Миға шабуыл әдісі бойынша адамның бойындағы кездесетін қасиеттер туралы оқушыларға сұрақтар қою

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіру, жәндіктердің мінез-құлқы арқылы адам бойындағы қасиеттерді ажыратуға және оларға баға беруге үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау Топтық жұмыс Құндылықтар

Сабақтың міндеттері

  • Оқушылардың білімі мен біліктілігіне сүйене отырып, ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдыққа бейімдеу.
  • Алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа баулу.
  • Эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

  1. 1 Мысалды меңгере отырып, негізгі ойды түсінеді.
  2. 2 Жәндіктердің мінез-құлқы арқылы адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажырата алады.
  3. 3 Мысалдағы іс-әрекеттерге баға беріп, қорытынды жасай алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Автор орындығы» «Миға шабуыл» «Топпен ойлан, бөліс» «Ойлаудың алты қалпағы» Венн диаграммасы

Сабақ барысы

Төмендегі құрылым сабақ кезеңдерін мақсатты түрде ұйымдастыруға көмектеседі: өткенді еске түсіру, жаңа білімді ашу, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.

Білу

10 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушыларды топтарға бөледі.
  • Үй тапсырмасын сұрайды: «Күзгі орманның көріністері» мәтіні.
  • Мәтінге сүйеніп, күзгі орманды және жануарларды сипаттауға тапсырма береді.
  • «Миға шабуыл» арқылы адам бойындағы қасиеттер туралы сұрақтар қояды.
  • Тақтадағы стикерлер арқылы оқушыларға өз мінез-құлқын тануға мүмкіндік береді.

Оқушының іс-әрекеті

  • Стикер түсіне қарай 5 топқа бөлінеді.
  • 1-топ — күзгі орманды; 2-топ — тиінді; 3-топ — борсықты; 4-топ — қоянды сипаттайды.
  • 5-топ әңгімені әрі қарай жалғастырады.
  • Әр топ постер дайындап, қорғайды.

Түсіну

10 минут

Жұмбақтар

Екі басты жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

Жауабы: құмырсқа

Ат басты, арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі, бөкен санды,

Қос қанатты, құмырсқа ізді,

Бота тірсекті.

Жауабы: шегіртке

Жаңа білімді ашу

  • Авторлар туралы мәлімет беріледі: Абай Құнанбаев және И. А. Крылов.
  • «Союзмультфильм» түсірген «Құмырсқа мен шегіртке» мультфильмі көрсетіледі.
  • «Мысал деген не?» сұрағы арқылы ұғым нақтылап алынады.
  • «Топпен ойлан, бөліс» әдісімен мультфильм талқыланады.

Қолдану

5 минут

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Допты алып қолыма,

Қойдым оның жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.

Оқулықпен жұмыс

  • Мысалды іштей оқиды.
  • Дауыстап, мәнерлеп оқиды.
  • Рөлге бөліп оқиды.

Талдау

5 минут

Жеке жұмыс: Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы шегіртке мен құмырсқаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, кейіпкерлерді сипаттайды.

Шегіртке

Қасиеттері мен әрекеттерін атайды.

Ортақ

Екеуіне ортақ тұстарын жазады.

Құмырсқа

Еңбекқорлыққа қатысты дәлел келтіреді.

Жинақтау

10 минут

Де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы әр топ өз рөлін атқарып, мысалдың идеясын жан-жақты қарастырады.

Ақ қалпақ

Мысалдағы негізгі ойды айтады.

Сары қалпақ

Кейіпкерлердің жағымды жақтарын зерделейді.

Қара қалпақ

Жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетін талдайды.

Қызыл қалпақ

Екі кейіпкердің ішкі сезімдерін сипаттайды.

Жасыл қалпақ

Шегірткені жаңа бастамаға жетелеу жолдарын ұсынады.

Көк қалпақ

Бақылаушы және бағалаушы ретінде қорытындылайды.

Бағалау және кері байланыс

3 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бір-бірінің жұмысына екі жағымды пікір және бір ұсыныс айтады.

Өзара және өзін-өзі бағалау

  • Топ басшысы жинаған ұпайларды санап, бағасын шығарады.
  • Стикер арқылы кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы

2 минут
  1. 1 Мысалды мәнерлеп оқу.
  2. 2 Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтелдер жинақтау.

Оқушылар тапсырмаларға байланысты материалды жинақтап, келесі сабаққа дайындайды.