауды шифрлау деп те атайды, ал кері әрекет декодтау процесімен байланысты.

Екілік алфавит, бит және байт

Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен беріледі. Ақпаратты екілік кодпен көрсету үшін құрылғы екі күйді айыра білуі керек: мысалы, 1 — ток бар, 0 — ток жоқ (немесе кернеудің жоғары/төмен деңгейі).

Тек екі мәннің (0 немесе 1) бірін қабылдай алатын ең кіші ақпарат өлшем бірлігі бит деп аталады. Ал символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын бірлік байт деп аталады.

Маңызды: 1 байт = 8 бит, ал 8 бит арқылы 256 түрлі символды кодтауға болады.

Символдарды кодтау комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп аталады.

ASCII коды

Есептеуіш техникасында ең көп қолданылатын кодтардың бірі — ASCII (American Standard Code for Information Interchange) коды.

Кодтау кестесінде 16 жол және 16 баған бар. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.

  • Стандартты бөлік: алғашқы 128 символ (0–127) — цифрлар, латын әріптері және компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
  • Баламалы бөлік: 128–255 кодтар — ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ және т.б.).

Кодтауды ондық, екілік және оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі арқылы да қарастыруға болады.

Сигнал және ақпаратты беру

Ақпарат тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагниттік сәуле немесе физикалық әсер түрінде келіп түседі. Мұндай әсерлер сигнал деп аталады.

Сигнал — адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс, яғни ақпараттың тасымалдаушысы. Ақпаратты жіберу дегеніміз — сигналдарды жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Адам сезім мүшелері сигналдарды көбіне аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалар негізінен дискретті сигналдармен жұмыс істейді.

Дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға да, керісінше, аналогтық процесті дискретті түрде ұсынуға да болады. Уақыт аралығы неғұрлым ұсақ бөлінсе, сигналдың өзгеруін соғұрлым дәл сипаттаймыз.

Ақпараттың құндылығы және ақпарат көлемі

Ақпарат адам үшін жаңа әрі түсінікті болуы керек. Хабардан ақпарат алу үшін сол сала бойынша бастапқы білім жеткілікті болғаны маңызды. Егер ақпарат толық, объективті, жаңа, пайдалы және нақты болса, ол адам үшін құнды болады.

Хабардың ақпарат көлемі — хабардың ұзындығы, яғни ондағы символдар саны. Техникада кез келген сақталатын және берілетін ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — 1 бит.

1 байт = 8 бит

1 КБ = 1024 байт

1 МБ = 1024 КБ

1 ГБ = 1024 МБ

Есептер

  1. «Байт» сөзінде қанша бит ақпарат бар?
  2. 12288 бит шамасын байтқа және мегабайтқа ауыстырыңдар.
  3. Ширек килобайт хабарламада қанша бит ақпарат бар?
  4. Дискетке 1,44 МБ ақпарат сыяды. Көлемі 680 МБ компакт-дискіні қанша дискета алмастыра алады?
  5. Мәтіннің бір беті: 50 жол, әр жолда 50 символ. Осындай 5 бет мәтін қанша ақпарат көлемін алады?

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Кодтау және кері кодтау деген не?
  • Бит пен байт деген не?
  • Техникалық жүйелерде неліктен екілік алфавитті қолдану тиімді?

Егіз сандар (қосымша тапсырма)

Әр түрлі санау жүйесінде беріліп, бірақ бір ғана санның мәнін көрсететін сандарды егіз сандар деп атайық. Төмендегі кестеден егіз сандардың нөмірлерін анықтаңдар.

10 2
1 0 0000
2 5 1001
3 6 0011
4 9 0101
5 14 1110
6 10 1001
7 12 0001
8 13 0101
9 7 1110
10 5 1010
11 10 16
12 5 B
13 2 10
14 10 A
15 14 C
16 9 9
17 11 D
18 15 F
19 1 A
20 3 3
21 12 B

Ескерту: Кестеде әртүрлі санау жүйелері аралас берілген жолдар бар. Тапсырманы орындау үшін бір санның мәні әртүрлі жазылуы мүмкін екенін ескеріңдер.

Үй тапсырмасы

Ақпаратты түрлендіру тақырыбын оқып келу.