Көп жылдық өсімдіктерді ата

Кіріспе

Құрметті қонақтар мен болашақ жас мамандар! «Эрудит – 2015» атты интеллектуалдық-танымдық ойынға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі — бұған дейін бастауыш сынып оқушысы ретінде белсене қатыссақ, енді өзімізді болашақ жас маман ретінде сынаймыз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ойы білімнің маңызын айқындай түседі: «Біз өмір бойына жететін білім алу дәрежесінен өмір бойы білім алып өту мәртебесіне көшуге тиіспіз». Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық!

«Шын жүйрік — шабысынан танылады, қатты білім — терең ой саналады». Әділ бағасын беретін қазылар алқасы әділдікті орнатады, ал жеңіс — білім мен тапқырлықты ұштастырған мықтының еншісінде.

Ойын құрылымы

Кезеңдер

  1. Білімділер пирамидасы
  2. Кім тапқыр
  3. Жүзден жүйрік
  4. Қорытынды

Қатысушыларға таныстыру сұрақтары

  • Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
  • Алға қойған мақсатыңыз қандай?
  • Жеңіске жетудің жолдары қандай?
  • Өмірлік ұраныңыз қандай?
  • Таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
  • Адамдық борышты қалай түсінесіз?
  • Оптимистсіз бе, әлде пессимистсіз бе?

«Білім — биік шың. Ол бақытқа жеткізеді. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізеді». Ендеше, білімді сарапқа салатын сәтті бастайық!

I. «Білімділер пирамидасы»

Ереже

  • 7 жұлдызша беріледі, әр жұлдызшада 6 сұрақ бар.
  • Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
  • Егер ойыншы жауап бере алмаса, жүргізушінің «Қарсыластар!» деген белгісінен кейін қарсыластар жауап бере алады.
  • Кезең соңында ұпайы төмен 3 ойыншы ойыннан шығады.

1-жұлдызша

  1. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (Көкжиек)
  2. Ауаның негізгі қасиеттері қандай? (Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз)
  3. Барлық тірі табиғатқа тән қасиет қандай? (Көбею)
  4. Шахтада жұмыс істейтін адам қалай аталады? (Шахтер)
  5. Каучук неден алынады? (Мұнайдан)
  6. Шетелдіктер қандай уылдырықты алтынға бағалап сатып алған? (Қара және қызыл уылдырық)

2-жұлдызша

  1. Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша жүргізілген сызық қалай аталады? (Көкжиек сызығы)
  2. Судың негізгі қасиеттері қандай? (Түссіз, мөлдір, иіссіз)
  3. Жазда өсімдік неге тез өсіп-жетіледі? (Жарық мол түседі)
  4. Балықтар немен тыныс алады? (Желбезек арқылы)
  5. Астана атауы қай жылы берілді? (1998 ж. 6 мамыр)
  6. Мұнайдан не алынады? (Бензин, жанармай)

3-жұлдызша

  1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады? (Тұсбағар)
  2. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (Ағаш, бұта, шөп)
  3. Біржылдық өсімдіктерді атаңыз. (Күнбағыс, бұрыш, бидай)
  4. Жемін түнде ғана аулайтын жануар. (Жапалақ)
  5. Құмырсқаның орманға пайдасы қандай? (Ағаш зиянкестерінен қорғайды)
  6. «Ғылым мен мәдениет орталығы» атанған қала. (Алматы)

4-жұлдызша

  1. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі. (Сурет)
  2. Өсімдіктің негізгі жер асты мүшесі. (Тамыр)
  3. Өмірі жарық көрмей, үнемі топырақ арасында жүретін жануар. (Соқыртышқан)
  4. Жануарлар неге мүлдем құрып кетпей, тіршілігін жалғастыра береді? (Ұрпақ береді, көбейеді)
  5. Денесі сымбатты, аяқтары жіңішке әрі мықты, өте жүйрік жануар. (Қарақұйрық)
  6. Мұнаймен бірге жер қойнауында не кездеседі? (Табиғи газ)

5-жұлдызша

  1. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі. (Сұлба)
  2. Өсімдіктің маңызды мүшелерінің бірі. (Сабақ)
  3. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануар. (Кірпі)
  4. Ағашқа көлденең отырмай, діңіне жабысып қонатын құс. (Шегірткеші)
  5. Каучук алуға көп мөлшерде пайдаланылған өсімдік. (Таусағыз)
  6. Бұрын «тіршіліксіз, тақыр шөл» деп аталған өңір. (Маңғыстау)

6-жұлдызша

  1. Тұқым неше топқа бөлінеді? (2 топ: құрғақ және шырынды)
  2. Көпжылдық өсімдіктерді атаңыз. (Бақбақ, итмұрын, үйеңкі)
  3. Аюдан басқа қысқы ұйқыға жататын жануарлар. (Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ)
  4. Жауларын жағымсыз иісімен қорқытатын жануар. (Скунс)
  5. Қазақстанның оңтүстігінде ғана өсіп, дәрі жасауға қолданылатын өсімдік. (Дермене)
  6. Көмірді алғаш тапқан кім? (Апақ Байжанов)

7-жұлдызша

  1. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, ауа, топырақ)
  2. Өсімдіктің топырақ арасындағы сабағы жуандаған жері. (Түйнек)
  3. Жолбарыс жануарлардың қай түріне жатады? (Жыртқыш)
  4. Үстірт шөлінде кірпінің қандай түрі тіршілік етеді? (Ұзын инелі кірпі)
  5. Іле Алатауының биік шыңдарында қалың өсетін ағаш. (Шырша)
  6. Қазақстанның батысында қандай теңіз орналасқан? (Каспий теңізі)

Әділқазы алқасына сөз беріледі. Қатысушыларға ескерту: «Сайыста жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіз!»

II. «Кім тапқыр»

Ереже

Бұл бөлімде «Жұмбақтар», «Қызықты сұрақтар», «Жағдаяттар», «Болашақ жас мамандар» ұяшықтары ұсынылады. Әр ұяшықта 20 / 30 / 40 ұпайлық тапсырмалар бар. Ішінде бейнесұрақ және «тосын сый» да кездеседі. Осы бөлімнен кейін 2 ойыншы ойыннан шығады.

Жұмбақтар

  • 20 ұпай
    Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой)
  • 30 ұпай
    Түсі қара мақпалдай, төсі ақ сыр жаққандай. Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)
  • 40 ұпай
    Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. Өрінен мен түскенде, өңі кірер даланың. (Жаңбыр)

Қызықты сұрақтар

  • 20 ұпай
    Көктемнің келгенін қай құс арқылы білеміз? (Ұзақ)
  • 30 ұпай
    Қандай жәндік аяғымен естиді? (Шегіртке)
  • 40 ұпай
    Әлемде найзағай ең көп жарқылдайтын жер қайсы? (Ява аралы, Богор — жылына 322 күн)

Жағдаяттар

20 ұпай

Азамат сабақ үстінде Сәкеннің телефонын алып ойнайды. Мұғалім оны байқап, телефонды тәрбие меңгерушісіне өткізеді. Бұған дейін де ескерту жасалған. Екі оқушы ренжісіп, арты төбелеске ұласады.

Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?

30 ұпай

Аманжол сабаққа жиі ұқыпсыз келеді: шашы өскен, киімі үтіктелмеген. Дегенмен сабаққа дайындалып келуге тырысады. Достары жоқ, оқушылармен араласпайды.

Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

40 ұпай

Айгүл ата-аналар жиналысы болатынын айтады. Анасы мұғалім тек озаттарды мақтап, Айгүлді жиі сынайтындықтан барғысы келмейтінін жеткізеді. Айгүлдің көңілі түседі. Анасы «онда сабаққа бармай-ақ қой» дейді. Бала 2–3 күн сабақтан қалады.

Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

Болашақ жас мамандар

  • 20 ұпай
    Ойлауды жаттықтырудың керемет гимнастикасы — бұл (логикалық есептер).
  • 30 ұпай
    Тосын сый
  • 40 ұпай
    «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының мақсаты: өз бетінше білім алатын, көп пікірдің ішінен маңыздысын таңдай білетін, еркін сөйлейтін, өз пікірін батыл қорғап, дәлелдей алатын тұлға тәрбиелеу.

Әділқазы алқасына сөз беріледі.

III. «Жүзден жүйрік»

Ереже

Бұл кезең — нағыз жеңімпаздар сайысы. «Эрудит – 2015» атағының иесі осы бөлімде анықталады. Шарт бойынша, 1 минут ішінде бірнеше пәнге қатысты сұрақтарға жауап бересіздер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ұпайы жоғары ойыншы бастайды.

I баған

  1. Валютаның сатылу, айырбастау бағасы. (Курс)
  2. «Цифр» сөзінің мағынасы. (Арабша «бос орын»)
  3. Зат есімнің сұрақтары. (Кім? Не?)
  4. Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат. (Топырақ)
  5. Мәтіннің түрі: «Мен екінші сыныпта оқимын…». (Әңгімелеу)
  6. Қай жемістің жапырағы түсісімен «қыс келеді» деп айтады? (Шие)
  7. Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар. (Ауа, су, тамақ, жылу, жарық)
  8. Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік. (Көкжиек)
  9. Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді? (Солтүстік)
  10. Өсімдікті топыраққа бекітетін мүше. (Тамыр)
  11. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)
  12. Табиғатта су неше күйде болады? (Сұйық, қатты, газ)
  13. Өсімдік жапырағының жасыл болуы ненімен байланысты? (Күн сәулесімен)
  14. Қазақстандағы тұзды теңіз. (Каспий)
  15. Алтын адам табылған жер. (Алматы облысы)
  16. Бидайдың неше түрі бар? (2 түрі)
  17. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. (Жылу)
  18. Қостанай қаласында қанша аудан бар? (16 аудан)
  19. Адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының ережесі. (Әдептілік)
  20. Шөппен қоректенетін жануарлар. (Шөпқоректі)

II баған

  1. Ақша бағасының құнсыздануы. (Инфляция)
  2. Ғарышкерлер күні қашан аталып өтеді? (12 сәуір)
  3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. (Жалғау)
  4. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (Құнарлы)
  5. Еліміздегі мұнай мен газға бай аймақтар. (Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау)
  6. Президент алғаш сайланған уақыт. (1991 ж. 1 желтоқсан)
  7. Бір жылда неше күн бар? (365 күн 6 сағат)
  8. Өсімдіктердің Қызыл кітабына қандай өсімдіктер енгізіледі? (Жойылып бара жатқан)
  9. Бүкіл ағайынның бірлесіп үй салуы. (Асар)
  10. «Фигура» сөзінің мағынасы. (Латынша «бейне, кескін»)
  11. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60–80 рет)
  12. Топыраққа қажетті органикалық тыңайтқыш. (Қарашірік)
  13. Ауаны көрмейтін себебіміз. (Мөлдір, түссіз)
  14. Мұхтар Әуезов кім? (Ұлы жазушы)
  15. Бекіре балығының ұзындығы. (3 метр)
  16. Тұқымынан тазартылған мақта қалай аталады? (Шитті мақта)
  17. Бақа жануарлардың қай түріне жатады? (Қосмекенді)
  18. «Қайырымдылық» сөзінің синонимдері. (Мейірімді, тату, көмектесуші)
  19. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы. (1940 ж. 6 шілде)
  20. Адам, өсімдік және жануарлар пайдаланбайтын су түрі. (Ащы сулар)

Әділқазы алқасына сөз беріледі. Соңғы бөлім қорытындыланып, жеңімпаз анықталады. Марапаттау рәсімі өткізіліп, қатысушыларға мақтау қағаздары табысталады.

Қорытынды және қосымша сұрақтар

Таң шуағы тәуелсіздік елімізде,
Бақ-дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше,
Көк байрақ желбірей түс көгімізде!

Қосымша сұрақтар

  1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік. (Жантақ)
  2. Қосмекенді. (Бақа)
  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1998 ж. 28 қаңтар)
  4. Астана қаласының маңындағы өзен. (Есіл)
  5. Суыққа төзімді өсімдік. (Бидай)
  6. Екіжылдық өсімдіктер. (Пияз, орамжапырақ)
  7. Түйе майды қай мүшесіне жинайды? (Өркешіне)
  8. Түлкі кірпіні қалай аулап қоректенеді? (Суға тастап, бауыры жазылған сәтте ұстайды)
  9. Балаларын сүтпен қоректендіретін жануарлар. (Сүтқоректілер)
  10. Өсімдікке қоректі заттарды топыраққа қосымша енгізу. (Тыңайту)