Сызғыш сөзін буынға бөліндер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі (ересек топ)

Негізгі ақпарат

Тәрбиеші
Абишева А. М.
Білім беру саласы
Коммуникация
Пән
Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып
Табиғат әлемі
Тақырып
«Ғ» дыбысы және әрпі

Ресурстар мен әдістер

Педагогикалық технологиялар

  • Ойын әдісі
  • Сұрақ–жауап
  • Әңгімелеу

Ресурстар

  • Жұмыс дәптері
  • Әріп қималары

Көптілділік

  • сызғыш линейка
  • дауысты дыбыс гласный звук

Мақсаттар

Тәрбиелік

Тапқырлыққа және ойдың ұшқыр болуына тәрбиелеу.

Дамытушылық

Дидактикалық құралдарды қолдана отырып, балалардың ойлау қабілеті мен қиялын дамыту.

Оқыту

«Ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Оқу қызметінің барысы

1) Ұйымдастырушылық кезең

Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы әліпбиге аударады және жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Көп әріп ішінде —
Шалғы пішінде.
Тап мұны, түсін де.

Дұрыс жауап: «Ғ» дыбысы.

Дыбыстың артикуляциясы

  • Ерін ашылады.
  • Тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді.
  • Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді.
  • Дауыс шымылдығының дірілінен «ғ» дыбысы естіледі.

Балалар «ғ» дыбысын айтып көреді. Тәрбиеші түсіндіреді: «Ғ» — дауыссыз дыбыс, оны әндетіп, созып айтуға болмайды.

  • Дауыссыз дыбыстар қандай түспен белгіленеді?
  • «Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез табады?
  • «Аға» сөзін қима әріптер арқылы тақтаға құрастырып жазады.

Жаңылтпаш

Ағабай ағасын —
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.

Жұмбақ

Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауабы: сызғыш.

«Сызғыш» сөзін буынға бөлу: сыз-ғыш.

сыз + ғыш

Көптілділік (қайталау)

  • сызғыш линейка
  • ғарыш аспан әлемі

«Сызғыш» сөзіне дыбыстық талдау

6 дыбыс, 6 әріп.

2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.

  • С — дауыссыз дыбыс
  • Ы — дауысты дыбыс
  • З — дауыссыз дыбыс
  • Ғ — дауыссыз дыбыс
  • Ы — дауысты дыбыс
  • Ш — дауыссыз дыбыс

Сұрақ: Екінші буын қай дыбыстан басталады?
Жауап: Екінші буын «ғ» дыбысынан басталады.

Дыбысты біз айттық, естідік. Енді «ғ» дыбысының әріп таңбасымен танысамыз. Тәрбиеші «Ғ» әрпінің баспа және жазба түрін көрсетеді.

2) Сергіту сәті

Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.

3) Оқу және бекіту жұмыстары

Буындарды оқу

ҒА ҒҰ ҒЫ ҒО ҒӘ

Сөздерді оқу

АҒА ҒАРЫШ

Балалар буындар мен сөздерді тәрбиешінің көмегімен оқиды.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыру»

Ойын шарты: балалар тәрбиешінің бастаған сөйлемін жалғастырады.

  • Өзімнен үлкен бауырым — аға.
  • Қыз құлағындағы әшекей — сырға.
  • Ат тұяғындағы темір — таға.
  • Қап-қара құс — қарға.
  • Шегені қағатын — балға.
  • Жарыста айтылатын жігер сөз — алға.
  • Шыр-шыр еткен — торғай.
  • Мысықтың баласы — марғау.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі № 9 тапсырма орындалады. Тәрбиеші жеке жұмыс жүргізеді.

4) Қорытынды

  • Қандай дыбыспен таныстық?
  • «Ғ» дыбысы қандай дыбыс?
  • Қандай сөздерде «ғ» дыбысы кездеседі?