Шәмші қайда, Шәмші қайда
Сабақтың тақырыбы
Ән әлемінің королі
Білімділік
Отанын шексіз сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу.
Дамытушылық
Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру; халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтап, жалғастыруға баулу.
Тәрбиелік
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу; Қазақстанды өркендету үшін білімді азаматтардың қажет екенін ұғындыру.
Көрнекіліктер
Буклеттер, ән жинақтары, кітаптар.
Кіріспе
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар! «Ән әлемінің королі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші
Сонау күй атасы Қорқыттан бастап, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір; көмейіне бұлбұл ұялаған Әміре; жылғаның тасындай жылтыраған Біржан сал; Ақан сері мен Жаяу Мұса — қазақ деген ұлы халықтың бақытына туған, өнер көгіндегі жарық жұлдыздар.
«Сыр сұлуы»
Шәмші Қалдаяқов: өмірі мен мұрасы
Өмірбаян деректері
- 1930 жылғы 15 тамызда Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
- 1956–1962 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда оқыған (толық аяқтай алмаған).
- 1950 жылдан шығармашылықпен айналысып, 1965 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған.
- 1991 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстанның халық әртісі» атағын алған.
Кең тараған әндері
Қазақ жастарының бақытты өмірін жырлайтын, ел арасында сүйіспеншілікке бөленген әндерінің қатарында: «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Менің Қазақстаным», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик» және басқа да көптеген туындылары бар.
Негізгі ой
Ш. Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасы — қазақ әні мен мәдениетінің алтын қорына қосылған баға жетпес рухани қазына.
2-жүргізуші
Қысқаша айтқанда, 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын тұсындағы Отырар өңірінде — қобыз бен домбыраны құйқылжыта тартатын сері, ақын, ұста-шәкірт, зергер Қалдаяқ пен әнші Сақыпжамалдың отбасында ХХ ғасырда қазақ әнінің ажарына жаңа рең беріп, оны әлемдік кеңістікке көтерген феномен — Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді.
2-оқушы
Ән әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқұлы — күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Қырық жыл бойы аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.
3-оқушы
Шәмші әндеріне шетел өнерпаздары да таңданған. Ағылшын өнер қайраткері Роберт Файлер: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән жазу — ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек», — деген екен.
4-оқушы
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап келе жатқан Шәмші әндерімен талай ұрпақ тербеліп өсті. Сондықтан халық оны «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтейді. Шәмші батыс өнеріндегі вальсті қазақ болмысына жақындатып, төл өнеріміздің бір сипатына айналдырды.
«Ақ бантик»
Әннің тағдыры, ананың батасы
5-оқушы
«Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» деген сөз рас. Шәмшінің 300-ге жуық әнінің әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Анасы ауыр дертке ұшыраған шақта Алматыдан Шәмшіні алдырып: «Балам, бір тілегім — сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін», — деп ақ батасын береді. Толқыған Шәмші: «Ана, саған кесене орнатам деп уәде бере алмаймын, бірақ саған ең асыл, ең нәзік ән арнаймын. Ол ешқашан ұмытылмайды», — дейді. Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі еді. Ол уәдесін 1961 жылы орындаған.
Шәмші Қалдаяқов (естелік)
«Мен ажарлы әйелді көрсем, сол сәтте махаббат отына түсетін едім… Бір көркем қыз: “Сен ғашық адамсың. Сен бар дүниеге — Алатауға, сылдырлап аққан суға, мөлдір аспанға, бүкіл адамзатқа ғашықсың. Әйтпесе сен ән шығара алмас едің”, — дегені есімнен кетпейді».
«Ана туралы жыр»
2-жүргізуші
Шәмші өз әндерінің қалай дүниеге келгенін жиі айтып жүретін. «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик», «Дүнген қызы», «Сыған серенадасы» секілді әндерінің бірқатарын сұлу қыздарға арнап жазған.
6-оқушы (өлең)
Әлі де бұл кеудеме толмай арман,
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Қол созып құшақ жайған қандай адам…
Қалайша жүрегімді алдай алам,
Мен оны жалғыз саған арнай алам.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Дариға-ай, құшақ жайған қандай адам…
Халық жүрегіндегі ән
1-жүргізуші
Адам жүрегінен орын тапқан әуеннің ғұмыры ұзақ. Шәмші ағамыздың әндері республикамыздың қай өңірінде де жиі айтылып, әнсүйер қауым арасында кең тарады. Ол саналы ғұмырының бір бөлігін шәкірт тәрбиелеуге арнады: Шымкент пен Алматы мектептерінде ән-музыка пәнінен сабақ берді. Әндерінің негізгі тақырыптары — Отан, еңбек адамы, жастар және бүлдіршіндер әлемі.
7-оқушы (өлең)
Отаным, алтын ұям, абзал анам,
Жайнай бер, жайқала бер, болма алаң.
Тамаша, дархан, бейбіт өміріңді
Қорғайды, күзетеді мың сан балаң.
Теңелткен елімде бар ұлтты,
Дос еткен халық пен халықты,
Қастерлеп ананы, баланы,
Жайнатқан даланы — Отаным.
8-оқушы (өлең)
Ұлан-байтақ кең далам,
Көк майса бал тамызған.
Төрт түлік малың түгел жүр,
Сүт пен майын ағызған.
Шетелдегі қандастар
Оралып жатыр еліне.
Құрметпен қарсы алып,
Жасадың жағдай бәріне.
Балаға жасап қамқорлық,
Білім бердің тереңнен.
Азамат болсын жеткіншек,
Қызметі елге еленген.
«Қайықта»
9-оқушы (өлең)
Бақыт соққан заманның балғасынан,
Барлық игі істердің жалғасынан
Сен мені іздесең табасың.
Күн батыстан шығысқа иық керген,
Әлі ешкім шықпаған иіктерден,
Бүкіл адам бас иетін
Сенің ерлік қасиетің.
Қопсымайтын қанат үнің,
Ел таныған жомарттығың
Келер күнге менімен бірге барады.
Қатал қайсар махаббаттың жүрегінде жанады.
Сондықтан да болашағы мына ұлы даланың
Ертең біздің есімімізбен байланысты болады.
10-оқушы
Ән: «Сыған серенадасы»
Пай, пай, киелі неткен жер,
Батырлар дүбірлеп өткен жер.
Тұлпарлар дүрсілдеп тепкен жер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер.
Осы бір Отанда тұрғанға
Құлшылық етемін тұрғанға,
Тағзым жасаймын қырларға,
Шүкірлік етемін қашанда.
11-оқушы (өлең)
Күндік бақыт күндегі күлкің емес,
Гүлдің гүлзар болуын кім тілемес.
Иә, иә, сәулелі болашақтың
Бізге соқпай өтуі мүмкін емес.
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар.
Бұл сұраққа сен бересің жауапты,
Ертең келер нәрестенің алдында.
Тек жүзіңді төмен салма,
Тек көзіңді жасқа толтырма.
Сенің көзің — заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Менің даңқым жоғары.
Сондықтан да жолың болсын,
«Менің Қазақстаным» — қоғам үшін бағалы.
Арнаулар, жырлар, сағыныш
2-жүргізуші
Шәмшіге аға да, іні де болып, өлең арнаған Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың арнайы шығармалары бар. Айтылады: дара туған дарын Шәмші Қалдаяқовқа 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы — «ән ағаға» айналып кете барды.
«Кешікпей келем деп ең»
12-оқушы (өлең)
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па,
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын, Шәміл-ау.
Шәмші қайда, Шәмші қайда?
Шәмшіге айт — тағы да бір таңдандырсын,
Жүректі жындандырсын, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
13-оқушы (өлең)
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған —
Шәмші едің.
Ұлы жүрегіңмен, пейіліңмен,
Тілегіңмен, күллі елдің үмітімен
Алдыңа жан салмаған дарын едің.
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған,
Отырардың еңкеймеген рухын
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
14-оқушы (өлең)
Шәміл, Шәміл, шаршадым, қалжырадым,
Ет жүрегім езілді, қан жылады.
Темір емес мен де адаммын ғой,
Аңнан емес, адамнан жаралдым ғой.
Шәміл-ау, тұңғиыққа қамалдым ғой…
Қайтермін, қайда барып жазармын бой?
Тағы түн, тағы сенен ұйқы қашты,
Қайтемін, қаңыраған күйкі басты.
Алдыма мына пәни тыр жалаңаш,
Шығарып тілін маған сұқын ашты.
Махаббат меннен қашты — бөлекте жүр,
Мен де бір жасын түскен теректей бір.
Тіршілік махаббаттан таралған ғой,
Шәміл-ау, енді маған керек пе өмір?!
17-оқушы (өлең)
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлер талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Келемін кешіп таң шығын әлі,
Шығысты шапақ бояпты.
Шәмшінің әні, Шәмшінің әні —
Көкірегімді оятты!
Келемін кешіп таң шығын әлі,
Қырқада жұпар бұрқырап.
Естіліп тұрды Шәмшінің әні,
Сезімтал жанның ырқын ап.
1-жүргізуші
Әндерің ғасырларға жалғасатын, жаңғырып жадымызда қалар атың. Дүбірлі дүниені түгел шарласам, өзіңнен асқан сазгер-әнші бар ма? Әуезді әуеніңе дала тұнған, ауаның жолдарымен таралды ән. Ел аузында дара тұлғаң — жүрегің сазды әуеннен жаратылған.
2-жүргізуші
Шәмшінің «Менің Қазақстаным», «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қуаныш вальсі», «Ақ ерке — Ақ Жайық», «Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең», «Бақыт құшағында», «Сағынышым менің», «Отырардағы той» сияқты әндерінің әр ұрпаққа берері мол. Ең бастысы — оны жүрекпен түсініп, жүрекпен айту.
«Менің Қазақстаным»: әнұранға апарар жол
16-оқушы
Мен республикамыздың талай өңірінде болып, асыл азаматтармен таныстым. Олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мені ерекше толқытты. Әнімді Қазақстаныма арнадым. Бұл туынды тың жылдары Ақмоланы Целиноград атап, сол жақтағы бес облысты Ресейге қосу туралы әңгіме жүрген кезеңде, қазақ жерін бөлшектеу қаупі төніп тұрған шақта туды. Асқақ рухымызды, алтын күн шуағына бөленген қазақ жерін әнге сыйғызғым келді. Сөйтіп, 1956 жылы «Менің Қазақстаным» әні өмірге келді. Өлеңін Жұмекен Нәжмеденов жазды, әнді радиоға Жамал Омарова жаздырды.
1-жүргізуші
Бұл әнді Шәмші аға ел әнұраны болады деп сезгендей. Егемендігіміздің рухани негіздерінің бірі болған 1986 жылғы 17 желтоқсанда еркіндікті аңсаған қазақ жастары Алматы алаңында «Елім-аймен» бірге осы әнді де шырқап шықты. «Менің елім!» деп ұрандаған жастардың арманы орындалып, еліміз тәуелсіз мемлекетке айналды.
Кейін жаңа әнұранға конкурс жарияланған кезде «Менің Қазақстаным» ұсынылғанымен, әртүрлі себептермен бірден қабылданбай қалғаны айтылады. Дегенмен халыққа рухани қуат берген бұл ән 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Әнұран ретінде халқына қайта оралды.
17-оқушы
Әлдиледің әуеніңмен қазақтың кең даласын, ырыс шашып әр ұрпақтың санасын. «Менің Қазақстаным» әміршіл заманда Жұмекен мен Шәмші аға қорықпай қалай қарадың? Тәуелсіз елді әнұран болып оятқан, әр қазақ жүрегінің дүрсілінің жыры боп, ұлылықтың төріне саф алтын болып қаландың.
«Менің Қазақстаным»